Сайтқа кіру Тіркелу

Жұбан Молдағалиев Ар-ұят

Сабақтың өту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтау, ой жинақтау, көрнекіліктер мен жұмыс, талдау.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география, өлкетану.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
ІҮ. Қорытындылау:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан.
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Шәкәрім Құдайбердиев.

Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Абай Құнанбаев.

Білімділік: Жерлес ақиық ақынымыздың өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздық деңгейлерін дамыту.
Туған жерді қадірлеп, сүйе білуге жұмылдыру.
Тәрбиелік: Сабақты халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, Абайша айтқанда Толық адам тәрбиелеу. Адамның бойындағы ең жоғары қасиет ар-намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу.

1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған.
Әр бала жатқа білетін, қазақ рухын асқақтатқан “Мен қазақпын” дастанын жазған дара тұлға –ұрпағына өлмес мұра қалдырды.
“Жесір тағдыры”, Айттым сәлем”, “Қыран дала”, ”Сел”, ”Байқоңыр баспалдақтары ”т. б дастандары, том-том туындылары, Жұбан Молдағалиев атын ғасырдан-ғасырға жеткізе береді.
Біз, ұрпақтары, Жұбан аға есімін Қазақстан мен ҚСРО Мемлекеттік сыйлықтарының иегері болғаны үшін емес, біртуар ірі Қазақ болғаны үшін ардақтаймыз.
Бүгін, біздер, Жұбан атамыздың “Ар-ұят ”туралы өлеңімен танысамыз.

Сабағымыздың тақырыбы: “Ар-ұят”туралы.
- Балалар, ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер?
- Ар, намыс, ұят туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып көрейік.

1. Әрлі болғанша, арлы бол.
2. Ұялмаған арын жейді
3. Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
4. Арыңды жасыңнан сақта.
5. Өлімнен ұят күшті.

1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу
2. Өлеңнің мазмұнын талдау.
3. Өлеңге талдау жасау

Өлең тармақтардан тұрады. Оны өлең жолдары дейміз.
Әр тармақ бунақтардан тұрады. Бунақ дегеніміз тармақтардың ырғаққа бөлінуі.
Бунақты буын жасайды. Өлең тармақтарының санына қарай шумақ шығады.
Қазақ өлеңі көбіне 4 тармақтан тұрады. Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады.
Анафора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану.
Эпифора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында

Қайталану.
Ұятпен надандық өлшенеді,
Ұятпен адалдық өлшенеді,
Ұятпен арамдық өлшенеді.
“Ажалдан әркім-ақ бір өлер,
Ұяттан бір емес, күнде өлер.
Ұят ол – өлімнен күшті “деп,
Ұятқа ежелден түнеді ел.

Жігіт пен қарияның айтысы:
Қазақ қарт - Ол ұят!
Автор: - деді сол қазақ қарт, -
Қазақ қарт: - Өлсең де ожданнан безінбе!..
Автор: Жас жігіт күлді оны мазақтап:
Жігіт: - Ұятың нан болса, езіп же.
Қазақ қарт: - Жеп келем, жеп келем туғалы
Адам боп жүргенім сондықтан, -
Автор: Деп қария тепсініп тулады.
Әттең тек жігіт жоқ оны ұққан.
Жігіт: - Мен емес ұят деп өлетін,
Автор:- деп жігіт айтысты тұжырды.
Қазақ қарт:- Сен де бір өліксің ендеше,
Тірі боп жүрсең де санақта.
Адам ол өледі мен десе
Ұяттан айрылған сағатта.

1. Бұл өлеңнің мазмұны не туралы?
2. Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па?
3. Адамның қандай адамгершілік қасиеттерін білесіздер?
4. Сіздер үлкен адаммен айтысар ма едіңіздер? Анафора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында
қайталану.
5. Жігіт дөрекі сөздер қолданған ба?

1991 жылы мамыр айында Құрайлысайда Ж. Молдағалиевке ескерткіш орнатылған. Оның ашылу салтанатына Қ Мырзалиев, А. Бақтыгереева, ақынның жұбайы Софья апай мен ұлдары Қуандық пен Азамат қатысты.
Тебіреніп тобылғы мен тораңғы
Туған жердің шуағына орандың.
Азамат боп кетіп едің бір кезде,
Ауылыңа ескерткіш боп оралдың! - деп Қадыр Мырзалиев “Ақын рухымен сырласу” өлеңінде толғаса, Ақұштап Бақтыгереева “Халқым, өмірге Жұбанша биіктен қараңдар, үлкендерді Жұбанша сыйлаңдар, Жұбандай әулие ұрпақ өсіріңдер!”- деп салиқалы сөзін жиналғандарға арнаған.
Суырып салма ақын Сағынтай Бисенғалиев сол салтанатта
Болады бүгін қалай жырым мұңды
Бейнеңе қарап тұрып сыр ұғындым.
Өлеңнің өлкесінде қыран едің,
Тауыпсың туған жерде тұғырыңды - деп жүрекжарды арнауын арнады

Қорытынды: - Балалар! Біздер бүгін кімнің қандай еңбегімен таныстық. Жерлес, ақиық ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің “Ар-намыс”туралы еңбегімен таныстық.
- Нені ұқтық?
- Нені білдік?
- Қандай болу керекпіз?
- Жұбанша елімізді сүйіп, жақсы оқып, үлгілі болу керекпіз.. .
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Намыс туралы мақал-мәтелдер

Намыс туралы мақал-мәтелдер

Шөлдің қамысы болмайды. Жаманның намысы болмайды. Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат....
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...
Ар-ұят туралы Жұбан Молдағалиев

Ар-ұят туралы Жұбан Молдағалиев

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жерлес ақиық ақынымыздың өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру. Дамытушылық: Тіл байлықтарын, шығармашылық...
Өлең құрылысы

Өлең құрылысы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Алмалы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешов Болат...
Жұбан Молдағалиев Ар-ұят

Жұбан Молдағалиев Ар-ұят

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ-ің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтешқалиева Жайнагүл Орынбасарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×