Сайтқа кіру Тіркелу

Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»

Жаңа түсінік қалыптастыру сабағы
I Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»

II Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Бейімбет Майлиннің өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру. Әңгіменің мазмұнын тарихпен байланыстыра жеңіл түрде түсіндіру.
Тәрбиелік – 1930 - жылдардағы Қазақстандағы тарихи өзгерістерге баға беру арқылы адамдардың алакөздігін, бірін - бірі күндеу, көре алмаушылық қасиеттерін әшкерелеу.
Дамытушылық – Қазақстан тарихымен байланыстыру арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

III Сабақтың түрі: жаңа түсінік қалыптастыру сабағы.
IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары, эвристикалық, талдау.
Y Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту бөлімі.

- Бейімбет Майлин кім? Ол туралы не білеміз?

Ақын
Жазушы
Көркемсөз шебері
Прозашы
Драматург

Мағынаны тану бөлімі.
Тірек сөздер мен сандар: 1894, 1938, Қостанай облысы, Таран ауданы, Троицк қаласы, «Уазифа» медресесі, Уфа қаласы, «Ғалия» медресесі, Қостанай, Айқап журналы, Арғынбай қажы медресесі, орыс және башқұрт әдебиеті.

Интервью(жаңа дерек)
Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан, кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жыл, 1913 жылы Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, Қостанайдағы орысша - қазақша мектепте, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Б. Майлиннің ақындық қызметі 1912 жылы жазылған «Мұсылмандық белгісінен» басталады. «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде Уфада шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялаған. Әдебиет жолына түсуіне әжесі Бойдас ықпал еткен. Өлеңдері «Айқап» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған. 1916 - 1921 жылдары ауылда ұстаздық еткен. Одан кейін Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетінде, Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газетінде жұмыс істеген, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болған. Көркем әңгімелер, поэмалар, романдар жазған. 1937 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылғы 25 - ақпанда атылған.

Түсініктеме күнделігі
Қазақ әдебиетінде әңгіме жанрын дамытып, жаңа қырынан көтерген жазушылардың алдыңғы легі Б. Майлиннен басталады.
Б. Майлин әңгімелерінің тақырыбы – ауыл өмірі. ХХ ғасырдың бас кезіндегі аласапыран заманды (маусым жарлығы, патшаның құлап, кеңестің орнауы, ақ пен қызыл соғысы, байларды тәркілеу, колхоздастыру, ұжымдастыру т. б.) қазақтың қабылдауы, түсінуі, халыққа жат әдет - ғұрыпты күшпен таңуы, оның нәтижесі жазушының әңгімелерінде нақты суреттелген. Әңгімелерінде ауыл кедейінің жаңа заманға бейімі, төселуі, қабылдауы, қазақ даласындағы өзгерістің түрлі қыры айтылады. Жазушының әңгімелерін тұтастай жинақтаса, сол кезеңдегі қазақ кедейінің жан - жақты бейнесі ашылады. Қоғамдық өзгерістер тудырған қайшылықтар түрлі кейіпкер іс - әрекетінен көрінгенімен, барлығында тақырыптық, идеялық сабақтастық бар.

* Әңгіме мазмұнын электронды оқулықтан тыңдату. 6 - сынып. «Әдебиет» («Атамұра» баспасы, 2006) оқулығы негізінде дайындалған жалпы білім беретін мектептің 6 - сыныбына арналған электронды оқулық.
* Тыңдатып болғаннан кейін оқиға желісі бойынша тарихи кезеңге сипаттама беріп, түсініксіз тұстарын қысқаша әңгімелеу.
* Оқулықпен жұмыс. 98 - 99 беттердегі Дайрабайдың сөзін оқушыларға бөліп оқыту. - Уа, жолдас, мен өзім кедеймін,... деген жерден
- Енді не қылмақ керек?... деген жерге дейін.
* Түсіндірме сөздікпен жұмыс.

Мәтінде кездесетін кірме сөздер:
Колхоз – кеңестік шаруашылық.
Бөкебай – пуховый (шарф, пуховая шаль).
Артель – артель (ұйым, ұжым).
Устав – жарғы.
Коммуна – коммуна (ортаққа салу).
Кәлауния – колония.
Комунес – коммунист (тарихи сөз).
Заготопка – заготовка (дайындау).
Кәнтрак – контракт (келісімге отыру).
Срошный – срочно (жедел, шұғыл).
Партия комитеті, комсомол – тарихи сөздер.

Толғаныс бөлімі.
1. Авторы – Бейімбет Майлин.
2. Тақырыбы – елдегі ұжымдастыру науқаны. Өмір шындығы.
3. Әдеби жанр түрі: шағын көлемді эпикалық түр - әңгіме.
4. Шығарманың негізгі идеясы – ұжымдастыру сияқты тарихи кезеңдегі заман, қоғам өзгерісін түсінбеген ауыл адамдарының науқаншылдығы, екіге жарылуы, елдегі күндестік, ескі психологиялық тартыс, шиеленіс, әйел теңдігі.
5. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

Жағымды:
Дайрабай – белсенді батырақ, коммунист
Күлзайра – басқарма бастығы
Ырысты – мәжіліс төрағасы
Әбіш – мәжіліс хатшысы
Өкіл адам
Айсары
Сәдуақас

Жағымсыз:
Жасыбай, Сейіт – жалған белсенді, Есмұқамбет, Күсебай – айдап салушы.

Үйге тапсырма:
1) Дайрабайға мінездеме беру.
2) 106 - беттегі сұрақтар мен тапсырмалар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×