Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №17

Тарауда
Үш ат жеккен кең күйме Ақшоқыдан қалаға тартып барады. Биыл күзде Абай Әбіш, Мағаш және Күлбаданды орысша оқуға орналастыруға бара жатты. Михайловтың ақылымен Мағаш пен Күлбаданды «уездный школға» береді. Ал Әбіш жасына байланысты, жеке оқытушы жалдатып оқыта бастайды. Бұдан басқа ауылдағы жетім балаларды да интернатқа оқуға Абай тапсырады. Әр он күнде Баймағанбетке айтып, балаларын алдыртып, бір қуанышқа бөленіп отырады. Сондай күндердің бірінде: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім...» - деп өлең оқиды. «Оқыңдар, адам болам деп, оқыңдар, ел азаматы болам деп, оқыңдар», - дейді. Бұл қыста Абай тек кітап оқумен қалмай, қағаз бен қалам алып, өлең жаза бастаған. Бірақ өлеңдерін Көкбайдың атынан шығаратын еді.

Биікте
Татьянаның сахарадағы әні Бірнеше жылдар өтеді. Осы жылдары Абай көп еңбек етеді, өнер іздейді. Абай кітаптары арқылы екі аға тауыпты. Олар Пушкин мен Лермонтов болатын. Бүгінде ол «Евгений Онегинді» аяқтады. Сондағы Татьянаның тағдырына үңіліп, Тоғжан мен Салтанатқа ұқсатады. Сосын Татьянаның хатын аударып шығады. Михайлов айтуы бойынша, Евгений Онегиннің күйі («Евгений Онегин» операсы, жазған Чайковский) шығыпты. Абай соған қызығып, жаңағы аударылған хатқа ән шығара бастайды. Сол сәтте үйге кішкене молда, Әйгерім, Баймағанбет, Мұхаметжандар (Абайға ілескен, Тобықтыға жас ақын ретінде танымал) кіреді. Олармен қоса Көрпебай да кіріп, Абаймен тоғызқұмалақ ойнауға кірісіп кетеді. Мұхаметжан қызығып, Татьянаның хатын оқи бастайды. Сосын домбыраны алады да, үйлестіріп сала кетеді. Басында қазақша әндерге (Топайкөк, Ақбала) ілеспейді. Содан кейін еш іркілмей әнін тауып, бір керемет әуен жырлана түседі. Абайлар да ойынын тоқтатып, ден қойып тыңдай бастайды. Біршама уақыт өте ас мәзірі дайын болып, барлығы тамақтанып алады. Ал Абай әдеттегідей айналадағы отырғандарға қызық әңгіме айта түседі. Бүгін ол француз жазушысы Александр Дюманың атақты романы «Үш мушкетерді» қызық әңгіме етіп, ұзақ баяндап, түн жарымға шейін отырады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №18

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №18

Бүгін Семей қаласында Абайдың Қысатай деген туысқанының пәтерінде ән шашу, жиын болып жатты. Жиналғандар Абай, Қысатай, Шұбар, Көкбай, Ысқақ пен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №14

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №14

Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке,...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×