Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Киіз үй

Ұлы Дала елі
КИІЗ ҮЙ
 Киіз үй – негізінен киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспаханасы. Ол маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
 Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
 Алтын орда – 30 қанаттан (кереге) тұратын ханның мәжіліс ордасы.
 Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
 Ақ шанқан – 18 қанат ақ орда, 12 қанат – ел басылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
 Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
 Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үйлер.
 Боз үй, қоңыр үй – 4 - 5 қанатты орташалар тұратын қарапайым киіз үй.
 Қараша үй – кедей үйі.
 Отау – жас жұбайлар үйі.
 Жолым үй, аблайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
 Күрке, қос – ауыл да ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлердің үйлері.
 Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан - баулары деп аталатын 3 бөліктен тұрады.
 Киіздері – барлық киізден тұратын бөлшектері.
 Арқан - баулары немесе бау - шулары – құр, арқан, бау, жіптен тұратын бөліктері.
 Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады.
 Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
 Күлдіреуіш – түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек. Шаңырақ күмбезі осыдан тұрады.
 Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
 Қаламдық – уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
 Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
 Қаламы – уықтың шаңырақ қаламдығына кіретін ұшы.
 Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.
 Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
 Алақаны – уықтың кереге басына бекітілетін басы.
 Уық бау – уықты кереге басына байлайтын жіп.
 Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
 Қанат – керегені жинап біріктіруді «қанат» деп атайды.
 Желі – керегені құрайтын ағаштар.
 Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
 Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
 Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтар.
 Көз – керегенің торкөздері («тор көз», «жел көз»).
 Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.
 Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
 Босаға – киіз есік, маңдайша мен табалдырықты қосатын, керегеге байланатын берік ағаш.
 Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
 Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
 Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек.
 Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабылатын киіз.
 Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабылатын туырлық бөлігі.
 Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртына кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
 Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз.
 Түндік бау – түндік белдеуге байлайтын бау.
 Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
 Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.
 Шым ши – ою - өрнекті, жүн оралған туырлық ішінен тартылатын ши.
 Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір - біріне қосып байлайтын терме бау.
 Бас құр – кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
 Жел бау – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні оған үй шайқалмас үшін салмақ байланады.
 Балақ бау – көшкенде уықтарды қосып байлайды.
 Аяқ бау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы.
 Есік бау – киіз есік бауы.
 Тастама – киіз есіктің жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байланатын бауы.
 Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.
 Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.
 Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
 Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
 Күйеу қазық – үй сыртында іргесіне жел арқан байланатын қазық.
 Бақан – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын бір жақ басы аша ұзын ағаш.
 Жабық – туырлықтардың бір - біріне айқаса жабылатын тұсы.
 Дақтау, дембі – шеберлер термині, белгілеу деген сөз.
 Белдеу – туырлық желде көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
 Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.
 Үй тіге – киіз үйді көтеруді (құруды) халық «үй тігу» дейді.
 Үй жығу – көшер кезде үйді бөлшектеуді «үй жығу» дейді.)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Киіз үй. жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету