Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Зергерлік және тігін бұйымдары

Рухани жаңғыру
Зергерлік және тігін бұйымдары
 Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
 Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т. б. атаулары бар.
 Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
 Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
 Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.
 Моншақ – түрлі тастар мен шыныдан жіпке тізілген мойынға, қолға салатын, киімге тағатын сән бұйымы.
 Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
 Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үш бұрышты, салпыншақты күміс бұйым.
 Маңдайша – сәукеле т. б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
 Сақина – саусаққа салатын әртүрлі үлгіде күмістен, алтыннан соғылатын бұйым.
 Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылған түйме тәрізді сәндік тағым.
 Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі - түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі.
 Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын астына бірнеше салпыншақтар тағылған бұйым.
 Көз отаға – күміске онатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
 Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шекетулеген аса қымбат белбеу.
 Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
 Оқшантай – ішіне шағын зат салатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
 Қапсырма – әйел қамзолына тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым.
 Шекелік – сәукеле, тақия т. б. баскиімге тағылатын тағым.
 Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
 Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым.
 Шашбау – қыздар шашымен қоса өріліп моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік тағым.
 Шашқап – шашты күннен, шаң - тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сыртын түрлі моншақ, жапсырмалармен безендірілген бұйым.
 Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады.

Әзірлеген: Бегімхан Керімханұлы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Зергерлік және тігін бұйымдары. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету