Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау.
Дамытушылық: Білімгерлерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Білімгерлерді елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс - сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың көрнекілігі: Проектор арқылы көрсетілетін ақынның суреттерінен слайдтар, аудио және бейне жазбалар, буклет.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Мағжан Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» өлеңін тыңдату
- Орындалған ән сіздерге таныс па?
- Тақырыбын атаңыздар?
- Сөзі мен әнінің авторы кім?
Ендеше, білімгерлер бүгінгі сабағымыз қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерімізді еске түсіріп, қорытындылауға арналады.
Білімгер: Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.
(№1Видео өмірі көрсетіледі)
1 - кезең «Жылдар сөйлейді» 1893, 1905 - 1910, 1912, 1913 - 1916, 1917, 1918 – 1919, 1919 – 1923, 1923 – 1927, 1927 – 1929, 1936, 1937, 1938.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі.
1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) мешіт жанында белгілі татар зиялысы М. Бегишев ашқан медреседе оқыды. Бегишевтен Фирдоуси, Хафиз, Сағди, Омар Хайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Оның көптеген өлеңдері бар. Алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» деген атпен жарық көрген.
Мағжан Жұмабаев шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы - қасірет, күйініш те, сонымен қатар романтика, өршілдік, махаббат, арман, мақсат, үміт те бар. Сонымен қатар ақынның өлеңдерінде тарихты түсіну, ақиқатқа көз жеткізу, болашақты болжай білу жайы да бар.
Мағжанның табиғат тақырыбын жырлаған «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Жел» атты өлеңдерінде әсем табиғат, сұлулық, табиғат құбылыстары, табиғат пен адамның байланысы анық көрінеді. Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби - көркемөнер институтында оқып жүргенде орыс және Батыс еуропа әдебиетін беріле оқыған. Соның ішінде неміс, ағылшын, француз ақындарының шығармаларына ден қоя оқыған. Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білуге болады. Ақынның «Түркістан», «Қазақ тілі», «Қазағым» т, б, өлеңдерін ерекше атауға болады.
«Туған жер», «Туған жер»,«Толқын» өлеңдері оқылады.
«Қазақ тілі» өлеңін аудиожазбадан тыңдату.
Білімгер: Мағжан ақынның жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы - махаббат лирикасы. «Гүлсімге», «Сен сұлу», «З - ға», «Р - ға» өлеңдері қазақ қыздарына, олардың сыртқы да ішкі сұлулықтарын сүйсіне жырлайды. Оның дәлелі сабақ басында тыңдаған «Бәрінен де сен сұлу» өлеңі.
Мағжан өлеңдерінің ішіндегі біз секілді жалынды жастарға үлкен сенім артқан, жақсылыққа, болашаққа жарқын жол тілеген өлеңі -
«Мен жастарға сенемін». Өлеңі оқылады.
1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым - қатынас орнатады, көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады.
М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ә. Бөкейханов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, А. Байтұрсынов сынды қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерімен таныс болады, байланыс орнатып, қатынасады.
Ақын небары 19 жасында алғашқы өлеңдер жинағын шығарды.
М. Лермонтов, А. Блок, М. Горький шығармаларын, И. Гете мен Г. Гейне поэмаларын қазақ тіліне аударған. 1913 - 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.
Білімгер: Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек еткен. Оның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» поэмалары бар.
Мағжан поэмасында әлеуметтік оқиғалар, сұлулық, махаббат, ашу - ыза, табиғат сырлары, алауыздық, берекесіздік, өмір мен өлім туралы шебер жырланған.
1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде,“Шолпан”,“Сана” журналдарында,“Ақжол” газетінде
қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1922 ж. Мағжан Жұмабаев – Ташкенттегі қазақ - қырғыз институтының оқытушысы
1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
Мағжанның алғашқы некесі ұзаққа созылған жоқ әрі қайғылы аяқталады. Бірінші әйелі Зейнеп әйгілі Шоқан Уәлихановтың немере қарындасы болып келеді. Ол тұңғыш перзентін туғаннан кейін қайтыс болады. Ал сәби жасқа толмай шетінеп кетеді.
Екінші рет некесін кішкентайынан ғашық болған Зылиқамен қидырады. Алайда, бұл некеден де бала болмайды. Мағжанның еңбектері мен қолжазбаларының көп бөлігін сақтап қалған да осы Зылиқа апай.
№2 Видео (М. Жұмабаевтың жары Злиха туралы көрсету).
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет - көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды.
Білімгер: 1926 жылы жарық көрген «Ертегі» поэмасы да аса қызық құрылған поэма. Поэма оқиғасы ертегіге ұқсас. Әңгіме төркіні - мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал соғыс. Оқиға шығыста, бау - бақшалы мекенде өтеді. Жүзім шарабын ішіп масайраған тышқан, мысықты тілдейді, оны естіген мысық әлгі сорлыны жеп қояды. Бұдан әрі мысық пен тышқан арасындағы соқтығыс күшейе түседі. Ақырында тышқан көптігін жасап, оны жеңілуге мәжбүрлеп, мысық патшасын қуып, тақтан түсіреді. Бұл мысалда ақын 1905 жылғы революцияны, жұмысшылар мен шаруаларды сынап, берекесіздікті айтады.
Мағжан Жұмабаев «Ой», «Мені де өлім әлдиле», «Зар» т. б. өлеңдерінде өлім жайын айтып, көп толғаған.
№3 Видео (М. Жұмабаев түрмедегі кезінен үзінді көрсету).
1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
Жүргізуші. Мағжан Жұмабаев поэмаларының ішінде күрделісі, сюжет желісі жағынан ерекшесі - «Батыр Баян» поэмасы. Поэмада 18 - ші ғасырдағы қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайы сөз болады. Поэмаға Абылай ханның кезінде екі ел арасындағы бейбітшілік пен достық қарым - қатынас орнағанға дейінгі оқиға арқау болған. Кезекті бір айқаста қол бастаушы батыр Баян қалмақтың қызын еліне алып келеді. Батырдың қызға көңілі қатты ауғанымен, қыз ыңғай бермегесін оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда қалмақ қызына батыр Баянның інісі Ноян ғашық болып, екеуі елден қашып кетеді. Ашу үстінде батыр Баян олардың көңіл қосып елден қашқандары үшін намысы қысып інісі Ноян мен қалмақ қызын атып өлтіреді. Поэмадан басты кейіпкердің асау мінезін, бірбеткейлігін, бірақ ниетінің ақ екенін көреміз.
«Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсету
1929 жылы М. Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.
№4 Видео. (Түрмедегі кезінен үзінді көрсету).
1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
жылы наурызда М. Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады.
1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді.
№5 Видео.(Атылған кезінен үзінді көрсету).
Жүргізуші: Шығармалары дүкендер мен кітапханалардан алынып, жойылады. Ақынның жазған еңбектерінің түгін қалдырмай, өртеп жібереді. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы шығармаларын оқуға тыйым салынады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Мағжан Жұмабаев “Түркістан”өлеңі

Мағжан Жұмабаев “Түркістан”өлеңі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік асылы болып табылады. Бұл теңдессіз сарайлар кешені 30 әр түрлі бөлмелер мен...
Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына арналған дидактикалық материалдар

Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына арналған дидактикалық материалдар

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?...
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының хантәңірі

Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының хантәңірі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау...
«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге талдау жасау

«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге талдау жасау

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешов Болат Нағымұлы...
Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету