Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №8

Қияда

17 жаста Абай әке атанады. Ділдәдан үлкен баласы Ақылбек туды. Бір жыл өте кейінгі қызы Күлбадан дүниеге келеді. Бұл кездері Абай өзін әке сезініп жүрген жоқ еді. "Әке болдың" деген жұрттың сөзінен ұялып, қиналып жүретін. Осындай кездердің бірінде көктем келіп, сәуір, мамыр айлары шықса да үскірік боран тоқтамай, ауылдарда мал қырылып, жұт болады. Осындай жұтшылықтан қашып Ырғызбай қыстауларына Бөкенші Дәркембай келе жатты. Дәркембайдың отыз-қырық қойынан шөп қызғанып, Тәкежан Жұмағұлды жұмсап қуа кетеді. Майбасар старшындықтан түскеннен кейін Жұмағұл да атшабарлықтан қалып, Тәкежанмен дос болып алған болатын. Абай үйінде Ербол, Жиренше, Асылбек және Базаралылармен әңгіме құрып отырғанда Дәркембай келіп көмек сұрайды. Абай, Ербол екеуі лезде тұрып, барып Жұмағұлды жақсылап сабап, атын алып қояды. Содан кейін қойлар тегіс маяларға бас қояды.

Ал Жұмағұлды үйіне жаяу қайтарады. Абай Дәркембайға жұттан қиналып жатқан барлық ауылдардың малын жинап, алып келуді бұйырады. Бір күн өтпей қорыққа келген ауылдардың саны елуден асты. Сол күні Тәкежан Қарашоқыға бет алып, әкесіне Абайдың үстінен шағымданыпты. Құнанбайдың сәлемін Жидебайға жорға Жұмабай алып келеді. Әкесінің сөзіне көнбей, Абай оны да қайтарып жібереді. Құнанбай бұған ызаланып, ендігіде Жақыпты жібереді. Оған Зере, Ұлжан мен Абайлар да қарсы шығып, Құнанбайдың қыстағы ақылдаспай істеген ісіне ренжігендерін білдіріп, Жақыпты да жөнелтеді. Құнанбайдың биыл қыста бүлдіргені – ешкіммен ақылдаспай төртінші қатын алғаны болатын. Бердіқожа деген қожаның қызы Нұрғанымды тоқалдыққа алған еді. Абай дәл осы істі Жақыпқа айтып жібереді. Құнанбай бұйрығынан құтылған соң Ұлжан мен Абай бар ынтасын көпті күтуге салады. Он бес күн өтеді. Көктемнің шырайы ашылып, жылы жел соға бастайды. Абайдың арқасында елу ауылдың мың жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы жандарын сақтап, аман қалады.

Көктемнің ескегі соға бастасымен жұрт жазғытұры жайлауларына көше бастады. Көші-қон кезінде Зере қатты сырқаттанады. Бір-екі күнде тынысы тарылып, қозғала алмайтын болып қалады. Бір күні таңсәріде Зере көзін ашып, Ұлжан мен Абайға соңғы сөздерін айтады да, әжім басқан көздерін мәңгілікке жұмады. Күн шығысымен хабар шартарапқа тарап, ағайын тегіс жиналады. Абай түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмей, қайғыға батып кеткен болатын. Қырқына шейін әжесінің рухына арнап Құран аударып жүреді. Ұлжан Абайдың қатты ойға түскенін байқап, Ерболмен бірге ел аралап қайтуын сұрайды. Сүйіндіктің Асылбегі Абайды қонаққа шақырыпты. Олар солай қарай бет алысты. Біраз күн ол жерде қонақ болып, Қадырбай ауылына Қарашаш және бір топ жастармен барады. Сұрастыққа тек мамырдың жұтын сұрайды. Қызық ойын-сауықтар болады. Осы екі жеті ішінде Абайдың бетіне күлкі жүгіргендей болып, Тобықты жайлауына сергіп қайтады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21

Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×