Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Қазақ тілі 7 сынып
Тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Есімдік, Есімдік түрлерін пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық – тақырып бойынша достарымен спорттың түрлері мен сүйікті спортшылары туралы пікір алысу білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік – оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтың, жүргізуге үгіттеу. Қазақстанның белгілі спортшыларының данқын көтеру, үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке сұрақ - жауап, ой қозғау сөзжұмбақ
Пәнаралық байланысы: дене шынықтыру сабағы
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, сурет, викторина (сұрақ жауап), мәтіндер, тестік жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі
а. Оқушылармен амандасу, сабақта оқушылардың барлығын түгендеу.
Қазақ тілі - бал тілім
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін? – деп, қазақ тілі сабағымызды бастайық.
Мұғалім сөзі: балалар сендер бүгінгі сабақта бір - бірілеріңе қандай тілек тілейсіңдер.
ә. Оқушылар бір - біріне жылы лебіздерін айтады! (Никита, мен саған күннің жылуын тілеймін! Тамила, мен саған жақсы көңіл күй тілеймін!, Лаура, мен саған жақсы баға тілеймін! Владислав, мен саған жаңа белестер тілеймін! Гаяна, мен саған бақыт тілеймін! Ульяна, мен саған махаббат тілеймін, Валерия, мен саған ашық аспан тілеймін). Мұғалім сөзі: Жақсы балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді, осы қонақтарымызға қандай жылы лебіздеріңізді айтасындар! (оқушылар келген қонақтарға өздерінің жылы лебіздерін айтады).

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Үйге спортқа байланысты тақырыптар «Спорт түрлері», «Ұлттық спорт түрлері», «Азияда - 2011» (диалог жазу). Балалар мен, үй жұмысын тексермес бұрын сендерді 3 топқа бөлемін. Сол үшін балалар әрқайсың қазір келіп өздеріңе ұнайтын түсті аласыңдар (3 түс қызғылт, жасыл, сары). Осылайша балалар өздеріне ұнаған түстерін алып, орындарына отырады.
1 топ Диалог «Азияда - 2011» (Токтарова Г., Цыкунов Е., Иванова В., Кали Е., Эбель П.) қызыл
2 топ Диалог «Ұлттық спорт түрлері» (Шматова Л., Покатова У., Субыхан К., Жигулина С.) жасыл
3 топ Диалог«Спорт түрлері» (Головин В., Омакаева Л., Цуцаева Т., Серебряников Н.) сары
Үй тапсырмасын мынандай түрмен тексеремін. Әр топқа конверт беріледі, сол конверттің ішінде тақырыпқа байланысты сұрақтар болады. Әр оқушы қалаған сұрағын алып, оқып, сұраққа толық жауап береді. Үй жұмысын айтып біткен соң.
Бағалау кезеңі: Оқушылардың алдында «Бағалау парағы» жатады. Үй жұмысын айтып болған соң, мен бағалау парағына әр түсті стикерлерді жапсырып қоямын (жасыл түс – 5, сары түс – 4, қызыл түс - 3).
Балалар үй жұмысын жақсы дайындап келіпсіңдер, олай болса бүгінгі сабағымызды бастайық. Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын сендер өздерің ашасыңдар. Мына тақтаға қараймыз (тақтада 1 слайдта Бәйтерек, ту, елтаңба, әнұран + І. с жалғауы; 2 слайдта ағылшын тілінде әйгілі деген сөз жазылған; 3 слайдта спортсмендердің суреттері). Оқушылар суреттерді көре отырып бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашады. Тақырып ашылған соң мен оқушыларды ой қозғауға шақырамын. Кіріспе сұрақтары қойылады.
Кіріспе сұрақтар:
1. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
2. Қазақтың ұлттық спорт түрлерін атаңдар?
3. Жанкүйері ең көп спорт түрі
4. 2011 жылы қысқы Азиада ойындары қай елде өтті?
5. Футбол ойынының – Отаны?
6. 2011 жылы Қазақстанда өткен Азиададағы спорт түрлері?
7. Қазақстанның қандай белгілі спортшыларын білесіңдер?
9. Нешінші жылы Астана мен Алматы қаласында Олимпиада болды?
10. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт - адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді.
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл - ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т. б.
Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Бекзат Саттарханов, Денис Тен, Ольга Рыпакова т. б. Еліміз олармен мақтанады.

1. Сөздік сөздер
Тумасы - с родом
Туған, дүниеге келген – родился родилась
Мәре – финиш
Халықаралық – международный
Спорт шебері – мастер спорта
Жеңімпаз – победитель
Екі дүркін – двухкартний
Сан мәрте - многократный
Иегер – обладатель
Жерлес - земляк
Тұңғыш олимпиада чемпионы – первый олимпийский чемпион
Грек – рим күресі – греко - римская борьба
Жеңіп алған – победил
Белгілі – известный
2. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.
1. Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров, 1951 жылы 6 маусымда Жамбыл облысы, Байзақ ауылында туған. Ол Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы, грек - рим күресінің жеңімпазы. Белгілі спортшы 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының және әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.
1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды.
1984 жылы Красноярск қаласында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан рәсми түрінде шығарып салды. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар, «Қазақ еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

2. Серік Керімбекұлы Қонақбаев, 1959 жылы 25 қазанда Павлодар қаласында туған, боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010 - 2014), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице - президенті

3. Ермахан Сағиұлы Ибрайымов, 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман ауылында туған - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ибрайымов 1996 жылы Атлантада және 2000 жылы Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын көтерген мақтанышымыз, алтын медалдің иегері.
2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице - президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы;
4. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов, 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында туған. Қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының алтын медалінің иегері. 2000 жылы 31 желтоқсанында Шымкент қаласында жол апатынан қайтыс болды.
Бүгін де Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені бар. Алматы қаласында көше аты берілді. Президент Нұрсултан Назарбаев Бекзат Саттархановқа «Барыс» орденін табыс етті.

Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×