Сайтқа кіру Тіркелу

Қансонарда

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам кенті
№80 мектеп-гимназиясының I санатты
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Файзуллаева Құралай Жүрекбайқызы

Әдебиет, 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қансонарда» өлеңін талдау.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік мақсаты: Абайдың өмірге келген уақыты мен өскен ортасы туралы түсінік беру.
Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу.
Өлеңге теориялық, тілдік талдау жасау.
ә)Дамытушылық мақсаты: Аңшылық, саятшылық туралы, өлең мазмұны туралы түсініктерін кеңейту. Әдебиет теориясынан білімдерін дамыту. Композиция туралы ұғым қалыптастыру.
б) Тәрбиелік мақсаты:Өлеңді зейін қойып тыңдай білуге, өзгенің пікіріне сыйластықпен қарауға үйрету. Шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: топтау, кубизм, талдау, сұрақ – жауап, баяндау.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, сызбалар, кітап көрмесі

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 -2 мин.)
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Қызығушылықты ояту
Үйге тапсырма класты үш топқа бөле отырып берілген.
І топ - «Суреткерлер».
ІІ топ - «Әдебиетшілер».
ІІІ топ - «Әдебиет зерттеушілері».
І топқа: Өлең мазмұнына сай сурет салып келу
ІІ топқа: Өлеңді жаттау.
ІІІ топқа: Аңшылық, саятшылық туралы зерттеу жасау
3. Мағынаны тану.
а) Мұғалім сөзі.
ә) Өлеңнің мазмұнын талдау.

Р/с Суреттеу жоспары Қойылатын сұрақтар
1 Қансонарда аңға шыққан бүркітші.
а) Қансонар деген не?
ә) Бүркітшіге не ғанибет, киімі қандай?
б) Із салу, қағушы дегені не?
2 Бүркіт пен түлкінің бір-бірін көруі
а) Томаға деген не? Бүркіт қалай самғады?
ә) Бүркітті көрген түлкі не істеді?
б) Түлкінің қырық пышағы не?
3 Көк тағысы мен жер тағысының адам үшін қызыл қанға батысуы а) «Сегіз найза, қыран паң, батыр» деген сөздер нені білдіреді?
ә) Бүркіт түлкіге қалай түсті?
б) Бұлардың жекпе-жегін ақын неге теңейді?
в) Көк тағысы, жер тағысы деген не?
4 Түлкі алған бүркіттің қар үстіндегі суреті
а) Ақ, қара, қызыл деген сөздердің астарында қандай ұғым бар?
5 Құс пен иесінің қораздануы
а) Құс неге және кімге қоразданады?
ә) «Үйірімен үш тоғыз» деудің мәнісі не?
6 Ақынның аңшылық жайындағы ойлары
а) Аңшылардың сүйетін әңгімесі?
ә) Ол кімдерге, не үшін мін тағады?
б) «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс.

І Өлеңге теориялық талдау.
ІІ Композициялық талдау.

Р/с Композиция Дәлелдер
1 Сюжеттің басталуы
2 Оқиғалардың байланысы
3 Оқиғаның шарықтау шегі
4 Оқиғаның шешімі

ІІІ Тіліне талдау.
Р/с Көркем тіл түрлері Мысалдар
1 Поэзиялық бейнелі сөздер:
- метафора
- теңеу
- эпитет
- шендестіру
2 Халық мақал-мәтелдері:
3 Басқа тілден енген сөздер:

в) Топтарға жеке жұмыстар мен сұрақтар беру.
Әдебиет зерттеушілеріне:
1. Абайдың туған жылы мен өскен ортасы туралы.
2. «Қансонарда» өлеңі сияқты суреттеу, сипаттау түрінде жазған басқа өлеңдері.
Жас әдебиетшілерге:
«Абай ата ізімен» өлең шығару немесе шығарған өлеңдерін оқу.
Суреткерлер тобына:
Өлеңнен мен не ұқтым?
Әңгімелеу (эссе жазу).

4.Мағынаны ажырату
Дәптермен жұмыс.
Талдау жұмыстарын дәптерге жаздыртамын.
«5 жолды өлең» стратегиясы

Бүркіт
Тырнақты, күшті
Аулайды, баптайды, шүйлігеді.
Бүркіт - аңшының қасиетті құсы
Қыран
5. Оқушылардың білімін бағалау Оқушыларды бағалау.
6.Үйге тапсырма беру: «Қансонарда» өлеңіне құрылған жоспар
бойынша мазмұндама жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×