Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Шынықсаң шымыр боласың

САБАҚ:
Қазақ тілі Мектеп: Сарыөзен жалпы орта білім беретін мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты - жөні: Қойбағарова Сымбат Жауынбайқызы
СЫНЫП: 5
Сабақтың тақырыбы: 5 - бөлім: Бос уақыт және хобби 2. «Шынықсаң шымыр боласың»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
5Т/А. 5 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.
5. ӘТН. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Тыңдалған мәтін мазмұнын айта алады, тірек сөздер жаза алады, жабық сұрақ қойып, жауап бере алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тыңдалған мәтінге сәйкес ашық сұрақтар құрастыра алады, өз ойын білдіре алады, сабақ барысында оқушылар уақыттың бағасы туралы тереңірек ойлана бастайды, өткен уақытты қайтаруға болмайтынын түсінуге қадам жасайды
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көтерілген мәселе бойынша өз ойын жан - жақты қарастырып, терең білдіруге нақты мысалдар келтіре алады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөздерді айта алады
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Уақыт өлшеулі, құны өлшеусіз, уақыт қадірі, босқа өткен уақыт, уақыт қордаланбайды; қас қағым сәт, бір тәулік, шай қайнатым уақыт, ет асым т. б.
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сен спортты жақсы көресің бе? Бос уақытында спортпен айналысатын кімдерді білесің?
Не себепті …. деп ойлайсыз?
Не себепті уақытты үнемдеу, ұқыпты пайдалану керек деп ойлайсыз?
Ишара:
Дене қимылдарымен жауап беру, қол көтеру, орнынан тұру
Алдыңғы оқу: Бос уақытымды қалай өткіземін?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
3 мин
2 мин
2 мин
«Ондық, жүздік» топтарға бөлу.
Оқушылар назарын аударту: Ширату жаттығуы
Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлиеваның орындауындағы «Уақыт» әні көрсетіледі, тыңдалады.
Тыңдалым «Уақыт» (мәтінді тыңдату)
Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс, күн мен оның сәулесі арасындағы, ағаш пен жемісінің, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Демек, уақыт дегеніміз – біздің өміріміз. Уақытты босқа өткізу мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу деген сөз. Бізге бір - ақ рет берілген мүмкіндік және мәңгілік ғұмырдың кілті осы өмірде.
Осыны зая қылмау үшін бірінші уақыттың қадірін білу керек және сол аралықты қалай пайдалануды жақсы меңгеру керек.
Өткен күн – тарих, келешек көмескі. Уақыт – адамға берілген нағыз сый. Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Мен болмасам кім, қазір болмаса қашан демеуге шарамыз жоқ. Уақыт адам баласының азына ие болып, көбіне мұқтаж болған нәрсесі. Барлығында жиырма төрт сағат бар. Бірақ баршасы бұны ұтымды қолданбайды. Уақыт қордаланып жиналмайды, кері қайтарылмайды. Қарызға алуға және беруге болмайды. Сыйға тартылмайды. Мирас ретінде қалдырылмайды. Уақыт деген – біздің өміріміз.

Бейнежазба
timba. kz> videos >
toktar - men - beybit - uakyt.
Аудиожазба
Ортасы
5 мин
5 мин
7 мин
5 мин
8 мин Жұппен жұмыс. Диалогты оқу Оқыған диалог бойынша сұрақ - жауап әдіс (біріншісі сұрақ қояды, екіншісі жауап береді, үшіншісі жазып отырады)
«Қос жазба күнделігі» жеке жұмыс
Сөздер:
Арам, адал, қалың, қоңыр, сары. Мағынасы
Уақыт деген – біздің өміріміз 1. Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ
2. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады

«Сана саяжолы» стратегиясы бойынша оқушыларды «Уақытты бағалаймын», «Уақытпен санаспаймын» дейтіндер деп 2 - ге бөліп, ой - пікірлерін дәлелдетуге мүмкіндік жасау.
*Уақытты бағалап жүрміз бе? Уақыт маңыздылығы неде?
* Не себепті уақытты үнемдеу, ұқыпты пайдалану керек деп ойлайсыз?
Кестемен жұмыс
Күрделі сөздерді ажырату
1 - топ « Біріккен сөздер», «қос сөздер» 2 - топ «Тіркескен сөздер», «қысқарған сөздер» тапқызу (мәтіннен теріп жазу) 11 - тапсырма
«Ішкі және сыртқы шеңбер» МАН
Дәптермен жұмыс
Интербелсенді тақта
Кестемен жұмыс
МАН
Соңы
5 мин
3 мин Шығармашылық жұмыс.
«Бір минут» Таныстарың немесе өзің қандай ұлттық ойындар ойнайсың? Олардың қызықтары жайлы әңгіме жаз. Әңгімеде біріккен, қосарланған, қысқарған, тіркескен сөздерді қатыстырып жаз.
С. Кенжеахметов «Жеті қазына»
Қосымша ақпарат: ғаламтор, қосымша әдебиет
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ - мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).
Барынша қолдау көрсету:
Жеке және топпен жұмыс істей алу қабілеті, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру;
Орташа қолдау:
Сын тұрғысынан ойлау, АКТ саласындағы дағдыларды қалыптастыру;
Қолдау көрсету аз:
Сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті дағдысын қалыптастыру
8 ұпай жинаса – «Өте жақсы»
5 - 7 ұпай жинаса – «Жақсы»
3 - 4 ұпай жинаса --«Қанағаттанарлық»
0 - 2 ұпай жинаса -- 0

музыка
АКТ сабақтың барысында пайдаланылады.
Уақыт маңыздылығы, бағасы, мәні ашылады.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
«Аяқталмаған сөйлемдер»
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:
2:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету