Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

С.Торайғыров. Қамар сұлу

С. Торайғыров «Қамар сұлу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын қорытындылау, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білім деңгейлерін бағалау.
Тәрбиелігі: жазушының қаламынан туған «Қамар сұлу» шығармасы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу; автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; әйел адамды сыйлауға баулу;
Дамытушылығы: әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу; тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: С. Торайғыровтың портреті, шығармалар жинағы, «Қамар сұлу» романы
Сабақтың әдісі: Конструкциялау технологиясы, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, анализ – синтез, Венн диаграммасы арқылы образдар талдату:
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ: (Мұғалімнің кіріспе сөзі) міне, бүгінС. торайғыровтың «Қамар сұлу» романын қорытындылаймыз. Бүгінгі сабақта берілген тапсырмалар арқылы «Қамар сұлу» романы бойынша емес, осы тақырыптағы М. дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің «Қалың мал» романдарының кейіпкерлеріне де тоқтала кетеміз.
Шығармашылық
Жанашырлар тобы
Эвристикалық
Зерттеушілер тобы
Алгоритмдік
Сарапшылар тобы
Оқушы деңгейі
Сөз зергерлері
1 Оқушы деңгейі: Сөз зергерлер.
1. «Қамар сұлу» романы қашан, қай кезде жазылды?
2. Романның мазмұнын баяндау.
3. Романдағы Қамар бейнесі
4. Ахметке мінездеме беру
5. Омарды қандай әке деуге болады?
6. Жорға Нұрым, Оспан би, Қалтан қажы портреттерін жасау
2 Алгоритмдік деңгей: Сарапшылар тобы.
1. «Қамар сұлу» романының негізгі идеялық мазмұнын шешу
2. Романның көркемдік ерекшеліктері.
3. Романның мазмұнына Б. Блум жүйесі бойынша анализ – синтез жасау.
Анализ:
1. Ғашықтар әні
а) Қамардың бейнесі
ә) Ахметтің Қамарға ғашық болуы
2. Теңсіздіктің зардабы:
а) Ахметтің кетуі
ә) Қамарды Жорға Нұрымға атастыру
б) Омар мен Қасеннің қарсылығы
в) Қалтан қажы мен Оспан бидің әрекеттері
г) Қамардың сырқаты
д) Надан молданың кесірі
е) Соңғы кездесу
ж) Ахметтің кегі
з) Жастардың ажалы
Синтез: Мәтіннің бөлімдерін топтастыру.
3 Эвристикалық деңгей: Зерттеушілер тобы.
Өткен тақырыптас шығармалардың басты кейіпкерлерін (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал», С. Көбеев «Қалың мал», С. Торайғыров «Қамар сұлу» ) Венн диаграммасы арқылы салыстыру:
Жамал
Бұл топтың мүшелері тақтаға диаграмманы құрған соң, сыныпқа заманның әлеуметтік, оның ішінде әйелдің (қандай да болсын мейлі бай, мейлі кедей отбасынан) теңсіздігі сол кездегі ақын жазушыларының басты тақырыбы болғандығын түйіндеп айта кетеді.
4. Шығармашылық деңгей: Жанашырлар тобы.
Бір оқушы «Қамар сұлу» атты өлеңін оқыды, келесі бір оқушы С. Торайғыровтың портретін және қиялынан туындаған Қамардың бейнесін суреттеді. Үшінші оқушы Қамардың өзге кейіпкерлермен қарым – қатынасын диаграммаға салып көрсетті.
5. Сабақтың қорытындысы.
6. Үй тапсырмасы
7. Бағалау: Мұғалім топ басшыларынан «бағалау парағын» жинап алып, белсенді қатысқан оқушыға баға қояды.
Ғайша Қамар
Омар, Ахмет Жорға Нұрым
Оспан би, Қалтан қажы
Шешесі
Молда
Өзге халық
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету