Сайтқа кіру Тіркелу

Біздің президент

Сабақтың тақырыбы: Біздің президент
Мақсаты:
Білімділік — Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру;
Дамытушылық — туған елі, Отаны, президент туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік — Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Тапсырмалар: тест жұмысы, диалогтік тәсіл.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: «ыстық орындық», «суық орындық» әдістері; СТО; диалог, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: үлестірмелі парақша, оқулық, кестелер;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- кезекшімен сұхбат.
- сыныпты топқа бөлу
Жұмбақтар арқылы, топқа бөлу.
Қабат - қабат қаттама, Жіп - жіңішке денесі,
Ақылың болса аттама. Ортасында шегесі.
(кітап) (қарындаш)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ыстық орындық» әдісі
- Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек., ортадағы биік орындыққа отырып оқиды. Әр топтан бір сұрақ қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сұрақ - жауап жүргізу.
1. Біздің Отанымыз?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақ халқы қандай халық?
4. Рәміз дегеніміз не?
5. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
6. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
7. Балалар, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыңдар.
- Иә, балалар, «менің елім - Қазақстан» модулін жалғастыра отырып, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Біздің президент» деп аталады.
Мақсатымыз:......
2. Көркем жазу.
Берілген сөздерге әріптерді дұрыс қою.
... арыш,.. алым,... абит,... азиз,... ылым, а.. аш, та.. а, жа.. а, са.. ат, қол.. ап.
Балалар бұл қай әріп? (Ғ)
Ғ дыбысы — дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыс.
Балалар, қазақ тіліне тән неше дыбыс?
Оларды атаңдар?
Мұғалімнің сөзі.
3. Сөздік жұмысы.
Ғимарат – здание
Білімді адам - грамотный человек
Сабырлы адам - уравновешенный человек
Мейірімді адам – добрый человек
- Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
- Дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Жаңа сөздерді талдау.
- Жаңа сөздерді қатыстырып диалог құрастыру
4. Грамматикалық тапсырма. (тәуелдеу)
1 топ. Астанаға барғым келеді
2 топ. Президент болғым келеді
5. Сергіту сәтті
6. Мәтінмен жұмыс.
1 топ.
Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев - Тұңғыш Президент. Біздің Президент - білімді, сабырлы, мейірімді адам. Біздің Президент Ақордада жұмыс істейді.
2 топ.
Бұл Ақорда. Президенттің жұмыс орны. Мен Алматы қаласында тұрамын. Президенттің жұмыс орны. Мен Алматы қаласында тұрамын. № 12 мектепте төртінші сыныпта оқимын. Қысқы каникулда мен Астанаға бардым. Мен Ақ ордада саяхатта болдым. Ақорда – әдемі, үлкен ғимарат.
- Орыс тіліне аудару
- Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру
- Тест сұрақтарына жауап беру
Тест. 1 топ.
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?
А) президент
Ә) мұғалім
Б) әке
2. Н. Ә. Назарбаев қандай президент?
А) екінші
Ә) тұңғыш
Б) соңғы
3. Біздің президент қандай адам?
А) білімді, сабырлы, мейірімді
Ә) ақылды, әдепті, әдемі
Б) ұзын, қара көзді, сұлу
4. Президент қайда жұмыс істейді?
А) Мектепте
Ә) Ақордада
Б) Асханада
5. «Білімді адам» сөз тіркесінің аудармасын тап.
А) уравновешенный человек
Ә) грамотный человек
Б) добрый человек
6. Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Алматы қаласы
Ә) Қарағанды қаласы
Б) Астана қаласы
7. Қазақстан қандай мемлекет?
А) тәуелсіз
Ә) кішкентай
Б) тар
8. Сен қайда тұрасың?
А) қалада
Ә) ауылда
Б) көшеде
9. «Ұлт» сөзінің аудармасын тап.
А) русский
Ә) национальность
Б) казах
10. 1 - желтоқсан қандай мереке?
А) Тұңғыш Президент күні
Ә) Тәуелсіздік күні
Б) жаңа жыл
2 топ.
1. Президенттің жұмыс орны?
А) Астана
Ә) Ақорда
Б) Мектеп
2. Қысқы каникулда қайда бардың?
А) Қарағандыға
Ә) Астанаға
Б) Көкшетауға
3. Ақорда қандай ғимарат?
А) әдемі, үлкен
Ә) кішкентай, таза
Б) зәулім, кең
4. Сен қайда тұрасың?
А) Астанада
Ә) Алматыда
Б) Шымкентте
5. «Сабырлы адам» сөз тіркесінің аудармасын тап.
А) уравновешенный человек
Ә) грамотный человек
Б) добрый человек
6. Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Алматы қаласы
Ә) Қарағанды қаласы
Б) Астана қаласы
7. Қазақстан қандай мемлекет?
А) тәуелсіз
Ә) кішкентай
Б) тар
8. Рәмізді тап?
А) елтаңба
Ә) ауылда
Б) көшеде
9. «Ұлт» сөзінің аудармасын тап.
А) русский
Ә) национальность
Б) казах
10. 1 - желтоқсан қандай мереке?
А) Тұңғыш Президент күні
Ә) Тәуелсіздік күні
Б) жаңа жыл
Кілті.

1 топ
1 – А
2 - Ә
3 - А
4 - Ә
5 - Ә
6 - Б
7 - А
8 - Ә
9 - Ә
10 - А

2 топ
1 – Ә
2 - Ә
3 - А
4 - Ә
5 - А
6 - Б
7 - Б
8 - А
9 - А
10 - Ә

7.«Сандар сөйлейді» ойыны
1 - Желтоқсан Тұңғыш Президент күні
25 - Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл.
16 - тәуелсіздік күні
10 - сыныпта 10 оқушы
4 - біз төртінші сыныпта оқимыз

Қорытындылау. «Суық орындық» әдісі
Сұрақтары:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай президент?
3. Президент қайда жұмыс істейді?
4. Рәміздерін білесің бе?
5. 1 - желтоқсан қандай мереке?
6. 16 – желтоқсан қандай мереке?

Үйге тапсырма: 65 бет, 1 тапсырма.
Бағалау: бағалау парақшасы арқылы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Тұғыры биік Елбасы"

Мақсаты: Балаларға «
Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...
Біздің сүйікті - Елбасы

Біздің сүйікті - Елбасы

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына...
Жаңаөзенде 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар б ...

Жаңаөзенде 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар б ...

Жаңаөзенде 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар басталды 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ...
Президент күні

Президент күні

Презентация Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам....
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×