Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

ІІ - Кітап

Тайғақта
Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді. Құнанбай ақшадан уайым болмасын деп қайта - қайта мал сатқызады. Сапарға шығатын кез келеді. Құнанбай өзімен бірге Ызғұттыны ертіп кетпек. Оларды Семейге дейін шығарып салуға Ұлжан, Абай, Мәкіш (Абайдың апасы) қосыла жолға шығады. Мәкіш жол бойы жылау үстінде келеді. Абай оның жылауын тоқтатып, Топайкөкті айта түседі. Мәкіш Тоғжан жайлы бірер сөз қозғап қояды. Біршама жол жүрген соң қоштасар сәт келеді. Абай оқып, жиған - тергенін қағазға түсірген екен. Соны Ызғұттыға береді. Ұлжандар жыласып, қайырласады. Құнанбайлар көзден таса болғанша жұрт көз алмай тұрысты. Сосын жайлап артқа қайта кетті.

Ұлжан, Абайлар Қарқаралыға келгенде өзінің құдасы Тінібек оларды аса мейірімділікпен күтеді. Көп болмай Ұлжан, Мәкіштер қайтамыз деседі. Абай бір - екі жұмысым бар деп қалада қалатынын білдіргенде Ұлжан оған талай сөз айтады. Себебі, Абай әлі алты айдан бері қаладан қалаға жүріп, үйіне әлі бармаған болатын. Анасы ел - жұрт, бала - шаға, Ділдәні ойла деген еді. Осыдан он бес күн өтіп, Абай мен Ербол ауылға бет бұрысты. Жолда күн батарда, жаңбыр жауғалы тұрғанда екі жігіт Орда тауына жетеді. Кенеттен жаңбыр себелей түседі. Бір тастақ қиядан асқанда кішкене ауылдың шеті көрінеді. Бұл Байшораның Бекей ауылы екен. Ауыл ішіндегі Бекей шаңырағына кіріп, сол жерде қонақ болады. Ас піскенше екі жігіт ұйқыға кетеді.

Бір кез Абайдың түсі, яки өңінде ме "Топайкөк" шырқала кетеді. Екеуі де ояна кетісті. Бірақ ән әлі шырқалып жатты. Сыртқа шығып білсе, шырқап жатқан Шекей қызы Шүкіман екен. Өзі Тоғжаннан айнымайды. Кейін Шүкімандар Абайларға келіп, бірге көңіл - күй көтереді. Абай Шүкіманнан көз үзе алмай қалады. Себебі, бұл сұлу Түйеөркештегі Тоғжанды елестететін еді. Таң ата екі атты ауылға қайтады. Ұлжан ауылы Шалқар деген жерде екен. Жолда Абай мен Ербол Шүкіманға жаңа ат береді. Оны Әйгерім деп атайды. Абай Әйгерімді жар етуге бел буады. Абай ауылға жетіп, үш жасар Мағашын құшағына басады. Үлкен ұлы Ақылбай Нұрғанымның қолында өсіп жатқан болатын. Ал Күлбадан, Әбдірахман және Мағаштар Ділдәмен бірге. Көп өтпей Абай шешесіне Әйгерім жайын айтады. Ұлжан Абайдың бұл сөзін күйзеу қабақпен тыңдап, соңында опық жейтінін айтады. Бірақ, шешесінің қарсылығы байлауға бөгет болған жоқ. Осыдан кейін Абай Бекей ауылында он бес күндей боп қайтады. Абай осы арада барлығын риза етіп, үлкен мал беретін болып келіседі. Мал жағынан Абайға Оспан көп қарасады. Жақып, Жиренше, Оспан, Ғабитхандар құда түсіп қайтады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №14

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №14

Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке,...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №12

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №12

Көктемнің шапағаты соншалық, табиғат күрт жаңара түсті. Абай кітап оқудан еш шаршамаған. Ол орыс тілін жетік меңгергендей Пушкиннің «Дубровский»...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №8

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №8

17 жаста Абай әке атанады. Ділдәдан үлкен баласы Ақылбек туды. Бір жыл өте кейінгі қызы Күлбадан дүниеге келеді. Бұл кездері Абай өзін әке сезініп...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×