Сайтқа кіру Тіркелу

М. Әуезов «Ақын қонақтар»

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Ақын қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың ұлы ақын - жазушылары М. Әуезов пен А. Құнанбаев туралы мәліметтерін толықтыру, олардың ақындық, жазушылық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты берік қалыптастыру.
Дамытушылық: әңгімені ( көркем мәтінді) оқып талдауға, портрет арқылы образды (көркем бейнені) аша білуге үйрету; сөз қорын молайту; рухани танымын кеңейту;
Тәрбиелік: қазақ халқының талантты ақын - жазушыларына, олардың шығармаларына, жалпы әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке, салт - дәстүрлерді қастерлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: оқып беру, сұрақ - жауап, талдау (анализ), жинақтау
(синтез), шығармашылық іздену.
Сабақтың жабдығы: М. Әуезов, А. Құнанбаев портреттері, суреттер, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, бейнелеу өнері, ән - күй
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. М. Әуезов қай жылы, қай жерде туылды?
2. Қандай шығармаларын білесің?
3. «Абай жолы» роман - эпопеясы қанша томнан тұрады?
4. Роман дегеніміз не?
5. Эпопея дегеніміз не?
6. «Абай жолы» туралы айтылған пікірлер
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты қорытындылау
«Даңқы өлмес, даусы сөнбес
Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өзінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой”
Бержерон (француз жазушысы)
“Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – “Манас”, бірі – Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы””
Шыңғыс Айтматов
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы қандай?
Ең танымалысы «Абай жолы» романы.
Камерундық Бенжамен Матип
Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...
Жаңа сабақ
•“Анадан - ниет
•Атадан - тәртіп”
•1) Шығарманың тақырыбы, жанр түрі, кейіпкерлерге мінездеме
•2) Композициялық жоспар
•3) Идея, поэтикалық тілі, әдет - ғұрыптар
Мұхтар Әуезов
“Ақын қонақтар”
Мәтінмен жұмыс
•1. Портрет дегеніміз не?
•1. Абайдың сырт пішіні мен мінез - құлқын суреттейтін жолдарды табу.
•2. Абайдың әжесі көпті көрген,
•Көп білетін, анасы әңгімешіл және жыршы.
•Абайдың ақын қонақтарға ықыласы.
Портрет - көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеу
Бала Абай
Ізденген жетер мұратқа
•1. Абайдың жасы нешеде еді, оның сырт көрінісінде қандай өзгешелік бар еді?
•2. Оның өңі не себепті бозғылт?
•3. Мінезінде өзгеріс бар ма?
•4. Әжесі қандай ертегілер айтып беретін?
•5. Абайдың әжесі қандай адам еді?
•6. Анасының бойында қандай қасиеттер бар еді?
•7. Ауылға келген қандай адамдар еді?
•8. Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?
•9. Абайдың ауруынан айығуына не себеп болды?
•10. Сый берудегі ана мен бала үндестігі.
Ахмет - Риза мешіті
А б а й
Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өз бетінше меңгереді
Әкесі 13 жасынан бастап ел ісіне араластырады
Ұлы ақын, ойшыл, дана, аудармашы, сазгер, қарасөз шебері
1880ж. бастап Абай ақындыққа біржолата бет бұрды
№ Кейіпкерлер сөзінен үзінділер Зере Ұлжан Абай Барлас Байкөкше
1 Е - е, бұлдыр - бұлдыр күн өткен...
2 Ал, балам, әңгіме - жырдың дүкені жаңа келді...
3 Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген...
4 Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы...
5 Шырағым, ер жетерсің...
6 Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым...
Сабақты қорытындылау
• 1. Қандай салт - дәстүрлерді білесіңдер?
• 2. Абайдың шығармаларын білесің бе?
• 3. Абай мен Мұқағалида үндестік бар ма?
• 4. Абай нәр алған арналар?
Ақын нәр алған арналар
1. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан айтқан ертегілері мен
қисса жырлар
2. Құнанбай салдырған мектепте бастауыш білім алады
3. Ахмет - Риза медресесі
4. “Приходская школа”
5. Өз бетінше Шығыстың классик ақындарының
шығармалары
Абайдан қандай өнеге алдық?
АБАЙ ЖОЛЫ - ӨМІР ЖОЛЫ.
«Атаның ұлы болмай, адамның ұлы бол!»
Абай
Үй тапсырмасы:
1.“Ақын қонақтар” әңгімесіндегі
Барлас пен Байкөкшеге мінездеме жазу.
2.“Абай – дана, Абай – дара қазақта” шығарма жазу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)

Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)

Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...
Бала Абай

Бала Абай

Есиркепова Риммa Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...
Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов "Бала Абай"

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Тақырыбы: Мұхтар...
Бала Абай мен Барлас ақын

Бала Абай мен Барлас ақын

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×