Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тілдер күніне арналған "Күз аруы"

Тақырыбы: «Күз аруы»
Мақсаты: Оқушылардың өзгешеліктерін дамыту, тілдерін жаттықтыру, жан-жақты қабілеттерің байқау.
Жоспар:
1. Таныстыру
2. Мақал – мәтелдер сайысы
3. Мәнерлеп оқу
4. Дастархан мәзірі
5. Сән үлгісі
6. Сұрақ – жауап

Жүрг. Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар. Бүгінгі тілдер күніне арналған «Күз аруы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Қош келдіңіз көрермен,
Күзгі бал кешіне,
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене,
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз!

Ендеше, құрметті көрермендер, қатысушыларымызбен таныс болайық. Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар! 3 "а" сынып оқушысы, Габдрафикова Карина. Карина үздік оқушы, тәртіпті, өте ақылды, сүйкімді ару қыз.
3 «б» сынып оқушысы, Ткаченко Юлия. Юлия сыныпта ең үздік оқушы, көрікті, өте тәртіпті, мәнерлеп оқуды жақсы көреді.
3»в» сынып оқушысы, Айтжанова Ботагөз, Бөтагөз ең тәртіпті оқушы, ең уздік оқушы, өлең айтуды жақсы көремін дейді.
Ендеше, бүгінгі ару қыздарымызға, барлығымыз сәттілік тілейміз. қатысушыларымызға қошемет.
(қазаша би) Сайысымызды бастамас бұрын, сіздердің алдарыңызда алма биі Қасантаева Надия фантазия__________

Жүрг. Сайысымыздың бірінші бөлімі Таныстыру кезеңі. 3 «а» сынып. Габдрафикова Карина қарсы аламыз.
- Сайысты дүр еткіземін дейді қошемет.
3 «б» сынып оқушысы, Ткаченко Юлия қарсы аламыз.
3 «в» сынып оқушысы. Айтжанова Ботагөз
Құрметті әділқазылар алқасы, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Мақал – мәтелдер сайысы
Келесі сайысымыздың кезеңі мақал – мәтелдер сайысы. Ортаға қатысушыларымызды шақырамыз, 1 мин ішінде мақал - мәтел айтып беру керек.
Құрметті әділ қазылар алқасы мақал – мәтелдер сайысының бағасын берсеңіздер.
Мәнерлеп оқу сайысы
Жүрг Келесі сайысымыздың кезеңі мәнерлеп оқу сайысы.
3 «а» сынып, Габдрафикова Карина,
3 б сынып Ткаченко Юлия « Үш бақытым»,
3 «в» сынып Айтжанова Ботагөз Туған Өлкем өлеңімен.
Әділқазылар алқасы мәнерлеп оқу сайысының бағасын берсеңіздер

Дастархан мәзірі сайысы
Келесі сайысымыз «Дастархан мәзірі» Кемпірқосақ салатын дайындау.(сынып оқушыларымен жаңылтпаш өткізу)
Балалар, қазір мен жаңылтпаш оқимын, кім тез дұрыстап айтып береді, сол өз сыныбына ұпай әкеледі.

Ол бір ән айтты
Мен бір ән айттым
Мен бір ән айттым
Домбырамен айттым
Ол бір ән айтты
Болбыр ән айтты

Сәлем саған мектебім
Алғыстарым көп менің
Оқу білім тәрбие
Ой санама еккенсің

Жүрг. Жаңылтпаш сайысына баға берсеңіздер
Әділқазылар алқасы мерекелік дастархан мәзіріне баға берсеңіздер.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Сіздердің алдарыңызда
3 а сынып оқушысы Гаджиев Мамедтің орындауында азербайжан биі

Сән үлгісі сайысы
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, - келесі кезекте сән үлгісі
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметпен қарсы алайық:Габдрафикова Карина, Ткаченко Юлия, Айтжанова Ботагоз
(ару қыздар ортаға шығады, киім үлгісін көрсетіп қорғайды)
Құрметті әділқазылар, сән үлгісіне баға берсеңіздер.

Ару қыздарымыздың соңғы сайысы сұрақ-жауап,
Қазір қандай жыл мезгілі?
Күзде не піседі?
Күзде ауа райы қандай болады?
Әділқазылар сұрақ – жауап сайысына баға берсеңіздер. (қатысушылар қазақша киімдерін шешіп, өздерінің әдемі көйлектерін киіп шығады)

«Күз аруы» сайысының барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше, кезекті музыкалық үзіліске береміз
Ежики биі
Ортаға ару қыздарымызды қошеметпен шақырамыз 3 «а» сынып Габдрафикова Карина, 3 «б» сынып Ткаченко Юлия 3 «в» сынып Айтжанова Ботагөз
Әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Осымен «Күз аруы» атты байқауымыз аяқталды. Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету