Сайтқа кіру Тіркелу

Мен және менің досым (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

Тақырыбы: Мен және менің досым
Сыныбы: 2
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
2. 1. 3. 1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру
2. 3. 4. 1 мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру
2. 4. 1. 1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу.
Тірек сөздер: Дәмхана, саябақ, салмақты, қызықты.
Қажетті ресурстар: Сюжетті суреттер, презентация, АКТ, үлестірмелі парақшалар, қиынды суреттер.

Сабақ мақсаты.
Барлық оқушылар:
• Мәтінді тыңдайды, мәтін желісі бойынша оқиға картасын жасайды. Жаңа сөздерді дұрыс айтады, Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырып бойынша сұрақ қою үлгілерін біледі, оны сөйлесу барысында орынды қолдана алады. Мәтін мазмұнын өз сөзімен айта алады.
Кейбір оқушылар:
• Сабақта үйренген сөйлеу/сөйлесу үлгілерін күнделікті өмірде еркін қолдана алады.
Жоспар
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс
Сабақтың басы
(2 - 5 минут)
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы
(6 - 40 минут)
(МК, Ұ) Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Оқушылар шеңберге тұрып, амандасады:
Аманбысың, Алтын күн,
Аманбысың, көк аспан,
Аманбысың, Жер - ана,
Аманбысың, достарым,
Сендерді көріп, қуанам!

Сыныпты жасыл, қызыл, сары түсті стикермен 3 топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Достық» туралы интербелсенді тақтанадан бейнефильм көрсету.
Сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу.
1. Не туралы көрдіңдер?
2. Али мен Аяна кімдер?
3. Олардың тағы қандай достары бар?
4. Бүгін не туралы әңгімелейміз?

(МК, Ұ) «Мотор» ойыны арқылы сөздікпен танысу.
дәмхана – столовая
саябақ – парк
қызықты – интересный
салмақты – серьезный
ақылды - умный

(МК, Ұ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі кездескен жаңа сөздердің астын сыз.
Мен және досым
Менің атым - Руслан. Менің досым бар. Оның есімі Алихан. Ол өте ақылды, салмақты, көңілді бала. Екеуіміз уақытымызды бірге өткіземіз. Таңертең мектепке бірге барамыз. Мектептен соң дәмханадан тамақ ішеміз. Одан соң саябақта ойын ойнаймыз. Сенбі күні киноға бірге барамыз. Мен досыммен уақытты қызықты өткіземін.

(Т) Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
1.«Оқиға картасы» стратегиясы бойынша мәтінді мазмұндау.
(Әр топқа мәтін бойынша сюжетті суреттер ұсынылады. Сол суреттер арқылы А3 қағазына оқиғаны рет - ретімен баяндап, желімдейді).

2. Сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша Топтар бір - біріне сұрақтар қояды.

3. Мәтінді өз сөзімен айтып беру.
Формативті бағалау. Стикерлер беру.

(ЖЖ) Диалогті оқы, ұқсас диалог құрастыр.
Тақта алдына шығып, айту.
- Сәлем, Нұржан
- Сәлем, Исабек.
- Сенің досың бар ма?
- Иә, бар. Оның есімі - Ануар...
Формативті бағалау. Оқушылар бірін - бірі бағалайды. «Бас бармақ» стратегиясы.

(Ө) Тірек сөздерді қолданып «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Тірек сөздер: досым, ақылды, салмақты, көңілді, бірге барамыз, дәмхана, ойын ойнаймыз, сенбі күні.
Менің атым - _____. Менің _____ бар. Оның есімі - _______. Ол - _______, _______, _______.
Біз мектепке _______. _______тамақ ішеміз. Саябақта _______. _______ киноға барамыз.

Үйге тапсырма: Өз досы туралы әңгіме айту.

Сабақтың соңы
41 - 45 минут
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақты қаншалықты меңгергені тексеріледі. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой - пікірлерлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:

БҚО, Атырау қаласы №17 мектеп – лицейінің
бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімдері
Габдижалел Арайлым Габдижалеловна және
Мұхтарова Жанар Төленқызы

Сабақтың толық нұсқасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау....
Бұл кім?

Бұл кім?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1. 1. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен...
Ұлттық тағамдар. Мәтін

Ұлттық тағамдар. Мәтін

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1. 1. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтау. 1. 3. 7. 1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем...
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сурет бойынша 2 - 3 сөйлеммен өз ойын білдіру....
Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Тыңдау - көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау; тыңдалым материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×