Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары

Рухани жаңғыру
Тұрмыстық, шаруашылық саймандары
▪ Құрал - сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы.
▪ Айыр – шөп үюге, жинауға арналған 3 - 4 тісті темір сапты ағаш.
▪ Күрек – темірден жасалған ағаш сапты күреу аспабы.
▪ Тоқпақ – қазық қағатын ағаш құрал.
▪ Керме – ат байлайтын керме арқан.
▪ Кетпен – жер қазатын құрал.
▪ Орақ – егін оратын құрал.
▪ Бел орақ – шөп, қамыс шабатын құрал.
▪ Арба – жаз көлікке жегетін 2 - 4 дөңгелекті тасымал құралы.
▪ Шана – қыс көлікке жегетін тасымал құралы.
▪ Күймелі арба, күймелі шана – адам отыратын жабық арба немесе шана.
▪ Ат шана – жеңіл және әдемілеп жасалған шана.
▪ Мала – шөп, қамыс таситын шананың бір түрі.
▪ Қорап – шыбықтан тоқылған шанаға салып зат т. б. таситын құрал.
▪ Мосы – шәйнек іліп отқа қоятын үш аяқты мүлік.
▪ Темірошақ – қазан асатын үш үш аяқты темір мүлік.
▪ Жер ошақ – жерден қазылып қазан асатын орын.
▪ Диірмен – ұн тартатын тас құрал.
▪ Еркек тас – диірменнің астыңғы беті.
▪ Ұрғашы тас – диірменнің үстіңгі беті.
▪ Шүлдік – еркек тас ортасындағы кіндік, темір.
▪ Бақалақ – ұрғашы тастың кіндік кіретін ағаш қалағы.
▪ Иінағаш – иыққа салып су таситын мүлік.
▪ Көсеу – от көсейтін темір.
▪ Шімшуір – шоқ ұстайтын темір құрал.
▪ Тұтқыш – қол күймес үшін қазан құлағын ұстайтын киіз қалта.
▪ Қоржын – жолаушының ат артына бөктеретін, керек - жарағын салатын қос қалталы бұйым.
▪ Қанар – жүн салатын үлкен қапшық.
▪ Сүймен – мұз оятын құрал.
▪ Қалжуыр – үш қармақты темір.
▪ Шот – ағаш шабатын үй құралы.
▪ Шотаяқ – шөп суыратын құрал.
▪ Жады – малға құрақ, сабан, жүгері турап беретін құрал.
▪ Келі – тары түйетін құрал.
▪ Келісап – келі ішіндегі тарыны түйетін құрал.
▪ Сақар – қурайды өртеп алатын тұнба.
▪ Сабын (кір сабын) – сақарға мал майын араластырып қайнатып жасайтын кір кетіргіш қосынды.
▪ Бұзаушық – кішкене сабын.
▪ Алқынды – сабынның әбден жұқарған қалдығы.
▪ Ау – балық аулайтын құрал.
▪ Қаза – қамыстан тоқып балық аулайтын құрал. Оның екі жақ басында балық тұратын қоржыны болады.
▪ Сүзекі – қазадағы балықты сүзіп алатын торкөз.
▪ Қармақ – балық аулайтын құрал.
▪ Жұтпа – балықты тірі шаншып шортан аулайтын қармақ.
▪ Қайық – өзеннен өтуге немесе жазда аудан балық алу үшін жасалған құрал.
▪ Қақпан – аң аулайтын темір құрал.
▪ Тұзақ – сымнан немесе қылдан жасайтын аңшы құралы.
▪ Ара, балға, балта, тістеуік – тұрмыс құралдары.
▪ Инелік – ау тоқитын құрал (ағаш).
▪ Кісен – ұры алмас үшін ат аяғына салынатын құлыптың бір түрі.
▪ Шошала – артық зат, құрал - жабдық қоятын үйшік.
▪ Насыбай тостаған – насыбай үгетін ыдыс.
▪ Үккіш – насыбайды үгетін шоқпар.
▪ Жайнамаз – намаз оқитын жайма, төсеніш.
▪ Тәсбиық (тәшбиық) – мұсылмандардың намаздан кейін мінәжәт ететін моншақ, тізбегі.
▪ Оқтау – қамыр ысатын жұмыр ағаш.
▪ Нантақтай – қамырды илейтін және оқтаумен ысатын тегіс, жалпақ тақтай.
▪ Диірмен тері – диірмен астына төсейтін төсеніш.
▪ Елеуіш – ұн елейтін дөңгелек жиекті, тор көзді дүние.
▪ Қайрақ – пышақ, балта қайрайтын тас.
▪ Түбіттарақ – түбіт түтетін темір тісті ағаш құрал.
▪ Қап, қапшық – бұйым салуға арналған жүннен, қалың матадан жасалған бұйым.
▪ Қырғыш – ыдыс түбіндегі қаспақтарды қыратын темір.
▪ Сүйретпе – екі басын ат арқасына салып, зат сүйрететін ағаш құрал. Оған адам да отырады.
▪ Орындық – адам отыратын отырғыш.
▪ Орындық – саба, мес астына қоятын төрт аяқты мүлік.
▪ Оттық – от шығаратын күкіртті зат.
▪ Шақпақ тас – бір - біріне шағып от шығаратын тас.
▪ Жаңғырық – ағаш шапқанда астына қоятын дөңбек.
▪ Істік – піскен етті қазаннан түйреп алатын қатты ағаштан, аршадан, тобылғыдан жасалған сүйрік.
▪ Күрсі – кітап оқығанда астына қоятын орындық.
▪ Сүлгі – жуынғанда сүртінетін түкті мата (орамал).
▪ Орамал – қол сүртетін, жуған ыдыстарды жуған ыдыстарды сүртетін мата.
▪ Майлық – майлы, кірлі заттарды сүртетін шүберек.
▪ Алмас – шыны кесетін құрал.
▪ Пышақ – тамақ, зат т. б. кесетін аспап.
▪ Лөкет – мал соятын үлкен пышақ.
▪ Бәкі – қалтаға салып жүретін мүлік.
▪ Қын – пышақ салып жүретін мүлік.
▪ Ұстара – сақал - мұрт, шаш алатын өткір құрал.
▪ Сыпырғыш – ірі құс қанатынан немесе шілік, жусаннан буып жасалған үй сыпыратын мүлік.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары. жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Үй жиһаздары

Үй жиһаздары

Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние, мүліктердің жалпы атауы. Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою - өрнекті ағаш....
Киіз үйдің ішкі көрінісі

Киіз үйдің ішкі көрінісі

Халықтың мәдени – тұрмыстық салтының бай қазынасымен білімді тереңдету; халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу; үйдің ішкі көрінісімен танысу; кілем...
Шекімелеу әдісі

Шекімелеу әдісі

Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ерте заманда біздің ата - бабаларымыз шекімелеу арқылы үй - жихаздарын,...
Қазақ халқының қолданбалы өнері

Қазақ халқының қолданбалы өнері

Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету