Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан табиғаты

Өскемен қаласы
«№ 26 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кабдуахитова Назым

7 сынып
Тақырыбы: Қазақстан табиғаты
Мақсаты: «Қазақстан табиғаты» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін қорытындылау.
1. Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
2. Тілін дамыту,ойын жеткізе білуге үйрету.
3. Оқушыларды саяси саналылыққа, өз елін, жерін қорғауға, құрметтеуге,сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

«Бақытты сәт» ойыны
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3. «Бақытты сәт» ойыны.

1 - гейм «Сергіту сәті»
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
«А» тобына қойылатын сұрақтар
1. Қазақстан жері қандай? (Қазақстан жері – кең-байтақ)
2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)
3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)
4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)
5. Шығыс Қазақстанда қандай мемлекеттік қорықтар бар? (Батыс-Алтай қорығы, Марқакөл қорығы)
6. Халқымыздың ұлттық мақтанышы не? (Халқымыздың ұлттық мақтанышы- Туған жер табиғаты)
7. Қазақстанның батысында қандай теңіз бар? (Қаспий теңізі бар)
8. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)
9. Арал теңізін картадан көрсетіңіз. (Оңтүстік батыста)
10. Қызыл кітапқа жазылған сирек кездесетін құстарды атаңыздар (Бүркіт, қаршыға, аққу, үкі, жапалақ)

«Б» тобына қойылатын сұрақтар
1. Қазақстан қандай өлке? (Қазақстан – бай өлке)
2. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)
3. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі кездеседі? (90-нан астам түрі кездеседі)
4. Қазақстандағы ең ірі өзендерді атаңыздар (Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық, тағы басқалары)
5. Шығыс Қазақстандағы таулар аттарын атаңыздар. (Тарбағатай, Алтай)
6. Мұнай Қазақстанның қай жерінде өндіріледі? Картада көрсетіңіз (Қазақстанның Солтүстік – Батысында және Батыс Қазақстанда - Каспий теңізінде өндіріледі)
7. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)
8. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)
9. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)
10. Қызыл кітапқа жазылған, сирек кездесетін жануарларды атаңыздар (Марал, елік, барс, құлан, бұғы, сілеусін)

2 – гейм «Асық» ойыны
Оқушылар кезегімен дорба ішінен сұрақтар немесе мақал-мәтелдердің үзіндісін алады. Мұғалім сұрақтарды оқиды. Ойлануға 1 мин. беріледі. Егер мақал-мәтелдің үзінділерін алса, қолма-қол толықтырулары керек.

1. Қазақстанда пайдалы қазбалардың 90-нан астам түрі кездеседі.
Сұрақ: Қостанай облысындағы темір рудасының аса ірі кен орны қалай аталады? (Соколов-Сарыбай кені деп аталады)
2. Еліміздің осы көмір ошағының қоры 50млрд тонна деп есептеледі.
Сұрақ: Бұл қай жер туралы айтылады? (Қарағанды көмір ошағы)
3. Қазақстанның осы аумағында мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары өндіріледі. Сұрақ: Бұл қай аумақ туралы айтылған? (Батыс Қазақстан облысы туралы)
4. Мақал - мәтелді толықтыр.
«...– елі бай »
5. Мақал – мәтелді аяқта
« Отансыз адам -...»
6. Қазақстан кен орындарының картасын жасаған ғалым кім?

3-гейм «Күрең жылқы»
Сұрақтарға қай топ жылдам және дұрыс жауап береді. Ойлануға 1 мин. Бұл геймде дұрыс жауапқа 2 балл беріледі, егер ойыншылар көмек сұраса, 1 балға жауаптары кемиді.
I. Бұл құс ағашқа өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы қашау сияқты. Тұмсығының жәрдемімен олар ағаштарды ойып, ұя жасайды және ағаш қабығының астындағы ұсақ жәндік, шыбын-шіркейлерді теріп жейді. Орманның қанатты достарының бірі.
Бұл қай құс? (Тоқылдақ)
Көмек: Орман санитары
II. Бұл құс - өте сақ құс. Қар еріп, сай-сала суға толғанда, жылы жақтан ұшып келеді. Оның алыстан талып жеткен үнін естігенмен, көзіңе бірден шалына қоймайды. Олар тізбекпен ұшады. Бұл қай құс? (Тырна)
Көмек: Бұл құстың тұмсығы және бойы өте ұзын болады.
III. 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты қалай атайды? (Қызыл кітап – Красная книга)

4-гейм: «Сен маған, мен саған»
Топтар бір-біріне сұрақ қояды (2 сұрақтан), ойлануға 1 мин. беріледі. Топтан біреуі жауап береді.
1. «Невада-Семей қозғалысы» қай жылы басталды? (1989 жылы басталды)
2. Қазақстанның тоғыз қорықтарының атауларын айтыңыздар. (Үстірт қорығы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Ақсу-Жабағалы, Алматы, Алакөл, Батыс –Алтай, Марқакөл)
1. Біздің елімізде «Қызыл кітап» қай жылы ашылды? (1974 жылы ашылған)
2. Қазақстандағы ең ірі көлдердің атауларын айтыңыздар, оның ішінде қайсысы Шығыс Қазақстанда? (Балқаш, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл)

5- гейм «Блиц-сұрақтар»
Сұрақтарға не? екенін барлық топ қатысушылары жауап береді. Ең көп ұпай жинаған топ жеңеді.
А - тобы
1. Бұғы жануар
2. терек өсімдік
3. үкі құс
4. теңіз табиғат аумағы
5. арыстан жануар
6. шырша өсімдік
7. жапалақ құс
8. архар жануар
9. таулар табиғат аумағы
10. сілеусін жануар
11. аю жануар
12. бүркіт құс

Б - тобы
1. тиін жануар
2. өзен табиғат аумағы
3. ақ қайын өсімдік
4. емен өсімдік
5. құлан жануар
6. қасқыр аң
7. тырна құс
8. марал жануар
9. тоқылдақ құс
10. қоян жануар
11. қаршыға құс
12. елік жануар

Қорытындылау.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×