Сайтқа кіру Тіркелу

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

21 ақпан- Халықаралық ана тілі күні
Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті
« Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз-ол тіліміз.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай тіл. Бұл сөзіміздің растығын кезінде шығыстанушы, этнограф В.В. Радловтың сөзіне аңғаруға болады: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұраққа жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді». Бұл тұрғыда кезінде ұлы Абай да:

Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ата тіліне таңырқап, жоғары баға берген. Сол себепті де өз ана тіліміздің қадір-қасиетін бағалай отырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа қаймағы бұзылмаған саф таза күйінде жеткізу - барша адамның парызы.

Ана тіл туралы қанатты сөздер:
Тілін білмеген түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады.

Ғабит Мүсірепов
Қазаққа сөз дарыған,
Бір сөз үшін семіріп,
Бір сөз үшін ауырған...
Асан Қайғы

Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы - елдің елдігін, жұртшылығын, мәдениетін, жауынгерлік дәстүр - мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөздің дәлелді мөлшері.
Бауыржан Момышұлы

Қазақ тілінің байлығы-қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білу керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
С. Аманжолов
Қазақ халқы тіл өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қонар жайсаңы да біздің қазіргі өміріміз.
М. Балақаев
Тіл- өмірмен өзектес жанды құбылыс.
Рабиға Сыздықова, ғалым

Түркі тілдерінің ішіндегі ең суретшіл, образды тіл-қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
С.Е. Малов
Қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар-шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті- аса бай әрі жан-жақты.
П.М. Мелиоранский

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×