Сайтқа кіру Тіркелу

Есік алтын адамы

Сабақтың тақырыбы: Есік алтын адамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді түсіне оқи отырып, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру. Мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра айтуға жаттықтыру. Сұрақтарға еркін жауап беріп, тарих пәнінен алған білімдерін мәтінмен салыстыру. Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту, тақырыпты деңгейлік тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ – жауап, аудару,
оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, компьютер, интерактивті тақта, буклет
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Кезекшінің сөзі.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
III. Үй тапсырмасын тексеру 135 – бет, 1). Мәтіннен қос сөздерді теріп жазу,
олардың жасалу жолын түсіндіру.
2). Ат әбзелдерінін атауларын білу. ( буклеттегі суреттерді тауып көрсетеді )
IV. Жаңа сабақ.
«Ой шақыру»
Мұғалім: Жұмбақ шешіп көрейік...
Бұл адам жай адам емес, өзі бір ерекше адам болған. Ол бүкіл әлемге танымал
және бүкіл дүние жүзінде жалғыз – ақ. Ол адам б. з. д. V – IV ғасырларда өмір сүрген,
бай отбасынан шыққан. Байлығы сонща асып - тасыған, тіпті бас киімі мен аяқ киімін
де алтыннан тіккізген...
Балалр, бұл адам кім?
- Әрине, бұл - «Алтын адам».
Тарих пәнінен «Алтын адам» туралы не оқыдыңдар, не білесіңдер, есімізге түсірейік.
Оқушылар өткендерін айтады.
V. Мәтінмен жұмыс. Сынпты топқа бөлу.
1. Мәтінді кезекпен оқу.
2. Қиын сөздерді теріп жазамыз INZERT стратегиясы бойынша орындау.
( Түртіп алу)
«хайуанат нақышында»- в зверином стиле
шошақ төбелі – остроконечный
әшекейленген – разукрашенный
көсем – вождь
өркениет – цивилизация
қалыптасу – зарождаться, утверждаться
жәдігер – экспонат, реликвия
VI. Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі.
1 – слайд: Есік қорғаны
2 - слайд: Алтын адамды сипаттау (1 - топ)
3 - слайд: Кемел Ақышев туралы айту (2 - топ)
4 - слайд: Алтын адамның киіміндегі әшекей бұйымдарды
суреттеу (3 - топ)
VII. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
I топтың тапсырмасы:
I – деңгей.
2 - ші ( Атырау) «Алтын адамы» туралы әңгімелеу. (Қайдан табылды, кім тапты,
қай тайпаға жатады, т. б.)
II – деңгей.
Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрін анықтаңдар.
III – деңгей.
Сөйлемдерге мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып жазыңдар:
1. Алтын адамды 1969 - 1970 жылдары...
2. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық...
3. Бас киімінің ұзындығы...
4. Алтын адам - Қазақстанның...
5. Оның тұлғасы Алматы қаласының...
II топтың тапсырмасы:
I – деңгей.
«Сен қалай ойлайсың?» Қиял – ғажайып әңгіме құру.
Тірек сұрақтар:
1. Алтын адам қандай жауынгер болды?
2. Ол не үшін күресті?
3. Қалай қаза тапты?
4. Ол халқының мақтанышы бола алды ма?
5. Оны неге мұражайға қойды?
II – дегей
Сөздерді бағдарсызықпен дұрыс сәйкестендіріңдер.
дөңгелек адам
алтын сақ
әшекей заман
ерте бұйымдар
тайпасы алқа
III - деңгей
Мәтіннен жануарлар аттарын теріп жазып, септеу
(барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат)
VIII. Венн диаграммасын толтыру
Екі Алтын адамды салыстыру.
Айырмашылығы: Бірінші «Алтын адам» Екінші «Алтын адам»
Кемел Ақышев тапты Зейнолла Самашев тапты
Б. з. д. V – IV ғасыр Б. з. д. III ғасыр
1970 ж. табылды 2000 ж. табылды
Сақ тайпасан болған Сармат тайпасынан
Ұқсастығы:
Екеуі де жауынгер
Ежелгі заманда өмір сүрген
тарихи ғажайыптар
Екеуін де археологтар
IX. Үйге тапсырма беру:
«Менің қаламдағы мұражай» тақырыбына әңгімелеу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Есік алтын адамы, тарих
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×