Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жұмбақтар жауаптарымен

Арықтың ең терең жері белге дейін келетін. Ал аяқ тобыққа дейін балшыққа бататын. Қатты жауын жауған соң су деңгейі көтеріліп, әлгі ең терең жердің суы мойынға дейін келетін болды. Бірақ аяқтар балшыққа батпайтын болды. Аяқтар неліктен балшыққа батпай қалды?
Су көтерілгенде судың денені көтеру күші көбейеді. Сондықтан денені балшыққа батыратын қысым азаяды.

Темір ұстасына әр қайсысы үш алқадан тұратын бес шынжыр беріледі. Бұларды бір тұтас қылып біріктіруін айтады. Темірші төрт алқаны ашу арқылы бес бөлікті біріктіруді ұйғарады. Қалай ойлайсыздар одан да аз алқаны ашу арқылы бір тұтас қылып біріктіруге бола ма?
Бір шынжырдағы үш алқаны шешу арқылы қалған төр шынжырды біріктіруге болады.

Ұлымен серуендеп келе жатқан кісіге көптен көрмеген танысы кезігеді. Әңгіме барысында танысы қанша бала - шағаң бар деп сұрайды. Әлгі кісі мына ұлымның әпкелері мен ағаларының саны бір - біріне тең. Ал ең үлкен қызымның сіңлілерінің саны інілерінің санынан екі есе аз деп жауап береді. Сонда қанша ұл қанша қызы бар?
4 ұл және 3 қызы бар.

12 қабатты үйде лифт бар. Үйдің 1 қабатында 2 адам, 2 қабатта 4 адам тұрады. Жоғарылаған сайын адам саны осылай екі есе арта береді. Сұрақ қай қабаттағы лифттің шақырғыш түймешесі ең көп басылады?
Бірінші қабаттың түймешесі көп басылады. Өйткені барлық тұрғындар үйіне көтерілу үшін бірінші қабаттағы түймені басады.

Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7. 30, ал балабақшаға келгенде 7. 35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады?
Мешіт пен балабақша арасы, жолдың 1: 3 – 1: 4 = 1/12 - і. Мұрат бұл ара - қашықтықты 5 минутта жүріп өткеніне қарағанда, жолдың толығын 12х5=60 минутта жүреді. Демек үйден 7: 15 - те шығып, мектепке 8: 15 - те барады.

Көл бетіндегі өсімдік
Көлдің бетінде кең жапырақ жаятын ғажайып өсімдік пайда болды. Бұл өсімдік күнде екіге бөлінеді де сол екі бөлік бұрынғы қалпынша қайта үлкейе түседі. Осылайша көбейе келе 30 күнде көлдің бетін толық жауып қаптап алды. Егер бастапқыда осындай өсімдіктен 2 дана болғанда көлдің бетін толығымен қанша күнде қаптар еді?
29 күнде.

Әке мен бала
Әкесі мен баласының жастарының қосындысы 66. Әке мен баланың жасының сандары бірдей сандардан тұрады, бірақ керісінше, яғни қарама қарсы орналасқан. Сұрақ әке мен баласының жастары қаншада?
Үш түрлі бар. 60 + 06, 42 + 24 және 51+15.

Мысық пен тышқан
Тышқан қабырғадағы тесіктен 20 қадам ұзақта. Мысық тышқаннан 5 аттам ұзақтықта. Мысық бір аттағанда тышқан 3 қадам баса алады. Мысықтың бір аттағаны тышқанның 10 қадамымен бірдей. Мысық тышқанды ұстай ала ма?
Ұстай алмайды. Мысық 5 рет аттағанда тышқан 15 қадам өткен болады. Мысық 6 рет аттағанда тышқан 18 қадам басады. Тышқан тағы да 2 қадам басумен тесікке кіреді. Ал мысық әлі соңғы аттамының тек 2/3 - ін ғана өткен болады.

Зеректік жұмбағы...
1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6,?. Мына сандар бір реттілік бойына жазылған. Сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі тиіс?
11

Аяғы бар жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді.
Бағдаршам

Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді.
Молекула

Пырылдап көкте инелік,
Инелік емес үй делік.
Тікұшақ

Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл?
Көктем

Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ.
З әрпі

Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Балық

Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ.
Х әрпі

Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ.
Ң әрпі

Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.
Су

Екі шырақтың арасында бір өзім.
Мұрын

Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді,
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі.
Жапырақ

Үстіндегі көйлегі
Түрлі-түсті не керек,
Қызықтырар көргенді.
Мұның аты.......
Көбелек

Айбарлы түрлі бар,
Қанжардай тісі бар,
Тұма бойында
Тасыған күші бар
Күжірейген жалды.
Білсең айт бұл аңды.
Арыстан

Тарғыл–тарғыл тас па,
Тастан бірақ басқа
Мекені қамыста,
Бұл саған таныс па?
Жолбарыс

Бейқам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
Қасқыр

Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Қоян

Асан мен Үсен алаңды айнала жүгіріп жаттығу жасауда. Асан бір айналымды 7 минутта, ал Үсен 5 минутта бітіруде. Жүгіруді бірге, бір жерден бастаған болса, қанша минуттан кейін Асан мен Үсен қайта бір қатарға келеді?
35 минуттан кейін. Асан 5, ал Үсен 7 айналым бітіргенде.

