Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары. Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

Тұлғасына қарай: негізгі, туынды;
Құрамына қарай: дара, күрделі;
Мағынасына қарай: болымды, болымсыз.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақта «Сабақты етістік пен салт етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Асылды қайрақ ұштайды.
Ақылды білім ұштайды.
Нені қайрақ ұштайды?
Нені білім ұштайды?
Ақылды, асылды қай септікте тұр?
Берілген мақал жолдарындағы етістіктің /ұштайды/ алдына келген (асылды, ақылды) сөздердің табыс септігінде тұрғанын байқадыңдар ма?

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? Мен - бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді – толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз – анықтауыш.
Бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.

Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.

Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б.
Досыма (кімге?) бардым, төрде (қайда?) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен?) сырластым.
А. с. кітап, анасы, әкем.
І. с. кітаптың, анасының, әкемнің.
Б. с. кітапқа, анасына, әкеме.
Т. с. кітапты, анасын, әкемді.
Ж. с. кітапта, анасында, әкемде.
Ш. с. кітаптан, анасынан, әкемнен.
К. с. кітаппен, анасымен, әкеммен.

Сабақты етістік Салт етістік
Кітап оқы /нені т. с жал жасырын күйде тұр/
Гүлді жұлма
Малды суар
Мақаланы жаз Досыма бардым /барыс септігі/
Төрде жатыр /жатыс септігі/
Мектептен шықтым /шығыс септігі/
Анаммен сырластым /көмектес септігі/

Кітаппен жұмыс:

230 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: сабақты етістік жасауға ықпал етіп тұрған сөздерді тауып, сұрақтар қойындар. /ауызша/
Қалағаныңды беретін болса /нені беретін болса?/ Білімін сұра /нені сұра?/
Еңбекқорлығын сұра /нені сұра?/ Биіктігін сұра /нені сұра?/ Тектілігін сұра /нені сұра?/

232 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Мәтіннен сабақты етістік бола алмайтын етістіктерді көшіріп жазыңдар
Бол, мақтану, жүріп, өскен, мақтанба;

234 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Етістіктерді қосымша дефиспен бөліп, көшіріп жазыңдар.
Бол - айық, болымды ет. – айық – бұйрық райдың І жағының көпше түрі
бол - ма - йық болымсыз ет. – ма болымсыз ет. жұрнағы,- йық -- - -
аяқтан, - а – көс. жұр. – ды – жіктік жалғауының ІІІ жағы.
Ауыздан - а - ды, науқастан - а - ды, сырқаттан - а - ды, құлақтан - а - ды
Сабақты бекіту. Кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындату /Ару, Тілекші, Сержан, Ақжарқын/
Кітапты оқы, еденді жу, малды суар, досыңды күт, әңгімені айт, мақалды жаз, тапсырманы сұрама, жазғаныңды көрсет; /сабақты/
Мектепке бар, аулаға шық, кітаптан мағлұмат ал, алдына қара, үйге қайт, сабаққа кел, шамды сөндір, гүл өседі;/салт/

233 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
«кім жылдам?» сабақта етістік пе, салт етістік пе? деген тақырыпта білім жарыстыр
1 - топ 2 - топ
Айт – сабақты, Кел – салт,
Айтқанға көн – салт Сабақты біл – сабақты
Аспанға қара – салт Мектепке кір - салт
Алысқа жүгір – салт Мақаланы жаз - сабақты
Нәтижеге қуан - салт Онынан тұр - салт
Биді биле – сабақты Тамақты жаса
Біліммен жарыс – салт Үйге кір - салт
Жұмысты аяқта – сабақты Ойынды баста – сабақты
Мақсатқа жат - салт Жерде жатыр - салт
Ойыңды жасыр - сабақты Жұмысынды тапсыр - сабақты

Венн диаграмасы арқылы салыстыру
Ұқсастығы екеуі де етістік. Айырмашылығы сабақты /табыс септігін қажет етеді/
Салт етістік /барыс, табыс жатыс шығыс көмектес сетіктегі сөздермен тіркесіп келеді/

Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 231 - жаттығу Салт, сабақты етістіктерді тиісті септік жалғаулы сөзбен тіркестіріп, бөліп жазыңдар
234 – жаттығуды аяқтау.
Синкуэн әдісі: 1. Зат есім / кітап/
2. Етістік /оқы/
3. Сын есім /қызықты/
4. Бес сөзден тұратын сөйлем /Мен кеше қызықты кітап оқыдым/
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×