Сайтқа кіру Тіркелу

Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі

№101 орта мектеп мұғалімі Молдағажиева Сауле

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. М. Өтемісұлының аталған өлеңін оқыта отырып, ақындық шеберлігін таныту, оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.
Дамытушылық. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.
Тәрбиелік. Оқушылардың елін, жерін, Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, сөздік жұмыс, талдау, топтастыру т. б.
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих, биология, география
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Ортақ пікірді тақтаға жазу.
Махамбет –халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысы. Езуші таптың жауыздығын тайынбай әшкерелеп өткен реалист. Өмірінің ақырғы минутына дейін жақсылықты алдағы өмірінен күтіп, ұрпақтарды хан, патша, би, сұлтандарға қарсы күреске шақырып кеткен романтик. Ол – асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшісі.

- Ендеше балалар, патриот деп қандай адамды айтамыз?
Патриот - өз Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам.
Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады. «Қызғыш» сөзіне түсініктеме беріледі. Қызғыштай – қызғыштай қорыды, (қорғады) – қорғаштады, ара тұрды.
♦ Жапан далада тізгінін бос тастап, бір салт атты кісі келеді. Бойында асынған қару-жарағы бар, қабағы салыңқы. Реңі жабырқау. Бұл өзі кешелері қол бастап, жалаң қылышпен жай отындай жарқылдап, хан жасағын, патша әскерлерін жапыра, ат ойнатқан кісі еді.

«Тәңірім салса, не амал бар!» Ағалап алдында ұстаған, бүкіл ел ардақтысы, көтеріліс басшысы батыр Исатай о Дүниелік болған. «Қаумалаған қарындас» та енді қасында жоқ, жападан – жалғыз, жапан түзде арыған атының тізгінін бос салып, аяңдап келеді. Аты тоқтап, әудем жердегі жарқыраған суға тігіле қарап қалыпты. Көл үстінде құс біткеннің зәресін қашырып, бір қарайған жүйткиді. Тәжірибелі жолаушы оның лашын екенін білді. Ол ойын жиды, оу, бұл таныс көлдің тұрақты күзетшісі - бір қызғыш бар еді ғой!Ол қайда? Сөйткенше болған жоқ, салт аттының көзі төбесінде шырылдаған қызғыш құсқа түсті. Бейшара – ай, ә!Ал мұның өзінің, батыр Махамбеттің, қалы қалай бұл күнде?!Мұның «көлі» - елі қайда, бұл неғып айдалада арыған атымен жалғыз келе жатыр? О, тәубе, көл қорыған қызғыштың да, ел қорыған ер Махамбеттің де тағдыр талайы бірдей екен – ау!Осыған ұқсас бірдеңе бұрын да болған сияқты еді ғой ...Жо – оқ. Ақын өзінің бір толғауын есіне түсірді.
Көшер еді-ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін.
Қонар еді – ау біздің ел,
Арқада қоныс төлдейін,
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмеген еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін, -
деген болатын. Нақ соның кебі келіп тұр ғой, «Ереуіл атқа ер салмайдағы» айтқандары да айнымай алдынан шыққан. Ақындық болжам сөздің өститіні бар...Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей құсқа түсті.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып, айтпай немене?
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні.
Иә, бәрі айна қатесі жоқ, тап осылардай. Осылайша тек қазақ поэзиясында ғана емес, әлемдік поэзиядағы да, бір элегиялық ғажайып көркем өлең дүниеге келді. «Туған жерге кіндігінен байлаулы болмаса (Ғ. Қайырбеков), бірі – басқа жерді жерлеп, екіншісі - басқа көлді көлдеп, қағаны қарық, сағанағы сарқ жүре бермес пе еді».
(Оқушыларға мәнерлеп оқыту)
Көрнекілік арқылы өлеңнің идеясына тоқталу.

- Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне, халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.
Ақын адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеуді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса, ақынның туған елісіз, туған топырағысыз тіршілігі жоқ.
Махамбет көл қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі. Қызғыш құстың жауы – лашын, ал Махамбеттің жауы – Жәңгір. Елінен айырып, қуғынға ұшыратқан да – Жәңгір.

Көрнекілік: Адам және табиғат
Сондықтан да ақын :
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні ;
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні –
деп, қас жауының кім екенін айқын аңғартады. Немесе:
Айтып – айтпай немене?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!–
деп, елі үшін қабырғасы қайысады, құсалықпен күн кешеді.
Сөздікпен жұмыс
Құсалық – құса болғандық (уайым, шер), қасіретке батушылық.

♥ Шығармашылық жұмыс
«Ақынмен сырласу» тақырыбында ашық хат жазу
(Н. Тілендиевтің «Махамбет» күйін тыңдау)

- Махамбет поэзиясында самғай ұшқан, шүйілген, еріксіз егіліп, мұңға
батқан, шырқай көтерілген құстар бейнесі – аса жиі бейнеленетін көркем образ.
Ендеше, Махамбет өлеңдерінен аққудан қызғыш құсқа дейінгі аралықтағы қанаттылар галереясын таба аламыз.
Өлеңге композициялық талдау жасау.
Өлеңді салыстыру.
«Соғыс» өлеңі «Қызғыш құс» өлеңі

Бекіту сұрақтары:
1. Махамбет Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
2. Махамбет қай жерде жерленген? ( Қараой)
3. Жергілікті ақын-жазушылардың Махамбетке арнаған қандай шығармаларын білесіңдер?
4. Махамбет арманына жетті ме?

Сабақты қорытындылау
- Бүгінде, құдайға шүкір, заман – біздікі! Дәуір де өзіміздікі!
Ғасыр да біздің игілік ғасырымыз болуға тиіс. Міне, қазіргі таңда Қазақстан – егемен ел, өз еркі өзіндегі азат, өз алдына дербес мемлекет. Бүгінде біздің басшымыз қазақ елінің еркіндігіне тұсау етіп қарауылға қойған құқықсыз хан емес, өзіміз қалап, сайлап, ел еркіндігін қорғайтын мәртебелі Президент.
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!

Бағалау.
Үй тапсырмасы: 1. Махамбет туралы қосымша мағлұмат іздеу;
2. “Қызғыш құс” өлеңін жаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қызғыш құс

Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айрылып, Жалғыздықпен болдым дос....
Өр тұлғалы Махамбет

Өр тұлғалы Махамбет

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
М. Өтемісұлының

М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі

Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×