Сайтқа кіру Тіркелу

Үй жиһаздары

Ұлы Дала елі
ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ
▪ Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние, мүліктердің жалпы атауы.
▪ Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою - өрнекті ағаш.
▪ Асадал – ыдыс - аяқ қоятын жәшік.
▪ Абдыра (әбдіре) – зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.
▪ Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.
▪ Сандық ап – көшкенде қажалмас үшін киізден жұмсақ қаптама.
▪ Жағлан – сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі.
▪ Жәшік – қақпақпен жабылатын, төрт аяқты мүлік.
▪ Қобдиша – сандықтың кішкене түрі.
▪ Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш мүлік.
▪ Кебеже – өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі.
▪ Төсекағаш – керует.
▪ Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киізден оюлап жасалған мүлік.
▪ Кілем – жүннен тоқылатын бұйым.
▪ Түскілем – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестелеген керегеге ілетін кілемше. «Түскиіз» деп атайды.
▪ Текемет – түрлі - түсті ою - өрнекті түр салып киізден басылатын төсеніш.
▪ Алаша – өрмекпен тоқылып, қосылатын кілемше.
▪ Шымылдық – ерлі - зайыптылардың жатарда тұсына ұстайтын ақ матадан тігілген мүлік.
▪ Көрпе – ішіне жүн, мақта салып матадан тігілген жамылғы.
▪ Төсек көрпе – адамдар астына төсейтін көрпе.
▪ Көрпеше – бір адам отыратын шағын көрпе.
▪ Сырмақ – киізден сырып жасалатын түскиіз немесе төсеніш.
▪ Талдырма – жұмсақ төсеніш киіз.
▪ От киіз – от басына, ошақ қасына төселетін кесек киіз.
▪ Тулақ – босаға жаққа төселетін мал терісі.
▪ Шыпта – ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши.
▪ Мамық – құс жүнінен жасалған жатын төсеніш.
▪ Жастық – басқа салатын құс жүнінен жасалған мүлік.
▪ Жастық ағаш – жастық астына қоятын ағаш мүлік.
▪ Бөстек – қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш.
▪ Кірсалғыш – жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілінетін матадан әшекейлеп жасаған бұйым.
▪ Боқша – кітап салатын немесе зат салатын киізден немесе қалың матадан жасалған дорба.
▪ Жүк – сандық үстіне жиналған төсек - орын.
▪ Жүкжапқыш – жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш.
▪ Шатыр – жауыннан, ыстықта күн көзінен қорғанатын жиналмалы баспана.
▪ Бесік – баланы бөлейтін қастерлі мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік жапқыш т. б. бөліктері мен бұйымдары болады.

Әзірлеген:
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Үй жиһаздары. жүктеу
Кері қайту
Ілмек сөздер: Үй жиһаздары, дүние, мүлік
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×