Сайтқа кіру Тіркелу

Кең байтақ Қазақстаным

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы

Сабақтың тақырыбы: Кең байтақ Қазақстаным
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларды пікір айта білуге қосымша материалдардан ізденуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.
2. Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың сайлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Түрі: Кіріккен сабақ
әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, талдау, пікір алысу
Көрнекілігі: электрондық оқулық, карта
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ. «Кең байтақ Қазақстаным» Грамматикасы Анықтауыш

І. Қызығушылығын ояту.
1. Қазақстан туралы мағлұматтар беру.
2. Сұрақ - жауап
3. Картадан. Қазақстан жерлерін көрсету.
ІІ. Мағынаны тану.
1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, түсінгендерін айту.
2. Сөздікпен жұмыс
3. Берілген сөз тіркестерін мәндес сөздермен түсіндіру.
ІІІ. Талдау - табыс кілті.
1. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын
анықтау. Дұрыс сөйлемді тауып, сөйлем мүшесіне талдау.
ІҮ. Анықтауышқа анықтама беру
4 тапсырма Сөйлемдерден анықтауышты тауып, сұрақ қою.
Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен. Сарыарқа - Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды. Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы болып есептеледі. Мұнда әйгілі Марқакөл бар. Қазақстанның мұнай өндірісі осы өлкеде дамыған.
Ү. Сурет көрсету. Түрлі - түсті сурет көрсетіледі, сол суреттен сын есім болатын 10 сөз табу.
ҮІ. Ұлыдан - ұлағат. 1. Берілген мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
1. Отан отбасынан басталады.
2. Ел - елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
3. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
2. Берілген сөздерді бос ұяшыққа тышқанның көмегімен тасымалдап апарып орналастыру.
ҮІІ. Сабақты бекіту. Дискуссиялық карта бойынша Иә, жоқ
1Қазақстан тәуелсіз мемлекет
2. Жер көлемі жағынан нешінші орында
3. Қазақстанда 14 облыс, 45 қала бар.
4. Қазақстан Қытай, Иран мемлекеттерімен шектеседі.
5 Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды.
6. Жер көлемі 2, 7 млн шаршы шақырым.

ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма беру. «Менің елім» тақырыбына шығарма жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан – біздің Отанымыз

Қазақстан – біздің Отанымыз

Отанымыз Қазақстан жайында білімдерін кеңейту. Отан, ел туралы түсініктерін молайту. Тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету; ойларын...
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет

Алматы облысы, Ескелді ауданы «Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқыны жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы түсінік беру. Туған жерге, туған жердің табиғатына саяхат жасаумен және ел тарихына мағлұмат...
Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік

Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік

4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс...
СҚО ЭГЖ

СҚО ЭГЖ

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Күләй Сайлауқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×