Сайтқа кіру Тіркелу

"Алтын сақа" әдеби ойыны

Тақырыбы: «Алтын сақа» әдеби ойыны
Мақсаты: Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру, оқыған материалдарын ойға жинақтауға үйрету;
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, туған халқымыздың әдет - ғұрпын қадірлей білуге, өз елінің, туған жерінің табиғатын құрметтеуге, қадірлеуге, қорғауға, көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, логикалық тапсырмалар
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер, асықтар, конверттер.
Ойынның мазмұны:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың мақсаты мен оның шартымен таныстыру.
І. Табалдырық.
ІІ. Әудем жер
ІІІ. Қозы көш.
ІV. Беласар.
V. Жолайырық.
ҮІ. Алтын көмбе
Ойынның барысы:
Бүгінгі біздің ойынымыз әдеби олимпиада түрінде болмақ, ол «Алтын сақа» деп аталады. «Алтын сақа» ойыны 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 4 түрлі күймеге мінеді. (Қызыл, сары, көк, жасыл) Өздері жөнінде мәліметтер береді. Күйменің түсіне қарай 4 асық алынады. Бірінші жауап беру үшін асықтары иіріледі. Қай асық алшысынан тұрса, сол бірінші жауап береді.
1. Алшы 2. Тәйке 3. Шік 4. Бүк
Әр күймеде алты асықтан болады. Жауап бере алмаған немесе асығы алшысынан түспеген оқушы ойыннан шығады және асықтары ханталапайға түсіп, бөлініп беріледі.
Алтын көмбеге жалғыз оқушы жетеді. Осы жерден жол екіге айырылады. Оқушы 24 асықты алып, елге қайтуына болады немесе «Алтын көмбені» ойнауына болады. «Алтын көмбенің» сұрағына жауап бере алмаса, үлкен сақаны иіреді, асық алшысынан түспесе де ұпай жинайды.
Табалдырық кезеңінде жалпы қатысушыларға сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берген оқушы «Алтын сақа» ойынын ойнау құқығына ие болып, ортаға шығады.
1 - сұрақ: Ертегі дегеніміз не?
Жауап: ауыз әдебиетінің ең көне жанры. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар.
2 - сұрақ: Ертегінің белгілі бір авторы бола ма?
Жауап: жоқ болмайды, ертегілер халық ауыз әдебиетіне жатады. Ол халық аузынан тараған себепті белгілі авторы жоқ
3 - сұрақ: Ертегілер қалай басталады?
Жауап: Ертегілер көбінесе қарасөз түрінде айтылады. Кейде өлең сөз түрінде кездеседі. Ертегілердің, әдетте, басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты», т. б басталады.
4 - сұрақ: Ертегілердің неше түрі бар?
Жауап: ертегілердің хайуанаттар туралы, қиял - ғажайып, шыншыл, т. б түрлері бар.
5. «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа» ертегілердің қайсы түріне жатады?
қиял – ғажайып ертегілері
6. Наурыз жыры қандай жырға жатады?
Жауабы: Тұрмыс - салт
Табалдырық кезеңінен барлығымыз сүрінбей өттік. Құттықтаймын. Ал енді ІІ. Әудемжер кезеңіне қош келдіңіздер. Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу. Қол көтеріп жауап береміз.
1. Арасынан қыл өтпейтін - Тату, дос
2. ит арқасы қиянда, ит өлген жер - Алыс, қашық –
3. жерге кіріп кете жаздау - Ұялу.
4. қолды болды - Ұрлық
5. қой аузынан шөп алмас - Момын
6. Төбесі көкке жеткендей – қуану
7. Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)
8. Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) –
9. Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді)
10. Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
Осы кезеңде балалар біз асығы аз оқушымен қош айтысамыз.
ІІІ «Қозы көш»
1) Күн мен түн қашан теңеледі? (22 - наурыз күні)
2) Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Бапы хан, Ерназар, перінің қызы Бекторы қай ертегі кейіпкерлері?
3) Қой сүйеді баласын кімім дер? (қоңырым)
4) «Ол көлдің басына қонбасын, иесі – перінің қызы Бекторы» кімнің сөзі және кімге арнап айтылған? Ер Төстікке, Кенжекейдің сөзі
5) Шырағым, шаршадың ғой, деміңді алып, ұйықта, жарысарда өзім оятамын, - деп ұйықтатып тастайды. (Мыстан кемпірдің сөзі, « Ер Төстік»ертегісінен)
6) «Өзімнен ақылы артық кісіге тиемін» деп жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. ( Меңді қыз сөзі, « Аяз би» ертегісінен)
7) Олай болса, жылама. Мен әке - шешеңді іздеп тауып берейін,- деді.( Кендебай сөзі, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен)
