Сайтқа кіру Тіркелу

Айтыс өнері

Сыныбы 9
қазақ әдебиеті Малонарым орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Каирбаева Д. Е.
Сабақтың тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Айтыс өнері
Сабақтың мақсаты 9. 1. 3. 1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
Күтілетін нәтиже Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады, жаңашылдығына баға береді
АКТ Компьютерде теріліп, шығарылған мәтіндер
Оқылым мәтіндері мен тапсырмалар
Тілдік міндеттер Бұрын дамытылған мазмұн мен тілдік дағдыларды одан ары жетілдіреді.
Берілген негізгі ақпаратты түсіну және басты ақпаратты анықтай отырып сөйлеу үздіксіз жетілдіруді көздейді.
Жоспар
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Ой қозғау. Суреттерге қарап не айта аласыз?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Суреттер
Сабақтың ортасы
Мағынаны ажырату
Білу
Тапсырма. Мәтін
Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр.
Ұлы жазушы М. Әуезов өзінің Әдебиет туралы еңбегінде «Айтыс - сөз барымтасы. Бұның бір жағы өнер жарысы. Екінші жағы, ойын - жиында айт пен тойда, халықтық мерекеде орындалатын сауық есепті»,- дейді.
Ал Ысмайлов пен М. Ғабдулин: «Екі адамның сөз қағыстыруы, ән сөзінде тартысуы, дауласуы»,- деп түсіндіреді.
Сонымен, айтыс - біріншіден әдеби жанр, екіншіден өнер түрі, үшіншіден жарыс, төртіншіден талас, бесіншіден - сөз барымтасы, алтыншыдан пікірталас түрі.

Пікірталас деген не?
Қоғамдық және әлеуметтік мәселені талқылау барысындағы айтыс, тартыс, дау.
Тақырыбы: Қоғамдық және әлеуметтік мәселелер. Мысалы: Біржан мен Сара айтысының негізі тақырыбы - әйел теңдігі. Феодалдық заманда қазақ қыздарының малға сатылуы. Сара - соның құрбаны.
Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінде:
1) Бәдік. 2) Жар - жар. 3) жануарлар мен адамның айтысы. 4) Өлі мен тірінің айтысы. 5) Жұмбақ айтыс. 6) Салт айтыс - қыз бен жігіт, ақындар айтысы. 7) Осы күнгі айтыс депжеті түрге бөледі.
Айтыс талаптары:
1. Тақырыптан ауытқымау.
2. Өзін - өзі дұрыс ұстауы.
3. Сөйлеу шеберлігі.
4. Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау)
5. Ортақ пікірге мүдделік.
6. Қарсыласын, аудиторияны сыйлау
7. Қарсыласына кезек беру
8. Регламентке бағыну
Мақсаты: Ұту, қарсыласына қисынды да уәжді сөзбен қатысын тауып, еріксіз тізе бүктіру.
Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ. Орынбай, Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан - Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Манап - Надежда Лушникова. Маңғыстаулықтар: Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.
Қазақ айтыстарының жиналуы, жарық көруі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Академик Радлов бастаған орыс зерттеушілері мен Ы. Алтынсарин, А. Сейдалин, Шайхысламов тәрізді жинаушылар совет өкіметі тұсында Диваев, С. Сейфулин, І. Жансүгіров. Айтыстың 3 - томдығын алматы баспасынан дайындады.
Ал айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеген Ш. Уәлиханов одан кейін М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қаратаев, Кенжебаев.
90 - жылдан бері қарай М. Жармұхамедов, Ж. К. Раев, Қыдырбаев, Ж. Дәулетбекова. Жүргізушісі - Ж. Ерманов.
Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай, Серік Құсынбаев, Б. Қалиолла, А. Ғафуров т. б.
Соңғы жылдары атаулы мерекелерге (Тәуелсіз 15, Тіл, Желтоқсан), белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай жүргізіледі. Салт айтыс соның ішінде ақындар айтысы мен қыз бен жігіт айтысы өте жақсы дамыған. Қазақстан ұлттық арнасынан айтыс чемпионаты, Хабардан жекпе - жек жүріп жатыр.
Түсіну.
«Айтыс өнері» тақырыбында кластер жаса

Талдау.
Кестені толтыр.
Айтыстың тақырыбы Мақсаты Жанры Айтыс түрлері Мақсаты Қазақтың әйгілі айтыскерлері Зерттелуі Жиналуы, жарық көруі

Жинақтау.
БББ кестесі
Бұрыннан білдім Бүгін білдім Білгім келеді
Мәтін
Қағаз парақшасы
Дәптер, қалам, қарындаш
Қағаз парақшасында берілген тапсырма
Сабақтың соңы
5 минут Қорытынды рефлексия.

Үй тапсырмасын беру: Айтыс өнері туралы оқулықтан оқып келу Шығу парағы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×