Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл мезгілдері

Лексикалық тақырып: Жыл мезгілдері. 4 - сынып.
Грамматикалық тақырып: Жай сөйлем.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан - жақты білім беру. Жай сөйлемнің жасалу жолдарын білу.
Дамытушылық: «Жыл мезгілдері» тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр жыл мезгілінің өзіндік қадір - қасиеті барын, пайдасын, ерекшелігінің айтып түсіндіру.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар, тірек - сызбалар.
Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім сызбаны қолдана отырып, жай сөйлемдердің түрлерін айтып түсіндіреді.

Күн жылынды. Қайдан келесіңдер? Қандай тамаша!

Жай сөйлемдер айтылу мақсатында, дауыс ырғағына қарай: Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады. (.)
Сұраулы сөйлем соңына (?) қойылады.
Лепті сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады.
Сөздікпен жұмыс.
күн – солнце жел – ветер
жаңбыр – дождь бұлт – облако, туча
қар жауады – снег пойдет күн бұлтты - пасмурно

Мұғалім оқып таныстырады, оқушылар сөздерді қайталайды, содан соң кезекпен оқиды.
Топтық жұмыс.
Сөздіктегі сөздермен ауызша жай сөйлемдерге мысал құрату, сөйлемдерін дәптерге жазу.
I топ II топ III топ
Күн жылынды. Қар жауды ма? Күн қандай тамаша!
Жел болды. Күн бұлтты ма? Желден сақтан!
V. Лексикалық тақырып.
Сызбаны пайдаланып, жыл мезгілдерін түсіндіреді.

VI. Сергіту сәті:
VII. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Жазылым. Оқылым.
1. Күн жаңбыр, қар жауады, жел, бұлт, күн бұлтты.
2. Ағаш, шөп, гүл, күн, өзен, бұлт, қар.
3. Көктем. Жаз. Күз. Қыс.

1. Жасыл шөп.
2. Ыстық күн.
3. Көк бұлт.
4. Ақ қар.

2. Маусымдар.
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптан өсірсе,
Күз жинайды, тереді. (Қ. Баянбаев)

3. Мен мектепке келдім.
Мен сабақ оқыдым.
Сен мектепке келдің бе?
Сен сабақ оқыдың ба?
Сен мектепке кел!
Сен сабақ оқы!
1, 2 – хабарлы сөйлем.
3, 4 – сұраулы сөйлем.
5, 6 – лепті сөйлем.

1. Көктемде күн жылынады.
Жазда күн ыстық болады.
Күзде ағаштар сарғаяды.
Қыста қар жауады.
2. Өлеңді оқу, жаттау.
3. Бір жылда төрт мезгіл бар.
Көктем, жаз, күз, қыс. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қыс айлары; желтоқсан, қаңтар, ақпан.

VIII. Бекіту.
Сұрақтар: 1. Жай сөйлемнің түрлерін ата. Оларға мысал келтір.
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
3. Жыл мезгілдерін ата.

IX. Үйге тапсырма.
1. Сөздікті жаттау.
2. Ережені жаттау, мысал жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×