8) Апырмай, аузым қайда? ( Тазша бала сөзі, « Қырық өтірік» ертегісінен)
9) Ой, оңбаған - ау, қырасың ғой малды. Күндегідей: «Айрылғырдың суы айрыл!» деп неге айтпайсың?- дейді. ( Ханның кіші қызының сөзі, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен)
10) Тұрмыс салт жырларына қандай жырлар жатады?( бесік жыры, тұсаукесер, жар - жар, тойбастар, беташар, бата - тілек, жоқтау, қоштасу, сыңсу).
(Сұраққа жауап бере алмаған немесе асығы бүк түскен ойыншы ойыннан шығарылады. Әр кезеңде осылай ойыншы азайып отырады.)
IV«Беласар»
Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» — деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» — деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген - ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті. Шибұттың даусын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым - ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық - түбі қорлық)
V «Жолайрық» бұл кезеңде 2 оқушы қалады. Әр түрлі тақырыпта қойылатын логикалық сұрақтар, әзіл түрінде де жауап бере аламыз.
1. 9 қабатты ғимараттың 9 - шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6 - қабатты басып, 6 - шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін? (Бойы қысқа болғаны үшін. (одан жоғарыны басуға қолы жетпегені үшін)
1. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (есіміміз)
2. Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? (суретке тусіп жатырмын деп ойлайды)
3. Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)
4. Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді? (Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады)
5. Құлақ не үшін керек?(көзілдірікті ұстап тұру үшін керек)
6. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? («а» әріпі)
7. Бір пілдің үстінде 100 құмырсқа бар екен. Піл сілкініп қалғанда құмырсқалардың біреуі ғана қалып қалғандары жерге құлап түсіпті. Төмендегі құмырсқалар пілдің үстіндегі құмырсқаға қарап не деп айтқан? (ез оны)
8. Теңіздің ортасында не бар? (ң әріпі)
9. Жеген сайын жылататын нәрсе? (таяқ)
10. Қай сұраққа болымды жауап берілмейді? (ұйықтап жатқанда)
11. Есікті ашу үшін не қажет? (есік жабық болу керек)
12. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
13. Король кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштараздың алдында)
14. Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып)
ҮІ. «Алтын көмбе».
Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
- Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?- депті.
Жиналған халық көп дағдырап:
Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.
Сонда Жәнібек хан:
- Елде келмеген кім қалды?- деп сұрапты.
- Келмеген Қарабас шешен қалды,- депті халық.
Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.
Сонда Қарабас: - Жетім үшеуі емес, бесеу еді ғой! – депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім, - дейді.
Сұраққа жауап берсе, ол жеңімпаз болып табылады. Марапаттау.
Осымен ойынның жеңімпазы мен қатысқан оқушылар марапатталады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тапқырлар тартысы (сайыс сабақ)

Тапқырлар тартысы (сайыс сабақ)

Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу....
Шешен сөздер

Шешен сөздер

Ақылды деп кімді айтамыз! Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: - Ақ сауыт деп нені айтамыз, Арғымақ деп нені айтамыз? ’...
Керқұла атты Кендебай ертегісі

Керқұла атты Кендебай ертегісі

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні қаншалықты меңгергенін байқау. Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру. Өткен тақырыптармен...
«Алтын сақа» ертегісі

«Алтын сақа» ертегісі

Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту....
Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)

Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп бастауыш сыныбының мұғалімі Мырзатаева Жаңыл Абдрахманқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×