Сайтқа кіру Тіркелу

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)

Тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1. 2. 2. 1. Сурет бойынша 2 - 3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1. 2. 3. 1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1. 2. 4. 1 Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1. 5. 1. 5 Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Өзінің туған күні туралы (отбасындағы мүшелердің, достарының туған күндері туралы), айта алады, сондай - ақ сыныптасынан қай күні туғаны туралы сұрай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Туған күн туралы тақырып көлеміндегі белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:
Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың басы (2 - 5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады. Сабақтың алдында оқушыларды топқа бөледі. Топқа бөлу әрекеті былай жасалынады. Яғни мұғалімнің үстелінің үстінде қағаздың қиындылары жатады, қиындыларда ай аттары жазулы тұрады. Оқушылар орындарынан тұрып сол қиындыдан әркім өздері туған ай аттары жазулы тұрған қиындыны таңдап алады. 14 оқушы 2 топқа бөлінеді, яғни әр партаның үстінде жыл мезгілдерінің аттары жазылып тұрады. Таңдалып алынған ай аттары қай жыл мезгілдеріне жататыны арқылы оқушылар орындарына жайғасады. Осылай қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан айында туған оқушылар КҮЗ - ҚЫС тобына барып отырады, наурыз, мамыр, сәуір, маусым, шілде, тамыз айында туған оқушылар тобына отырады, айында туған оқушылар КӨКТЕМ - ЖАЗ тобына отырады. Сөйтіп мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.

Сабақтың ортасы (6 - 40 минут)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын интерактивтіға аударады. Мұғалім оқушылардың бүгінгі күннің нешесі, екенін сұрайды. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрайды. Оқушылар үйде жасаған ашық хаттарын және оған жазған тілектерін оқиды.
Бағалау топтар бір - бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аударады, енді бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушылар өздері шешу керек. Интерактивті тақтада «Адасқан әріптер» тәсілімен, бүгінгі сабақтың атауына шығу кезеңі. Оқушылар бүгінгі сабақтың Нәтиже сабақ екенін айтып. Осы ашық сабақты қорытындылай өздерінің не білгендерін, не үйренгендерін ортаға салу арқылы сабақтың пердесін ашады. 1 тапсырма яғни интерактивті тақтада суреттерді көру арқылы өз ойларын білдіреді. Мысалы, суретте балалардың туған күн мерекесін тойлап жатқаны көрсетіледі. Топтағы оқушылар жарыса шешеді. Сөздерін қайталайды, есте сақтайды, мұғалім оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді (туған күн, ашық хат, сыйлық, дастарқан, құттықтаймыз) дұрыс дыбысталуларына мән береді. Бағалау кезеңі топтар бір - бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
(МК, Ұ) 2 - тапсырма арқылы оқушылар назарын интерактивті тақтаға аудартады, тақтада жыл мезгілдері сурет арқылы беріледі, сол суретті сөзбен айту. Мысалы,
«Менің туған күнім
Осылайша жыл мезгілдерін сөзбен айтып, сөйлемді толықтырады.

Топтар бір бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
ОТ) 3 - тапсырмада сөздерді сәйкестендіру Оқушылар топ бойынша орындайды
Сөздерді сәйкестендір
ТУҒАН ---------------- БЕРЕМІН
СЫЙЛЫҚ ------------ ТУҒАН
ТІЛЕК ----------------- ҚЫЗ
МЕН ------------------ КҮН
ҚЫСТА --------------- ҚҰТТЫҚТАЙМЫН
МЕЙІРІМДІ --------- АЙТТЫМ

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады, яғни оқушылар бүгін нешесі, дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз деп дәптермен жұмысты бастатады, оқушылар тапсырманы орындау арқылы жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Туған күн сөз тіркесін тәуелдеу.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай - ақ АКТ - ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын
№ 38гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалімнің аты-жөні: Козыбаева Айнаш Урынбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бұл кім?

Бұл кім?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1. 1. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен...
Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Тыңдау - көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау; тыңдалым материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау;...
Мен және менің досым (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қаза ...

Мен және менің досым (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қаза ...

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 2. 1. 3. 1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым...
Дене мүшелері / Parts of body

Дене мүшелері / Parts of body

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында мұғалім дене мүшелерінің суреттерін көрсетеді, оқушылар, қазақша, ағылшынша жауап береді....
Зең саңырауқұлақтары

Зең саңырауқұлақтары

Мақсаты: Зең саңырауқұлақтарының тіршілігін, түрлерін, құрылысын, бір - бірінен айырмашылығын, биологиялық маңызын теориялық, практикалық тұрғыдан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×