Сайтқа кіру Тіркелу

Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты.
2. 1. 5. 1 Тыңдау - көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау;
2. 2. 5. 1 тыңдалым материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау;
2. 4. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған материалдары бойынша сөз тіркестерін жазу;

Сабақ мақсаты.
Барлық оқушылар:
Сүйікті пәндер туралы айтады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып бойынша сипаттау үлгілерін біледі, оны сөйлесу барысында орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
Сабақта үйренген сөйлеу/сөйлесу үлгілерін күнделікті өмірде еркін қолдана алады.

Жаңа сөздер: есеп шығару, тақпақ жаттау, жаттығу орындау, ереже жаттау, есеп шығару.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақтың басы
(2 - 5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сыныпты 3 топқа бөлу: сурет сабағы, дене шынықтыру пәні, қазақ тілі пәніне байланысты суреттермен топтасады.
Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы
(6 - 40 минут)
(Т) «Төртеуі үйде, біреуі далада» стр. арқылы мәтінмен жұмыс.
Әр топ мәтінін оқиды, талдайды. Сұрақтар құрастырады.
Әр топтан бір баяндамашы шығып, басқа топтарға түсіндіреді.
Топтар бір - біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

1 - топ: Сурет сабағында
Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ. Қоңырау соғылды. Бірінші сабақ - сурет сабағы. Менің сүйікті пәнім - сурет сабағы. Мұғалім бізге пейзаж туралы айтты. Оқушылар сабақта күздің суретін салды. Мен алтын күзді салдым. Жерге түскен жапырақтарды сары, қызыл, қызғылт - сары түске боядым. Менің суретім әдемі шықты.

2 - топ: Қазақ тілі пәні
Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ. Екінші сабақ - қазақ тілі сабағы. Сабақта біз қазақша сөйлейміз. Мұғалім сөздікпен таныстырды. Біз жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырдық. Сөйлемдерді дәптерге жаздық. Досым екеуміз қазақша диалог құрастырдық. Маған қазақ тілі сабағы ұнайды.

3 - топ: Дене шынықтыру пәні
Мен мектепке келдім. Бүгін бес сабақ. Үшінші сабақ - дене шынықтыру сабағы. Сабақ спортзалда өтеді. Сабақта біз жүгіреміз, жаттығу жасаймыз. Оқушылар екі топқа бөлініп, жарыс болады. Біз секіртпемен секіреміз, доппен ойнаймыз. Дене сабағы өте қызықты өтеді.
ҚБ. Оқушылар стикерге қай баяндамашының айтқаны жақсы шықты, соны жазады.

(ЖЖ) Суретпен жұмыс арқылы диалог құрастыру.
- Сәлем, Дария!
- Сәлем, Алдияр!
- Саған қандай пәндер ұнайды?
- Маған математика пәні, қазақ тілі, сурет пәні ұнайды.
- Неге?...
- Ал саған қандай пәндер ұнайды?...

(МК, Ұ) Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Сабақтың соңы
(41 - 45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой - пікірлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат.
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:

БҚО, Атырау қаласы, №17 мектеп – лицейінің
қазақ тілі пәні мұғалімі
Мұхтарова Жанар Төленқызы

Сабақтың толық нұсқасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бұл кім?

Бұл кім?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1. 1. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен...
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сурет бойынша 2 - 3 сөйлеммен өз ойын білдіру....
Дене шынықтыру КТЖ. 2 сынып

Дене шынықтыру КТЖ. 2 сынып

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2 сынып, жылына 102 с, аптасына 3 cағат Дене шынықтыру пәні бойынша жоспар...
Мен және менің досым (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қаза ...

Мен және менің досым (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қаза ...

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 2. 1. 3. 1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым...
Дене мүшелері / Parts of body

Дене мүшелері / Parts of body

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында мұғалім дене мүшелерінің суреттерін көрсетеді, оқушылар, қазақша, ағылшынша жауап береді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×