Сайтқа кіру Тіркелу

Ас, тағам, сусын және тамақ туралы жұмбақтар

Азық - түлiк және тамақ түрлерi туралы жұмбақтар
Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. (Таба, нан)

Үсті темір, асты темір, Ортасын ал да кемір. (Таба, нан)

Былқ - былқ, былқ семіз, Қабырғасы жоқ семіз. (Қамыр)

Алға жайып тұз - дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды. (Дастархан)

Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)

Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм пiседi тамаша. (Таба нан)

Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (Пияз)

Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты. (Тұз)

Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн. (Тұз)

Көлiкпен түздiң,
Ащы тас сүздiм. (Тұз)

Түсi аппақ,
Тысы қатты - ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi - ақ. (Жұмыртқа)

Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп. (Жұмыртқа)

Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр. (Жiлiк майы)

Аппақ су – дәмi тәттi,
Iшсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты. (Қымыз)

Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын. (Саба)

Бір құдықтың екі алуан суы бар - ды,
Қайнатса оның суы мұз болады. (Жұмыртқа)

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен? (Шай)

Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар? (Кесе, шай)

Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып - тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ. (Қымыз, саба, піспек)

Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. (Тұз)

Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай. (Қант)

Бір қазанның ішінде екі түрлі ас. (жұмыртқа)

Сылдыр сұйық, ағады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт)

Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты. (Емшек сүті, бес саусақ)

Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан. (Айран)

Әрі сусын, әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі. (Қымыз)

Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай - ақ домалақ. (Құрт)

Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.(Көже мен шөміш)

Кішкентай құдығымның суы тәтті. (Жіліктің майы)

Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай. (Жіліктің майы)

Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді,
Дәмі аузынан кетпейді. (Ана сүті)

Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.(Тоң май)

Алтын алдым жапырақ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған. (Өсімдік майы)

Аппақ қардай,
Дәмі балдай. (Балмұздақ)

Қол ауызға берді,
Ауыз жауызға берді,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.(Ішкен тамақ)

Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
"Құраннан” бір жас үлкен немене екен?(Нан)

Мал киiмi ысталған,
Дәмi дәмдi ұсталған. (Мес)

Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ. (Айран)

Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар. (Балмұздақ)

Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi. (Науат)

Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлiң қанады,
Iшсең құйып. (Сүт пен Айран)

Ең мықты дәрi,
Жұрттың бәрi.
Аусап iшер,
Бал татыр дәмi,
Ненiң нәрi. (Шұбат)

Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген? (Құрт)

Мал төлдеп,
Әр ауыл
Пiсiрдi ақ бауыр. (Уыз)

Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң? (Араның балы)

Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып. (Су)

Бiр жансыздың қаны бар,
Тiл үйiрген дәмi бар.
Шөлдесең iш, қанып ал. (Кесе мен Шай)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×