Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бірге жазылатын сөздер

Бірге жазылатын сөздер
Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді.

Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрқайсы, әрдайым, әрқашан, ешкім, ешбір, ешқандай, ешқайда,, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, біріңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқандай.

Ескерту. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.

Ғылымның әр алуан саласындағы (саяси - әлеуметтік, биологиялық, астрономиялық т. б.) терминдік мәнге ие болып қалыптасқан атаулар және басқа сөздер де бастапқы тұлғалары сақталып, дағды бойынша бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, халықаралық, қолбасшы, бесжылдық, оңтүстік, солтүстік, арақатынас, көзқарас, шекара, шетел, еңбеккүн, шикізат, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, қосаяқ, қарақұйрық, аққу, қарақұс, бұзаубас, тасбақа, есекмия, жаужұмыр, түйеқарын, жемшөп, Темірқазық, Ақбозат.

Ескерту. Кісі аттарының да түбір тұлғасы сақталып жазылады; мысалы: Мергенбай (Мергембай емес), Аманкелді (Амангелді емес), Аманқұл (Аманғұл емес), Досжан (Дощан, Дошшан емес), Күнпейіс, (Күмпейіс емес), Жетпісбай (Жемпіспай емес), Қартбай (Қартпай емес)

Екі үш сөзден құралған географиялық атаулар түбірі сақталып бірге жазылады, ал аттас жерлерді бір - бірінен ажырату үшін алдынан қолданылатын анықтауыш сөздер бас әріптен басталып, бөлек жазылады. Мысалы: Ақтөбек, Талдықорған, Қызылорда, Алатау, Екібастұз, Қызылжарқұдық, Батыс Двина, Кіші Азия, Орта Азия, Үлкен Қараой, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету