Сайтқа кіру Тіркелу

Дүниетану

Петропавл қаласы,
№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп –кешені
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхамеджанова Гүлнұр Абайқызы
3 сынып

Сабақтың тақырыбы: дүниетану сабағы
Сабақтың лексикалық тақырыбы: дүниетану сабағы
Грамматикалық тақырыбы: тәуелдік жалғау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
І. Табиғат туралы жалпы білім беру.
ІІ. Балалардың ауызекі тілдік қорын дамыта отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
ІІІ. Табиғатқа, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты қорғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: қайталау.
Көрнекі құралдар: компьютер, түрлі –түсті фломастер, ватман, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі. Мотивациялық тренинг.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім: - балалар бүгін көңіл-күйлерің қандай? (жақсы) Сабаққа дайынсыңдар ма? (ия, дайынбыз)
-балалар күнге қолымызды созайықшы.
Күннің шуағын бойымызға алайықшы.
Күн жарығын алақанға салайық,
Жүрегімізге басып оны ұстайық.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағымыз.
- Балалар осындай күннің жылумен сабағымызды бастаймыз. (3 минут

І. Өткен сабақты қайталау.
1. Сурет сабағында тақырыбы бойынша диалог (2 бала шығып оқу).
2. Таланты балаларға еркін тақырыпта салған суретін әңгімелету.
3. Берілген сөздерді аударып, сөз тіркесін құрастырып, көптік жалғау қосып жазу.
• 1-топ урок, расческа, часы
• 2-топ природа, человек, кисточка
• 3-топ краска, гора, рисование,

ІІ Топпен жұмыс. (Балалар араласып отыру үшін топқа бөлемін. ) Берілген суреттерді алу арқылы өз топтарын тауып алады. (суретте жеміс, өсімдік, жануар, бейнеленген) Топтың аты суреттер бойынша анықталады.
1-топ жеміс, 2-топ өсімдік, 3-топ жануар.
Тапсырма:
- балалар, мына сөздер сендерге нені естеріне түсіреді? Жеміс, өсімдік, жануар. Осы сөздерде не тұспалданып тұр? Басқаша қалай түсінуге болады? (Балалар оған жауап береді).

ІІ жаңа сабақ Сабақтың тақырыбына көшу.
Миға шабул: қалай ойлайсыңдар бүгін сабақтың тақырыбы қандай болады? Осы сөздер немен байланысты? Осы сөздерді қай сабақпен байланыстыруға болады? Қай сабақта біз осы сөздерді көп қолданамыз?
1. Дүниетану деген не?
2. Дүниетану сабағы немен байланысты?
3. Дүниетану сөзін қалай түсінесіңдер?
• Ассоциация стратегиясы.

ІІІ ватман қағазға кластер құру. Оны қазақша түсіндіру. Дүниетану дегеніміз не? 5- минут
1. -балалар табиғат біздің екінші анамыз. Оны қалай түсінеміз?
2. Қазіргі еліміздің табиғаты жайында не айта аласыңдар?
3. Неліктен осындай жағдайға душар болдық?
4. Егер сен эколог маманы болсаң қандай жағдай жасар едің? деген сұрақтар қойып балаларды екі топқа бөлу.
Пікірталас
Жоба жұмысы. Әр топ жоба құрастырып, оны қорғайды.

Сергіту сәті. «Кім шапшаң?» Карточкамен жұмыс.
«Ж» әрпінен басталатын сөздер.
1. Қыздың аты.
2 жемістің аты.
3. қала аты.
4. Жыл мезгілі.
5. жабайы аң
«Қ» әрпінен басталатын сөздер.
1. досыңның аты.
2. Қаланың аты.
3. Үй жануары.
4. сан есім.
5. дене мүшесі
«А» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адам аты.
2. үй жануарының аты.
3. дене мүшесі.
4. Сан аты.
5. қала аты.
«Т» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ұлдың аты.
2. Қаланың аты.
3. Жабайы аң.
4. Төрт түлік аты.
5. Табиғат.
«Ш» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адамның аты
2. Киім аты.
3. Спорттық құрал.
4. Қала аты.
5. Дене мүшесі.

Сөздікпен жұмыс:
Дүние тану –познание мира
Өсімдік-растение
Жануар-животное
Қоршаған орта-окружающий мир

ІV тәуелдік жалғауды пайдаланып, табиғатқа, ауылға, қалаға байланысты әңгіме құру. (тәлімгер, хатшы, баяндаушы, таинспикер балаларды рөлге бөліп алу).
1-топ. табиғат
2-топ. ауыл
3-топ. қала
10-минут
Мәтіннің ішінен қандай қиын сөздерді тауып, голоссарий жазу.
ЖИГСО стратегиясы.

V Грамматикалық тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдік жалғауда жіктеп, дауысты дыбыстың астын сызыңдар
1-топ көл, табиғат, оқушы.
2-топ құс, үй, жануар.
3-топ, адам, топырақ, жер.

Қорытынды Бес жолды өлең
1. 1 Зат есім. табиғат
2. 3 сын есім. қызықты, әдемі, тамаша
3. 2 етістік. Өседі, өнеді,
4. Сөз тіркес немесе сөйлем. Табиғат - тамаша әлем
5. Синоним. дүние.

VІ үй тапсырмасы. «табиғат пен адам» тақырыбы бойынша эссе құрастыру. Көптік жалғауына сөздер жазып келу.
Дарынды оқушыларға «қызыл кітапқа енген жануарлар, өсімдіктер, құстар» презентация жасау.
VІІ. Бағалау. Топтан бір оқушы шығып, өз тобындағы оқушыларды бағалап шығады. (басқа балалар әділ баға берді ме жоқ па қадағалап отырады).
Кері қайту
Ілмек сөздер: 3 сынып, дүниетану
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×