Сайтқа кіру Тіркелу

Құмырсқаның қанағаты

Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.
Мақсаты:
Білімдік: ертегіні оқи отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, рөлге бөліп оқу.
Дамытушылық: Оқушының қиялын дамыту, өз бетінше мазмұнын айтуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Халқымыздың салт - дәстүрін жалғастырып, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, ойын, топтастыру
Көрнекілігі: Слайд, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үй жұмысын тексеру.
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) «Атқа міну»ойыны Әр аттың артына сұрақтар жасырылған. Атқа отыру үшін сол сұрақтарға жауап береміз.
1 - сұрақ. «Тоқымқағар» дегеніміз не?
2 - сұрақ. Өлеңнің авторы кім? Тағы қандай өлеңдерін білесің?
3 - сұрақ. «Енші» деген не? Қандай салт - дәстүрлерімізді білесің?
Әр қатардың оқушылары бір - бір атқа мінеді. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біз бүгін «Бәйге» жарысын ұйымдастырамыз.
Жаңа сабақ.
Бәйге туралы түсінік беру.
Біздің қазақ елі салт - дәстүрлерді өте құрметтеген халық. Бәйге ата - бабамыздан келе жатқан дәстүрлі жарыс. Бәйге жарысы үлкен тойларда ұйымдастырылатын болған. Бәйгеден озған тұлпар - үлкен сыйға ие болатын болған. Сендерге де осы жарыста үлкен табыс тілеймін!
1 - айналым. «Мақал - сөздің мәйегі»
1 - тапсырма: Мақалды тап.
Дәмді тағам
Жылы сөз қарын тойғызар
Қанағат
2 - тапсырма.
Еңбекпенен
Батаменен жер көгереді
Жаңбырменен ел көгереді
3 - тапсырма.
Ашу – дұшпан, білім
Еңбек
Ақыл дос

2 - айналым «Ой - өріс»
Қанағат сөзін топтастыру. Әр топ алдына плакат беріледі. Берілген уақыт ішінде кім көп сөз жазады?
Оқулықпен жұмыс.
А) Мәтінді үш топқа бөліп оқыту
ә) Өзара сұрақ қою.
- Оқымысты қандай еді?
- Ғұлама қандай көріністің куәсі болды?
- Құмырсқаның қандай қасиетін білесіңдер?
- Ақылды, қайратты, мықты.
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады.
Допты көріп қуанып,
Тау екен деп қалады.
Дәптермен жұмыс
Осы мәтінге сәйкес келетін мақалды жазыңдар.
3 - айналым. «Өнерлі - өрге жүзер»
І - топ. Құмырсқаның суретін салу.
ІІ - топ. Өлең шығару
ІІІ - топ. Эссе жау «Егер мен құмырсқа болсам...»
Сабақты қорытындылау.
- Біздің аттарымыз шаршады. Бүл бәйгеде өзіміздің білімдерімізді көрсете білдік. Мен сендерге құмырсқа туралы қызықты мәліметтер әкелдім. Қане отырып тыңдайық.
Үйге тапсырма: Эссе «Мен көңіліме не түйдім?» Рөлге бөліп оқу. Мазмұнын айту.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Досыңа серік бол

Досыңа серік бол

Сөздік қорын молайту, дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре іс - əрекет жасай білуге баулу...
Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)

Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна...
Шегіртке мен құмырсқа

Шегіртке мен құмырсқа

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы...
Шегіртке мен құмырсқа

Шегіртке мен құмырсқа

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Қалия Ғинаятқызы...
Құмырсқаның қанағаты

Құмырсқаның қанағаты

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебі 3сынып мұғалімі, бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×