Сайтқа кіру Тіркелу

Қозы Көрпеш - Баян сұлу - махаббаттың символы

Мұғалімнің аты - жөні Шатемірқызы Ақмарал
Тақырыбы "Қозы Көрпеш - Баян сұлу - махаббаттың символы"
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Ж. 8. 4. 1. 1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу;
Ж. 8. 4. 3. 1 - жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлығы автордың көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды, жанрлық ерекшелігін ажыратады.
Көбі жазба жұмыстарын орындайды, пікір жазады.
Кейбірі мәтіндерді талдайды, жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ажыратады, салыстырады, символ мен кейіптеу түрлерін қолданады.
Бағалау критерийлері Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқиды, ондағы көтерілген мәселелер жайлы ақпарат береді,
негізгі ойды анықтайды, шағын мақала жазады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Раппорт. Балалар шеңбер құрып, бірге айтады.
- Біз қазақ тілін жақсы көреміз.
- Біздің күннен - күнге қазақша сөздік қорымыз көбейеді.
- Бүгін мақсатымызға жетеміз.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. 8 - тапсырма.
2. Лексикалық минимум сұралады.
Дескриптор:
- 8 - тапсырма бойынша үйге берілген тіркестерге сөйлем құраған.
- Сөздердің қазақша аудармасын жатқа біледі.
- Балалар, кімдерге қойылған ескерткіш?
- Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз: "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу - махаббаттың символы"
Мақсатымыз: Қозы Көрпеш пен Баян сұлу туралы тереңірек түсініп, олардың шынайы махаббаты туралы шағын мақала жазу.
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын балалар оқулық арқылы табады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сұрақтар қояды, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.
Туынды - (произведение)
Сүйіспеншілік - (влюбленность)
Шежіре - (летопись)
Олжа - (добыча)
Қияметтік - (судный день)
Медеу қылу - (считать своей опорой)
Менсінбеу - (игнорировать)

Дескриптор:
жаңа сөздерді үйренеді;
сөздік жұмысын жүргізеді.

Жазылым алды тапсырмалар.
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12 - 13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл - қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылыққа ұрынатынына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле - өлгенше бір - біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. (Сеть событий строится на любви между двумя любящими друг друга молодых, отстаивая свои чувства молодые люди противятся предскаханию баксы. Мешает их счастью - страдание другого парня, жестокого Қодара, влюбленного в девушку).

Жаратқан жан біткенді бір құдайым,
Жаратқан жарық үшін күн мен айын.
Бұрынғы ноғай - қазақ заманында,
Сөйлетейін Қарабай мен Сарыбайын.
Жарасқан нар түйеге биік өркеш,
Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді - кеш.
Екеуін сәтті күні құдай қосқан,
Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш.

Дескриптор:
- мәнерлеп оқиды,
- ойларымен бөліседі,
- ізденеді.

Жазылым.
Символ мен кейіптеу түрлерін қолданып, суретке қарап отырып, 10 - 15 сөйлеммен пікір жазады. Бүгінгі жаңа сөздер мен тіл алу, сездіру, атастырылу, бағындыру және "Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу" мақалын қолданады.

(Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады. Мысалы, Абай «Жартас»атты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басына қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты жас қыз бейнесінде суреттейді.
(Символом в литературе могут служить предметы, животные, известные явления, например, природные ("Гроза" Островского), признаки предметов, действия и др. Вот примеры устойчивых в истории культуры символов: весы - справедливость, держава и скипетр – монархия, власть; голубь - мир, козел - похоть, зеркало - иной мир, лев - сила, смелость, собака - преданность, осел - упрямство, роза - женская красота, лилия - чистота, невинность (во Франции лилия - символ царской власти).

- Шағын мәтін жазады, "Ыстық орындықта "ортаға шығып оқиды.
Дескриптор.
- Мәтін тақырыпқа сай
- Ойы, пікірі түсінікті
- Символ қолдана алады.

Кері байланыс. «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады.
Кері байланыс. Ойтаразы. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазады.
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта қай мәселе өте құнды болды? Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білік - дағдыға ие болдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Маған сабақ ұнады ма? Не себепті? Кішкентай бөбек – көңіл күй. Сабақта өзімді қалай сезіндім?
Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы
4 - тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
8-сынып. Лиро - эпостық жырлар

8-сынып. Лиро - эпостық жырлар

Лиро - эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін - бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа...
Лиро-эпостық жоспар

Лиро-эпостық жоспар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) О. 8. 3. 3. 1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық...
Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке...
Қозы-көрпеш Баян-сұлу

Қозы-көрпеш Баян-сұлу

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен, оның ерекшелігімен, батырлар жырынан айырмашылығы,...
Ұлттық тағамдар. Мәтін

Ұлттық тағамдар. Мәтін

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1. 1. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтау. 1. 3. 7. 1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×