Қолымдағы гүлдердің екеуін санамағанда барлығы раушан, тағы екеуінен басқасының барлығы қалампыр, тағы екеуін есептемегенде барлығы лалагүл. Менің қолымда қанша гүл бар?
3 гүл

Зеректік жұмбағы...
Көп балалы отбасы
Бір көп балалы отбасы 1,5 жыл аралық пен 15 бала-шағалы болған. Ең үлкен баласы, ең кішкентай баласынан 8 есе үлкен болғандығына қарағанда бұл екеуінің жасы нешеде?
Үлкен баласы 24, ал ең кішкентай баласы 3 жаста

Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Күз

Зеректік жұмбағы. Сандар:
1, 2, 4, 7, 28, 33, ?
Жоғарыдағы сандар қандай да бір ретпен тізілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан келуі тиіс?
Сұрақ белгісінің орнына 198 саны келуі тиіс. Себебі:
1+ 1 = 2
2 x 2 = 4
4 + 3 = 7
7 x 4 = 28
28 + 5 = 33
33 X 6 = 198


Құйсаң шығар гүл өсіп,
Қатады қыста сіресіп.
Су

Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?
Ең бастапқыда “у” алма бар еді делік. [(2y - 8) x 2 - 8] x 2 - 8 = 0 теңдеуін құрып есептегенде у=7 шығады.

Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?
9/6х5=7,5 минут

3 Мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса, 6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды?
3 минутта

50 пәтерлік ғимаратта тұратын баладан сыныптас досы қаншасыншы пәтерде тұратынын сұрайды. Оған: «Пәтерімнің нөмірі ондық саннан тұрады, бірінші саны екіншісінен үлкен, екеуінің қосындысы бес, ал айырмасынан шыққан санның квадраты 9, қаншасыншы пәтерде тұратынымды тауып көрші» дейді. Сонымен қай пәтер?
41 пәтер.

Бір, үш, бес, сегіз, он үш, ?
Жоғарыдағы сұрақ белгінің орнына қандай сан болуы керек?
Бір, үш, бес, сегіз, он үш,? тізімдегі сөздерде “бір” сөзінен кейінгілері, өзінен алдын қанша әріп тұрғандығын көрсетеді. Демек жауап: он жеті (17)

Ертеде бір жолаушы келе жатып, бәйгеге жиналған бір топ салт атты мен осы қызықты тамашалауға келген ауыл жұртын көреді. Жиналғандарына біраз уақыт болғанмен, бәйгешілердің бірі орнынан қозғалар емес. Жолаушы мұның мән-жайын сұраса, байдың қызы «аты бәйгеде ең соңында келген жігітке шығамын» деп шарт қойыпты. Сонда жолаушы қыздан үміті бар жігіттердің жанына келіп, әлденені айтқан екен. Сол-ақ екен жігіттер орындарынан шаба жөнеліпті.
Жолаушы жігіттерге қандай кеңес берді?
«Аттарыңды ауыстырып шабыңдар» деді.

Ертеде бір адам үш баласын шақырып алып: «Жасарымды жасадым, ендігі қалған малымды бөліп алыңдар. Малымның екіден бір бөлігін, үлкен ұлым, сен ал, үштен бір бөлігін ортаншы ұлым алсын, алтыдан бір бөлігі кенжеме қалсын» деп, о дүниеге аттанып кетіпті. Әкелерін қойып, жетісін, қырқын берген соң, ұлдары малды бөліп алайын десе, қойдың саны – 17 екен. Ол екіге де, үшке де, алтыға бөлінбейтін екен. Не істерлерін білмейді. Осы кезде жандарынан бір қойын жетектеген шаруа өтіп бара жатады. Оны тоқтатып алып, жігіттер жәрдем сұрайды. Шаруа көп ойланбай-ақ, малды үшеуіне әкелері айтқандай бөліп беріпті.
Шаруа бұл есепті қалай шешті?
Өзінің бір қойын қосқанда, малдың саны 18 болады, оның екіден бір бөлігі – 9, үштен бір бөлігі – 6, екіден бір бөлігі – 2. 9+6+2=17. Өзінің қосқан қойын алып, шаруа кете барыпты
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету