Сайтқа кіру Тіркелу

Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу - құралдарын түгендеу.

Сынып үш топқа бөлінеді.
І топ «Сұңқар» ІІ топ «Қыран» ІІІ топ «Бүркіт»
Үй тапсырмасын сұрау:
Алдымен өткен сабақты есімізге түсіріп, Ы. Алтынсаринды кім деген сұраққа жауап берейік. Топтастыру.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Жаттап келген өлеңдеріңді мәнерлеп оқып және топ болып түсіндіріп беріңдер.

Жаңа сабақ. Ы. Алтынсаринның өлеңдері мен әңгімелері.

Топтастыруды әрі қарай жалғастыру.
І топ – атқарған қызметтері
ІІ топ - өлеңдері
ІІІ топ - әңгімелері

2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
Жылдар Маңызды оқиғалар
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс - қазақ мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1879 - 1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) мектептер ашылады.
1883 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Ы. Алтынсарин – оқулық авторы.
1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И. Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең - жырларынан үзінді.
В/ қазақтың мақал – мәтелдері.

Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.

Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру

Ыбырай сөзі Қандай қасиеттерді айқындайды?
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен
Телмірме еш адамға мұңдықпенен
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей - ақ табылар.
Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре - тұғын.

Өлең шумақтарын әдеби талдау жасау. Шумақ, бунақ, буын.
І топ. – «Өзен»
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
ІІ топ - «Өнер, білім бар жұрттар»
Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.

ІІІ топ. «Кім сендерді балалар сүйетұғын.»
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре - тұғын.

Қорытынды шығару.
Ы. Алтынсарин өлеңдерінің ерекшелігі?
Ы. Алтынсаринды «Әңгіме шебері» деп өздерің жаңа айттыңдар. Ендеше қандай әңгімелері бар екенін еске түсірейік.
«Әке мен бала» әңгімесін талдау. Әңгімені магнитофоннан тыңдау.

1. Сұраққа жауап.
І топ - Әңгіме неге әке мен бала деп аталған? Негізгі тақырыбы не? Ойларыңды дәлелдеңдер
ІІ топ - Әңгімедегі бала қандай? Ойларыңды дәлелдеңдер
ІІІ топ - Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер. Ойларыңды дәлелдеңдер.
І топ – Еңбек туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.
ІІ топ – Балаға қандай кеңес берер едіңдер.
ІІІ топ – Ы. Алтынсаринның осы әңгімеге ұқсас қандай әңгімесін білесіңдер?

Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.
1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
«Оренбурский листок» газетінен
2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің атасы» деп атаған?
3. Ыбырай атама хат.

Қосымша дерек.
Қазақ әдебиетінде педагог - жазушының көркем бейнесі жасалуда.
Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков " Дала қоңырауы" поэмасын, М. Ақынжанов " Ы. Алтынсарин " пьесасын, Жайсаңбек Молдағалиев "Алғашқы ұстаз" романы жазды, Кинофильм түсірілген. Қостанайда ескерткіші бар т. б.

Үй тапсырмасы: Ы. Алтынсарин әңгімелерін талдау.
І топ «Асыл шөп»
ІІ топ «Дүние қалай етсең табылады?»
ІІІ топ «Бай баласы мен жарлы баласы»
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шешенің балаларын сүюі

Шешенің балаларын сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын? - Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын....
Ы. Алтынсарин

Ы. Алтынсарин

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ы. Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі туралы білімдерін тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы»...
Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин

Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, «Арқалық түзеу мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна...
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...
Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф

Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф

Қарағанды облысы шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Камалова Толқын Нұрмұхамедқызы Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×