Сайтқа кіру Тіркелу

Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» романы

Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;
Логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау. Мәнерлеп оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

І топ Ғабиден Мұстафиннің өскен ортасы, алғашқы білім алған орындары
ІІ топ Ғабиден Мұстафин шығармашылығы.
ІІІ топ Прозалық жанрдағы шығармалары.(роман, повесть, әңгімелері, «Шығанақ» «Дауылдан кейін» «Қарағанды» романдарына түсінік беру)
ІV топ Қазақ драматургиясына қосқан үлесі (пьесалары)
INSERT стратегиясы
INSERT стратегиясы бойынша кестені толтыру
Ол 1902 жылы Қарғанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу - білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша - қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» - деп өкінеді кейін жазушы.
1918 - 1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жолдары оянады.
Жиырмасыншы жылдары туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді. Ауылдағы негізгі тартыстар Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалықтар, әлі мен солын айыра бермейтін кедейлердің қиын хал - күйі төңірегінде өрбитін. Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы «көргенімді, сезгенімді жазатынмын» - дейтін Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап бүкіл өнер жолына үлкен әсер осындай тартыстардың қызу ортасы еді.
Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шығымдарда айтылған қиянат, мұң - шер, жапа шеккен адамдар туралы нақтылы оқиға негізінде жазған хабарлама, очерк, фельетондарын «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне жариялап жүрді.
Сөйтіп, Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан - ақ өзінің өзекті Қазақ әдеб. 11 сынып рус. кл. Тақырыбын – бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» (1929) арқау болған да өзі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана - сезімі, таптық күрес еді. «Ер Шойын» - жазушының ғұмырлық Қазақ әдеб. 11 сынып рус. кл. Тақырыбын белгілеген, өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.
Белгілі сыншы - ғалым З. С. Кедрина жазушының өнер жолын саралай келіп, оны тың тақырыптарға алдымен баратын батылдығын, жаңашылдығын «творчестволық барлауда» деп, басып айтты. Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы «Сәрсен мен Боқаш» (1927 - 1928), «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» сияқты әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан таптық тартысты нақтылы оқиға - көріністер арқылы реалистік дәлдікпен бейнеледі. Жазушының ыстық ықыласы қаналған тап жағында. Көркем образдар арқылы: «Адал еңбегінің қызығын көрмей, «адам»! деген ардақты атқа қолы жетпей қиналған адал жандар осылар!» - дейді жазушы. Байдың малын бағып, байлығын көбейтіп жүрген құтты қол жандар жас жазушыға адамгершілік пен ақиқаттың өзіндей көрінеді. Осындай жандарды сүліктей сорып, басын көтертпей езгіге салған үстем тапты автор жиіркенішпен, жек көре суреттейді. Жазушының мақсаты айқын, мүддесі ашық – кімді жақтайтыны, кімді даттайтыны түсінікті. Таптық күресте қажыр - қайрат, ұйымшылдық қажеттілігін суреттеген «Ер Шойын» жинағы тартыстың әлі толастамаған кезінде шыққанын ескерсек, кітаптың әлеуметтік, тәрбиелік мәні ерекше болғанын түсіну қиын емес.
Жас қаламгердің шығармаларында кейбір біркелкілікке құрылып, жинақтау сипаты, көркемдік мәнерлеу, тіл шеберлігі жетпей жатқанмен, алғашқы қадамынан - ақ автордың азаматтық белсенділігі, мақсатының айқындығы анықтала түседі.
Бірақ Ғ. Мұстафиннің ізденісі жеңіл болды, қиыншылыққа кездеспеді десек, шындықтан ауытқыр едік. Жас кезінде жүйелі білім ала алмаған жазушыға өмір – білім бұлағы, еңбек - өнер шырағы болды. Баяу қалыптасып, жеңіл шығармалар да жазды, бірақ тынымсыз еңбек, іздену, оқу білімді, парасатты, қайраткер жазушыға айналдырды.
Жаңа кітаптың қуанышы басылмай жатып, өмірді терең зерттеу қажеттігін түсінген қаламгер Қарағанды қаласындағы қайнаған еңбек майданына (1930) араласып кетеді – үш жыл шахтада жұмыс істейді, жер қазады, токарь мамандығын игереді. «Мен келгенде, - дейді жазушы, - Қарағандыда бес - алты жаман барак қана, 30 - 40 жұмысшы ғана бар еді. Олар көмірді қайламен қазып, сыртқа темір шелекпен қол бұрау арқылы шығаратын. Шахта дегендері – бір ғана құдық».
1933 жылы Ғ. Мұстафин «қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалды. Бірақ көп кешікпей қазақ тілінде «Қызыл ту» атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады. Өмірлік тәжірибесі байыған, журналист ретінде қаламы төселген Ғ. Мұстафин 1938 жылы газет жабылысымен Алматыға көшіп келеді. «Бұл менің тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен, қайта оралған шағым», - деп жазады Ғабең.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы

Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы

Мақсаты: Ғабиден Мұстафин шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту...
Қажымұқан өлеңі. Сәкен Сейфуллин

Қажымұқан өлеңі. Сәкен Сейфуллин

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бижанова...
М.Әуезовтың өмірі мен өнер жолы, ұлылық үлгісі

М.Әуезовтың өмірі мен өнер жолы, ұлылық үлгісі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: а) жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. ә) ұлы суреткердің алғашқы...
Ғабиден Мұстафин

Ғабиден Мұстафин

Ғабиден Мұстафин (1902-1985жж.) Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап...
Ғабит Мүсірепов

Ғабит Мүсірепов

Ғабит Мүсірепов (1902-1985жж.) Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында шаруа отбасында туған....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×