Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сан есім және оның сұрақтарымен таныстыру. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір - бірінен ажырата отырып сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындау үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мейрімділікке, халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегі суреттері, таблица, карточкалар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушы назарын сабаққа аудару.
Ә) Біздің ұранымыз.
Ұлт тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені. Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушыларымыздың тілі - туған тіліміз - Қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
« Сын есім».
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Онның жартысы
2. 6 ондық
3. жоқ сан
4. Қасиетті сан
5. 100 - ден оны кем сан
6. Бірліктің ең кішісі
7. Төрт орынды сан
Сонымен бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Сан есім
Жаңа өздерің айтып өткен осы 7 қасиетті санына байланысты 7 лақ ертегісі бойынша өтеміз.
IV. Ой қозғау.
№1 - лақ
А) 7 саны туралы не білесің?
- 7 лақ, 7қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 жұп т. б
Б) Әр топқа 7 киелі санға тоқтаймыз.
1 - топ
1) Әке
2) Бала
3) Немере
4) Шөбере
5) Шөпшек
6) Немене
7) Туажат
2 - топ
1) Құрғақшылық
2) Жұт
3) Өрт
4) Оба
5) Соғыс
6) Топан су
7) Зіл зала
3 топ
1) Ер жігіт
2) Сұлу әйел
3) Ақыл, білім
4) Жүйрік ат
5) Берен мылтық
6) Құлмай тазы
7) Қыран бүркіт
7 ата 7 жұт 7 қазына
1. Біздің сыныпта............................. оқушы бар.
2. Біз ұшінші сыныпта оқимыз.
3. Мен сабақтан...................... алдым.
№2 - лақ сұраққа жауап.
Балалар осы көп нүктенің орнына қойған сөздерге ( сұрақ қойыңдар ) қандай сұрақ қойылады.
Қанша? Неше? Нешінші?
Олай болса бұл сөздер қай сөз табына жатады?
Сан есім
Біз « сан есімді» қатыстыру арқылы не білдік?
Заттың санын, орналасу ретін білдік.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім
Есептік
Реттік
№3 - лақ
А) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс С с Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс
Ә) Оқулықпен жұмыс
403 - жаттығу ( ауызша орындау )
1 топқа 404 - жаттығу
2 топқа 406 - жаттығу
3топқа 4 - жаттығу
№4 лақ
Сөздік диктант ( сан есімді табу )
Төрт аяқтап жүрсе де,
Тіршілікте бір озбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Кәжекейі тозбаған. ( тасбақа )
№5 - лақ 405 - жаттығу
Сергіту сәті.
№6 - лақ. Ойын « өз орнын тап».
Орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құра.
1 - топ Мұрат бес алды әдемі қалам
2 - топ Асанның лағы сүйкімді екі бар
3 - топ Болат оқиды сыныпта екінші
№7 - лақ. Қорыту.
Бүгін сабақта не білдіңдер?
Сан есім
Есептік Қанща? неше? нешеу?
Реттік Нешінші?
Қосымша сұрақ қою.
Қасқыр: Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Мен сіздерге рахмет айта айта отырып лақтарды өздеріңе қалдырамын.
Мұғалім:
1. 7 лақты аман сау анасына қостық.
2. Ән: «Ертегілер».
3. Бүгінгі сабақ ұнады ма, балалар?
Үйге тапсырма: Ереже жаттау.
Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×