Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары

Рухани жаңғыру
Шеберлердің құрал - жабдықтары
▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап.
▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді өлшеуіш әрі ою салатын құрал.
▪ Бақауыз – темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап.
▪ Балға – соғатын, қағатын аспап.
▪ Бұрғы – ағаш тесетін құрал.
▪ Біз – етікші құралы.
▪ Білтегеш – тоқымашының тоқу құралы.
▪ Жоңғы – ағаш қабығын жонатын құрал.
▪ Жуалдыз – ине тәріздес құрал.
▪ Көземел ине – жасуы үлкен ине.
▪ Иненің жасуы – көзі деген мағынада.
▪ Инелік – ау тоқитын құрал (ағаш, сүйек).
▪ Тебен – қалың бұйымдар (текемет, киіз) тігетін үлкен әрі жуан ине.
▪ Егеу – темір егейтін құрал.
▪ Мәймөңке – ұшы қисық ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш.
▪ Сыдырғыш – өрімшінің өрімді тегістейтін құралы (сүйек, қатты ағаш).
▪ Сабау – жүн сабайтын ұзынша жіңішке ағаш.
▪ Сояу – талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін иненің бір түрі (сүйек, ағаш).
▪ Сүргі – терінің көк етін алатын құрал.
▪ Кескір – темір кесетін құрал.
▪ Көрік – ұстаның шоқ үрлейтін құралы.
▪ Кемпірауыз – қышқаштың бір түрі, ұста құралы.
▪ Қышқаш – өнделетін, істейтін затты тістеп ұстайтын құрал.
▪ Қайрақ – құралдарды өткірлеу үшін оның жүзін қайрайтын тас.
▪ Қашау – ағаш оятын құрал (темір).
▪ Қазиек – соғылатын, қыздыратын темірді ұстайтын тісті құрал.
▪ Қуысқұлақ – жүзі қуыс ағаш оятын құрал.
▪ Қалып – етікші құралы, аяқ үлгісі (ағаш).
▪ Қайшы – мата қиятын тігінші құралы.
▪ Темір қайшы – қаңылтыр қиятын қайшы.
▪ Түрпі – ағаш мінін алатын бұдырлы темір құрал.
▪ Тескіш – темір, қаңылтыр тесетін ұшты құрал.
▪ Ырғақ – тезден шыққан ағаштарды үлгіге келтіретін қарапайым қалып ретіндегі құрал.
▪ Қақсал ағаш – әбден кепкен, үй жасауға жарамды ағаш.
▪ Мор – қақсал ағашты жұмсарту (балқыту) үшін жер үстіне жасалатын пеш.
▪ Обын – үй ағашын жұмсарту үшін жер астында жасалатын пеш.
▪ Қоз – ағашты жұмсарту үшін от жағатын орын.
▪ Үйші – киіз үй жасайтын шебер.
▪ Тез – мор, обын, қоздан жұмсарып шыққан үй ағашын түзететін немесе иетін үйші құралы.
▪ Сықаурын – тездегі ағаштың қисығын жамбасқа салып түзететін өте қатты ағаш.
▪ Талқы – кепкен теріні, көнді, сіріні, ұйысқан жүнді жұмсартатын құрал (ағаштан жасалады).
▪ Көк – керегені құрайтын таспа (қайыс).
▪ Үскі – көк өткізу үшін кереге тесетін құрал.
▪ Дақтау, дембі – шеберлер термині «белгілеу» деген сөз.
▪ Борлау – түндік, туырлық төзімді, берік болу үшін ақ бормен не күйген сүйекпен қырнайды.
▪ «Түйе бел» - ши тоқитын құрал. «Ши құрғыш» деп те атайды.
▪ Үй ағаш – киіз үй үшін дайындаған, кептірген ағаштар.
▪ Сыздық – керегеге салынатын терең сызықтар.
▪ Сарнауық – керегеге сызық салатын аспап (темір).
▪ Ірге киіз – үйдің іргесінен шаң, құм, жел, суық жібермеу үшін тұтылатын киіз.
▪ Көзеу – шаңырақ қаламдығы тегістеу үшін қызған темірмен күйдіру.
▪ Уықтың ығуы немесе қыдыруы – уықтың ауытқып кетуін осылай атайды.
▪ Шалма – уықтың қыдырмауы үшін барлық уықты шалып өтетін терме бау.
▪ Тістеуік – шеге суыратын құрал (темір).
▪ Төс – жасалатын, өңдейтін темірді салып таптайтын салмақты, берік темір тұғыр.
▪ Оймақ – тігіншілердің, етікшілердің саусағына киетін ойық, темір.
▪ Тері оймақ – теріден жасалған оймақ.
▪ Қож – ұсталардың көмір салатын қалағы (сүйек).
▪ Ұршық – жіп иіретін құрал. Құрамы: қаңғалақ (яғни басы), сабы. Сабында бұрмашасы болады.
▪ Ілдіргі – тоқымашының құралы (ағаш, сүйек, темір).
▪ Пышақ – кесетін құрал.
▪ Шот – ағаш шабатын құрал.
▪ Нәскүрік – ағашты тегістеп жонатын құрал.
▪ Тігін машинасы – тігіншінің бас құралы.
▪ Іскенже – темірді қысып тұратын бұрама ауызды құрал.
▪ Миясар – өнердің (қол өнерінің) бірнеше түрін игерген шебер.
▪ Ій – иленетін терінің жүнін түсіретін (жидіретін) ащы сұйық.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал-жабдықтары. жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету