Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Сабақ тақырыбы: Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
7. А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формаларымен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.
7. Ж5. Тақырып бойынша сөздердің манызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары туралы түсінігі болады; Наурыз мейрамына қатысты құттықтау - тілек айта алады; тақырып бойынша сөздерді жаза алады.
Оқушылардың басым бөлігі: ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана біледі; тақырып бойынша күрделі сөздерді дұрыс жаза алады, тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
Кейбір оқушылар: сөзді формалары мен жағдаяттарына сай қолданып, ойын дәлелді жеткізе алады; Наурыз мейрамына басқа мереке, мейрамдармен салыстырып, сипаттай алады.

Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: сұрыққа жауап береді, диалогке түсе алады, ойын дәлелдейді, салыстырады, сипаттайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: наурыз мерекесі, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, құттықтаймын, тойланады, ұлы күн, ғажайып кезең, күн мен түн теңеседі, қарсы алу.
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Наурыз мейрамы туралы не айта аласың?
Наурыз мейрамында қандай тілек айтылады?
«Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!» деген тілектің қандай мағынасы бар?
Талқылауға арналған тармақтар: «Наурыз мейрамы кезінде араздасып жүрген жақын адамдар болса, татуласулары керек» деген пікір дұрыс па?

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×