Сайтқа кіру Тіркелу

Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
Сабақтың мақсаты: Ыбырай әңгімелерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашады.
Міндеті:1.Мазмұнға байланысты міндет: әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып,әңгімелерді тақырыптарына қарай топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;
3.Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: «бір айналым сөйлесу», «үш жақты күнделік»,
«топтастыру», «еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба - кесте.
Бағалау: ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттерімен

Сабақтың құрылымы:
I. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды III топқа бөлу.
«Ой ашар»: - Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Ы. Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі.
- Өздеріңіздің білетіндеріңізді қағаз бетіне түсіре қойыңыздар.
(Оқушылар білетіндерін топтасып жазады, әр топтан бір оқушы қорғайды)

II. Мағынаны тану
- Балалар бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен» танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.

- Ыбырай шығармаларының тақырыптарын анықтау үшін қазір сіздерге суреттер таратамын. Сол суреттер қандай тақырыптарға арнап салынған, соны топ болып қорғайсыздар.
(III топқа оқу-білім, өнер, адамгершілік тақырыптарына байланысты суреттер беріледі, оқушылардан сұралады)
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
Еңбекке баулитын шығармалар
Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар
Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
(кесте арқылы түсіндіріледі)

- Балалар, қазір Ыбырай әңгімелерін тақырыптарына қарай топтаймыз.
I топ Еңбекке баулитын шығармалар;
II топ Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар;
III топ Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар.
(Оқушыларға 7 минут уақыт беріледі)
Оқушылардың ойлары тыңдалады, кесте арқылы толықтырылады.
- Балалар, бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары берілген мәтін мазмұндары бойынша кесте толтырамыз. Алдымен мәтін мазмұнымен танысыңыздар.

«Үш жақты күнделік» стратегиясы
Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді.
Түсініктеме беру.
Лайықты мақал
(топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)

III. Ой толғаныс
- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Ыбырай әңгімелері туралы білетіндерімізді бір-бір сөйлеммен қорытындылайықшы.
«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. (Оқушылар жалғастырады)
Оқушылар бағаланады
IV. Үйге тапсырма беру:
1. Ыбырай әңгімелерінің мазмұнын оқу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу;
2. Өздеріңізге ұнаған бір әңгіменің мазмұны бойынша сурет салу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ыбырай, әңгімелері, сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×