Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Рухани жаңғыру. Ұлттық киім-кешектер

Рухани жаңғыру
ҰЛТТЫҚ КИІМ - КЕШЕКТЕР
▪ Киім – адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым.
▪ Тымақ – аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім.
▪ Бөрік – жиегіне аң терісін салған бас киім. Оны ерлер де, қыздар мен жас келіншектер де киеді. Төбесіне үкі қадап, сыртын әшекейлейді.
▪ Бөкебай – түбіттен тоқылған әйелдердің бас киімі.
▪ Тақия – қыздардың үкілеген, әсем тағымдар тағылған бас киімі.
▪ Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі.
▪ Қалпақ – ер адамның киетін бас киімі.
▪ Төбетей – төбеге киетін шағын бас киім (жаздық).
▪ Құлақшын (малақай) – қыстық бас киім.
▪ Жалбағай – малшылардың жаздық бас киімі.
▪ Сәукеле – ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі.
▪ Сәлде – молданың басына орай салатын киім.
▪ Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата.
▪ Жыға – дулығаның немесе бас киімнің желке тұсына мойынға су кетпеу үшін тағылған қалың мата.
▪ Күлапара – бас киімнің сыртынан су немесе қар түспес үшін қаптай киетін киім.
▪ Күндік – жаулықтың бір түрі, егде әйелдер басына орай тартады.
▪ Жаулық – тұрмыстағы әйелдердің басқа тартатын киімі.
▪ Кимешек – әйелдердің басын, иығын жауып тұратын киім.
▪ Біртартар – басқа тартатын орамал (әйел).
▪ Шалма – түбіттен тоқылған ерлердің мойынсалғышы.
▪ Шәлі (салы) – әйелдердің басқа тартатын шашақты, сәндік орамал. Тоқуына қарай «бөртпе шәлі» деп те атайды.
▪ Жейде – іштен киетін ерлер киімі.
▪ Көйлек – әйел киімі.
▪ Киіт – құдалыққа ұсынатын киім, бұйым (кәде).
▪ Күрте – ерлердің жейде сыртынан киетін жұқа киімі.
▪ Кеудеше – жылылық үшін кеудеге киетін жеңсіз.
▪ Бешпет – ерлердің жазда киетін сырт киімі.
▪ Шапан – тізеден төмен түсетін қалың сырт киім. Қаптал шапан, қималы шапан, сырмалы шапан деген түрлері бар.
▪ Қамзол – әйелдердің көйлек сыртынан киетін киімі.
▪ Шекпен – су өтпес үшін киетін сырт киім. Ең бағалысы түйе жүнінен тігіледі.
▪ Жақы (құлын жақы, тай жақы) – жылқы терісін, жүнін сыртына қаратып тігетін кәделі киім.
▪ Жадағай – түйе жүнінен тоқылған астарсыз шапан.
▪ Тоң – аң, мал, қой терілерінен тігілетін жылы киімдер. Оның бірнеше түрлері болады. Мысалы, қырмызы тон, қамқа тон т. б.
▪ Тұлып – қыста тоңбас үшін киім сыртынан киетін кең киім. Қасқыр, қой терісінен тігеді.
▪ Ішік – қыста киетін сәнді киім. Аң терілерінен тігіледі. Сондықтан олардың қасқыр ішік, бота ішік, түлкі ішік, жанат ішік, күзен ішік, құндыз ішік, қоян ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішік т. б. түрлері болады.
▪ Күпі – ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі.
▪ Кебенек – жауынды, боранды күні киім сыртынан киетін су өтпейтін киім.
▪ Белдемше – үй шаруасына белден байланатын алжапқыш. Ертеде осылай аталатын әйелдердің сәндік көйлектері де болған.
▪ Белбеу – киім сыртынан буынатын былғарыдан жасалатын бұйым. Мата белбеу де болады.
▪ Шалбар – ерлердің балақты іш киімі.
▪ Дамбал – ұзын балақты іш киім.
▪ Лыпа – балақсыз іш киім.
▪ Жарғақ шалбар – тықыр теріден тігілген шалбар.
▪ Тері шалбар – қыста жүнін ішіне қаратып тігілген шалбар.
▪ «Иткөйлек» - жаңа туған нәрестеге кигізетін жөрмеп тіккен көйлекше.
▪ Етік – былғарыдан тігілетін қонышы ұзын аяқ киім.
▪ Саптама етік – байпақ салып киетін қысқы етік.
▪ Байпақ – етік ішінен киетін киізден тігілген аяқ киім.
▪ Жым етік – өкшесі аласа қисық табан етік.
▪ Шоңқайма етік – еркекке де, әйелге де арналған биік өкше түрлі - түсті жіппен әдіптелген сәнді етік.
▪ Ұлтарма – жұмысқа киетін оңай тігілетін етік түрі.
▪ Кебіс – былғарыдан қонышсыз тігілетін аяқ киім.
▪ Мәш (мәсі) – кебіспен киетін қонышты, өкшесіз аяқ киім.
▪ Шоқай етік – жұмысқа киетін аяқ киім.
▪ Ұлтарақ – аяқ киім ішіне жылылық үшін салынатын киіз.
▪ Шұлық – жалаң аяққа киетін жүннен тоқылатын киім.
▪ Шәрке – жазда киетін жұқа аяқ киім.
▪ Сандал – үсті ашық жаздық.
▪ Шұлғау – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын жұмсақ мата.
▪ Пима – жүннен басылған жылы, қыстық аяқ киім.
▪ Қолғап – қолға киетін киім (қыста немесе жұмыста).
▪ Түйме – киім өңірін қаусырғанда бекітетін бұйым.
▪ Құрысқақ – тымақ желкесін төбесіне іліп бекітетін ағаш тиек.

Әзірлеген:
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Рухани жаңғыру. Ұлттық киім-кешектер. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету