Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамытудың жолдары

Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамытудың жолдары

Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.
Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,»- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

«Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет’’.
Оқушының дарындылығының даму, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Ұстаздың алдында қолын созған, өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді зерттеу ғана емес, сондай - ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.

Көбінесе « дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көз қарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру, кесте толтыру, бақылау жұмыстарын әр тақырып бойынша өткізу, тест дайындығын үйрету. Өзін - өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін - өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін - өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек.

Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табылуы мүмкін емес. Биология пәні сабақтарының ерекшелігі - оқушылардың үнемі қарым - қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез - келген іс - әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Сабақтың өзіне тән ерекшелігі - сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: талдау сабақтары, сайыс сабақтары, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары, топ серуен сабақтары т. б. Биология пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс - жүзінде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.
Халқымыз табиғат аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөлген. Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді де өзінің туып - өскен табиғатымен сабақтастырып жазады.
Мысалы, халық арасында жаны жаздай, көңілі көлдей, пейілі кең даладай деген сөз тіркестерін жиі кездестіруге болады.

«Шығармашылық жұмыс» - биология пәнінің ең маңызды бөлігі дегеніміз дұрыс болар, балалар үнемі шығармашылық жұмыста болады., мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, кеппе шөптер жасау, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.
«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла салмайды. Керісінше олар әрқашан даму үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігімен не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», деген екен. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Қазіргі тез өзгеріп отырған әлемде білім беру саласындағы мектептің мақсат пен міндеттері заманға сай өзгеріп, түзетулерге жие ұшырауда....
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...
Білім берудің жаңарту жолдары

Білім берудің жаңарту жолдары

Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалауың басты мәселесі білім мазмұны...
Оқушылардың шығармашылығын арттыру

Оқушылардың шығармашылығын арттыру

Павлодар облысы Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×