Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері

Рухани жаңғыру
Өрнекті өрмек өнері
 Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок).
 Термелі өрнек – кілем тоқитын құрал. Бұған жалпақ тоқыма бұйымдары тоқылады.
 Жәй өрмек – бұған енсіз құр, бау, терме, басқұр сияқты бұйымдар тоқылады. Жәй өрмек бірнеше бөліктерден, құралдардан құралады.
 Қазық – желі және өрмек өрісі үшін қажет қазықтар.
 Кергіш қазық – өрмек өрісін алдыңғы жағынан керіп тұрады.
 «Күйеу қазық» - өрмекті арт жағынан керіп тұратын қазық. «Жетім қазық» деп те атайды.
 Күзу шыбығы – арқау жіп өткізетін ағаш шыбық.
 Күзу арқалығы – күзу шыбығын тең көтеріп тұрады.
 Мосы – арқалықты көтеріп тұратын үш бұтты құрал.
 Адарғы – өрмек өрісінің астыңғы және үстіңгі беттерін айқастыратын ағаш құрал.
 Серу ағаш – өрмек өрісі енін, жіптерін бірдей етіп ұстап тұратын құрал.
 Жүгіртпе – арқау жібін өткізіп тұратын құрал.
 Қылыш – адарғыдан кейін арқау жібін тығыздайтын қылыш тәрізді ағаш.
 Бақылау жіп – өріс жіптері шатыспау үшін қолданылатын (буатын) бөлек жіп.
 Тергіш – өрнек шығару үшін түрлі - түсті жіптерді теретін (іріктейтін) ағаш құрал.
 Еркек жіп – күзуде тұрған желі жіптерінің үстіңгі беті.
 Ұрғашы жіп – астыңғы беті.
 Шатыс – еркек және ұрғашы жіптердің адарғы арқылы айқасуы.
 Тарту жіп – күзуді қозғалмау үшін қатты тартып бекітіп қоятын мықты жіп.
 Жіп қашу – желі жіптерінің үзілуі.
 Арқау – тергіштен кейін шатысты ұстап қалатын, жүгіртпеге оралған арқау жіп.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері. жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары

Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары

Рухани жаңғыру Шеберлердің құрал - жабдықтары ▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап. ▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді...
Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары

Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары

Рухани жаңғыру Тұрмыстық, шаруашылық саймандары ▪ Құрал - сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы....
Киіз үй

Киіз үй

Киіз үй – негізінен киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспаханасы. Ол маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда – салтанатты,...
Өрмек тоқу өнер

Өрмек тоқу өнер

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды аулы, №77орта мектебінің технология пәні мұғалімі Әлжанов Боранбай Сағиұлы...
Алаша тоқу

Алаша тоқу

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №7 Жалпы орта білім беретін мектебінің Бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Жаманов Ербол Тұрарұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету