Сайтқа кіру Тіркелу

Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау

Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, салыстыру, тест, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар

Сабақтың жүру барысы І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
166 - жаттығудың орындалуын тексеру
«Келер шаққа мен де арман, сенім артамын» ой - толғау жазу

Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Біліміңді байқап көр
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2. Шақтың қандай түрлері бар?
3. Осы шақ дегеніміз не?
4. Нақ осы шақ қалай жасалады?
5. Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
6. Ауыспалы өткен шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
7. Келер шақ деген не?
8. Келер шақтың қандай түрі бар?
9. Келер шақ қалай жасалады?
10. Өткен шақтың қандай түрлері бар?

Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
1 - топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз.

2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдер

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2030» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.

3 - топқа келер шақтағы сөйлемдер

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты – өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.

Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеу
Алып келді
Келе жатыр
Оқытты
Күледі
Жылайды
Тыңдайсың

Оқулықпен жұмыс 169 - жаттығу
1 - топ мәтінді оқиды
2 - топ мазмұнын баяндайды
3 - топ 5 етістікті тауып, талдайды

Дәптермен жұмыс 168 - жаттығу Етістіктерді теріп жазып, талдау
Елбасы жолдауындағы үш тұғырлы тіл саясатымен байланыстырып, слайдтағы Астана суреттеріне сай келетін етістіктерді орыс, ағылшын тілдерінде айту

Венн диаграммасы
1 - топ Осы шақ пен келер шақты
2 - топ Келер шақ пен өткен шақты
3 - топ Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақты салыстыру

Бекіту Интерактивті тақтамен етістіктің шақтарын қайталауға арналған тест жұмысын орындау

Ой - толғаныс Қазақстан: бүгін, кеше, ертең

Үйге тапсырма Етістіктің шақтарын қайталау
Ой - толғауды толықтыру
Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Келер шақ

Келер шақ

Оқып - үйренудің негізгі мақсаты: - Келер шақ етістігі туралы білетін болады. - Білімсіздік, еріншектік, залымдық туралы түсіну....
Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Етістіктің шақтарын қайталау 7-сынып

Етістіктің шақтарын қайталау 7-сынып

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Батурин ЖОББ мектебінің І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі...
Етістіктің шақтарын қайталау

Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау. Дамытушылық мақсаты:...
Етістіктің шақтарын қайталау

Етістіктің шақтарын қайталау

Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×