Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: А. Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу;
2. Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін айта білуін қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: мейрімділікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сұрақ - жауап, талдау, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, домбыра, қобыз, сызба - кестелер, ҚР. картасы, кеспе қағаздар және жұлдызшалар, суреттер.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән - күй.

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) психологиялық дайындық
Сабақтың дәйек сөзі: “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.” Ә. Кекілбаев

ІІ. Жаңа сабақ (3, 4, 5 - слайд)
1. А. Байтұрсынұлының өткен сабақта қандай шығармасымен таныстық? («Қара бұлт» өлеңі)
2. Өлең тақырыбы не жайында? (Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер жайында)
Ал бүгінгі сабағымызда «Анама хат» өлеңі.
3. Өлеңнің шығу тарихымен таныстырылады. (5 - слайд, сызба - кестемен)
4. Ән тыңдау кезінде «Ақын туған жерінің келбеті» слайдтары көрсетіледі (6, 7 - слайдтар).

ІІІ. Топтық жұмыс. (8 - слайд) Топтық жұмыс орындалу барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы А. Байтұрсынұлының «Анама хат» әні аудиотаспадан жіберіледі.
І топ. «Ақындар»
1. Алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу.
2. Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау.(сатылай кешенді талдау)
ІІ топ. «Жазушылар»
1. 4, 5, 6 шумақтарды мәнерлеп оқу.
2. Қара сөзге айналдырып, әңгіме құрау.

ІV. Сөздікпен жұмыс.
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам - жаратушы алла
Жарам – уайым, қайғы
Харам - адал емес
Кермесіне – кедергі, қарсылық мағынасында

V. Сергіту сәті. (10 - слайд, музыкамен)
VІ. Бекіту.(11, 12 - слайдтар)
1. «Кім тапқыр?» ойыны. Интербелсенді тақтада берілген тапсырманы оқушы сызба арқылы табады.
2. Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Ақындар» Өз шығармашылығыңнан анаңа жазылған бір шумақ өлең оқып бер.
ІІ топ. «Жазушылар» Ана тақырыбына жазылған мақал – мәтелдер айтып бер.
VІІ. Қорытындылау. Топтастыру әдісі бойынша балаларға түрлі - түсті жұлдызша қағаздар таратылады.

Сабақта ақынның шығармаларынан кітап бұрышы ұйымдастырылады.(13 - слайд)

VІІІ. Үйге тапсырма:
1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
2. Аналарымызға хат жазу (өлең шығару, сурет салу)

ІХ. Бағалау Сабақ барысында оқушылар жауабына жасыл, қызғылтсары, көк түсті жұлдызшалар сыйлық ретінде жауаптарына сәйкес беріледі. Мұндағы жасыл -«өте жақсы», қызғылтсары -«жақсы», көк - «орташа». Оқушы жауаптарын А. Байтұрсынұлының тәрбиелі сөздерімен байланыстырып бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...
Жамбыл Жабаевтың Алатау өлеңі

Жамбыл Жабаевтың Алатау өлеңі

Жамбыл өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру, Алатау өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың өнерге, білімге деген...
Ахмет Байтұрсынұлы«Екі шыбын»

Ахмет Байтұрсынұлы«Екі шыбын»

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі

Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - бала бақшасының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құлекешова Айнұр Базарбайқызы...
Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі

Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі

Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету