Сайтқа кіру Тіркелу

Менің сүйікті спортшым

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Танымдарын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке жұптық жұмыс, сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Спорт түрлері: футбол, бокс, күрес, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жеңіл атлетика (тірек – сызба бойынша)

2. Сұрақтарға жауап беру:
1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
4) 2010 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
7) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подопедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Шиншалло).

8) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларды білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков).
III. Жаңа сабақ өту.
Мұғалімнің сөзі.
- Балалар спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек. Спорт денені шынықтырады. Сендер біраз спортшыларды атадыңдар. Бүгін біз Қазақстанның белгілі спортшымен танысамыз.
1) Жаңа сөздермен танысу.
Дүниеге келген – родился
Тұңғыш олимпиада чемпионы – первый олимпийский чемпион.
Грек – рим күресі – греко - римская борьба.
Жеңімпаз – победитель.
Жеңіп алған – победил.
Белгілі – известный.
Сөздерді дұрыс оқу, мағынасын түсіну, қайталау, еске сақтау.
2) Сөз тіркестер мен сөйлем құрастыру.
Мысалы: Алтын медалін жеңіп алған грек – рим күресінің спортшысы.

3. Мәтінмен жұмыс. (Оқу, аудару)
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің жеңімпазы. Белгілі спортшы 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының және әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.

Мәтінді түсініп оқу. Жазбаша жұмыс.
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Жақсылық Үшкемпіров кім?
3. Ол туралы не білдіңдер?
4. Ол не жеңіп алған?
5. Саған спорттың қай түрі ұнайды?
Спортшылар жайлы слайдтар көру.

Грамматиканы қайталау.
Септіктерді еске түсіреміз
Күрес – септеу
Доп – тәуелдеу
IV. «Қазақстан спортшылары» тақырыбына диалог құрастыру.
V. Сергіту сәті.
VI. Слайдтар көру.
VII. Бекіту.
VIII. Баға қою.
IX. Үйге тапсырма: мәтіннің мазмұнын жаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Есімдік, Есімдік түрлерін пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын...
Қазақстанның белгілі спортшылары

Қазақстанның белгілі спортшылары

Реттік сан есім тақырыбы бойынша оқушының білімін қолдану; Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру; Спорт тақырыбы туралы мәліметтерді...
Спорт шеберлері

Спорт шеберлері

1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт шеберлері» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды...
Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс

Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы “Бейнеу лицейі”ММ. I -санатты дене шынықтыру мұғалімі Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы...
XXI ғасыр көшбасшысы (тәрбие сағаты)

XXI ғасыр көшбасшысы (тәрбие сағаты)

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ - ның информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×