Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өлеңдері

Қазақ әдебиеті 7 сынып
I. Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өлеңдері (слайд№1 - 2)
II. Сабақтың мақсаты:
 1. Білімділік: Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы.
 2. Дамытушылық: ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыту барысында балалардың тілдерін дамыту.
 3. Тәрбиелік: ұлы тұлғаның өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, оқу - білімнің маңыздылығын ұғындыру. (слайд№3)

III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
V. Оқыту әдістері: Түсіндіру, сөздікпен жұмыс, мазмұндау, талдау, мәнерлеп оқу.
VI. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
VII. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: функционалды сауаттылығын жүзеге асыру мақсатында, оқушылармен сұхбаттасуы: - Оқушылармен сәлемдесу - тілдесу.
А) Кезекшімен сұқбаттасу:
- Бүгін кезекші кім?
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ әдебиеті нешінші сабақ?
- Кеше қазақ әдебиеті сабағы болды ма?
- Бір аптада қазақ әдебиеті неше рет болады?

VIII. Үй жұмысын тексеру:- Ал, балалар, сендерге алдын ала тапсырма берілген. Сендер іздену жұмысы барысында, өздерің Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаянымен танысып, бүгінгі сабаққа мазмұнын айтуға дайындалдыңдар.
- Енді өмірбаянына шолу жасайық. Кім ақынның мазмұнын айтады? (слайд№4) (Бірнеше оқушы өмірбаянын қысқаша айтып береді)

IX. Жаңа тақырып:
1.- Бүгін біз лирикалық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен - қазақ» және «Шығамын тірі болсам адам болып..» деген өлеңдерімен танысамыз. (слайд№5 - 6)
- Бұл өлеңнің қандай түріне жатады? (көңіл - күй)
2.- Ақынның өлеңіндегі мына жолдары сабағымыздың ұраны болады, (слайд№7)

X. Сөздікпен жұмыс:
 Жиһан - әлем, дүние - мир
 Надан - невежда, неуч
 Белді буу - решиться
 Толған ай - полная луна
 Асылық - лишнее
 Егес - вступить в единоборство (слайд№7)

XI. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. (слайд№10) Өлеңді талдау.
– Ақынның екінші өлеңі «Мен – қазақ»
- Қалай ойлайсыңдар бұл өлең кім туралы?
- Бұл өлең қандай сезім тудырады?
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды. Бір шумаққа талдау жасайды.

XIV Сабақтың қорытындысы:
1. Біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
 2. Қандай өлеңдерімен таныстық?
 3. Өлеңге байланысты сөздерді айтып беріңдерші.
 4. Осы өлеңдері бізді неге үйретеді?
XV. Бағалау.
XVI. Үй тапсырмасы: «Мен - қазақ» өлеңді жаттау
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Мен таулықпын

Мен таулықпын

Сабақтың мақсаты: 1. Ақынның өмірі, өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу,...
Ақұштап Бақтыгереева «Асылың, анаң - сырласың»

Ақұштап Бақтыгереева «Асылың, анаң - сырласың»

БҚО, Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна...
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...
М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»

М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров

  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету