Сайтқа кіру Тіркелу

Абайдың «Толық адам» философиясы

Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Толық адам» философиясы
Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың «Толық адам» философиясын «Ғылым таппай мақтанба», «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңдеріне талдау жүргізе отырып, жаңа білім беру. Ақын шығармалары арқылы өмірлік «темірқазықтарын» табуға, Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі етуге ықпал жасау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Ақын шығармаларын түсінеді, ойларын айтады. Адамдық қасиеттерге анықтама береді.
Көптеген оқушылар: Шығармаларды талдайды.
Кейбір оқушылар: шағын ойтолғау жазады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік терминология: «Толық адам», ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Меніңше бұл туынды..., Мен өз ойымды былай білдірер едім...
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану
Мектеп құндылықтары: Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;
Осыған дейін меңгерілген білім Қарасөздеріндегі өзін - өзі тәрбиелеу, педагогтік ой - пікірлері, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі.
Сабақтың ұраны «Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын»
Күтілетін нәтиже «Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!»
Сабақ түйіні Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Топтық жұмыс қағидалары - Адам баласына адам баласының бәрі – дос
- Таразы да, қазы да өз бойыңда
- Досыңа достық – қарыз іс
- Ісім өнсін десең – ретін тап
- Асығыс түбі – өкініш
- Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылым деме өзгеден
- Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы
«Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» КММ
Мұғалім: Бекетай Балғын Нұрланқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ашу туралы мақал-мәтелдер

Ашу туралы мақал-мәтелдер

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше. Қатты күркіреген күн Тез ашылады. Қатты ашуланған адам Тез басылады....
Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі

Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі

Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, өлеңдерін талдап, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан...
Абайдың он жетінші қара сөзі

Абайдың он жетінші қара сөзі

Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазған 45 қара сөзі...
Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Өлеңді мәнерлей оқи отырып, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×