Сайтқа кіру Тіркелу

Excel - дің графикалық мүмкіндіктері

Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды Excel - дің негізгі графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру және құрылған кестеге диаграмма тұрғызуды үйрету;
Тәрбиелік: оқушыларды біліми белсенділікке, Excel бағдарламасын сауатты пайдалануға тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың компьютерлік бағдарламалар туралы түсініктерін, электронды кестені қолдану дағдыларын дамыту;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, компьютер, сұрақ - жауап карталары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу;
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру;
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру;

ІІ. Үй тапсырмасы: 3 мин
Оқушыларды өткен тақырып «MS Excel» бағдарламасы бойынша білімдерін сынау мақсатында сұрақтар қойылады.
1. MS Excel бағдарламасы қандай жұмыс жасауға арналған?( сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған MS Office – тің құрамына кіретін программа)
2. Электрондық кестені кім ойлап тапты?( 1979 2 экономист студент Дән Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті.)
3. Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде неше парақ ашылады?(1, парақ, 2 парақ, 3 парақ деген атпен жаңа құжат ашылады)
4. Баған қандай әріптермен белгіленеді, және неше әріптен тұрады?(латын әріптерімен
белгіленген, 256 латын әріптерінен тұрады)
5. Жолдың қатары нешеу?(65536 ға тең, яғни шексіз деп айтуға болады)
6. Ұяшықтағы сандарды басқа форматтарда бейнелеуге болама?(әр түрлі форматтарда жазуға болады, мысалы: теңге, проценттік түрде, ғылыми түрде)
7. MS Excel дің тағы қандай ерекшелігі бар?(кестені қағазға шығармас бұрын, алдын - ала
қарап шығу батырмасы арқылы парақ параметрлерін, шетіндегі бос орындарын анықтай
аламыз)
8. Блок дегеніміз не?( Тіркесе орналасқан ұяшықтардың аймағы).
9. MS Excel мүмкіндіктері? (формула жазу, экономикалық есептеулерді жеңілдету)
Ребус шешу(жаңа тақырыпты ашу) 1 мин

IІІ. Жаңа сабақ 13 мин
Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде
ұғынуға тырысып көрейік. Оқушылар жаңа тақырыптың мәтінің өз - ара бөліп алады.
1 - топ Диаграмма жасалу жолдары (көк түс)
Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет - ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Мысалы біз диаграмма құратын болсақ, бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен дөңгелек диаграмманы таңдаймыз.
Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

2 - топ Диаграмма түрлері (сарғыш түс)
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі өсі бар: горизонталь немесе санаттар осі және вертикаль немесе мәндер осі. Көлемдік диаграммаларды әзірлеу кезінде үшінші ось – қатарлар осі үстемеленеді. Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек.
Дөңгелек диаграммалар
Дөңгелек диаграммаға тек жұмыс парағындағы бір бағанға немесе жолға реттелген деректерді бейнелеуге болады. Дөңгелек диаграммалар бір деректер қатары элементтердің өлшемін элементтердің қосындысына шамалас түрде көрсетеді. Дөңгелек диаграммадағы деректер нүктелері тұтас дөңгелектің проценттік қатынасы түрінде көрсетіледі.
Цилиндрлік, конустық және пирамидалық диаграмма Цилиндрлік, конустық және пирамидалық диаграммаларды тік бұрышты гистограммалар үшін көзделген бірдей топтастырылған, жинақталған, үлестік және үш өлшемдік диаграмма түрлерінде пайдалануға болады, сондай - ақ, ол деректерді бірдей жолмен көрсетіп, салыстырады. Жалғыз айырмашылығы диаграмма түрлерін тік бұрыштардың орнына цилиндрлік, конустық және пирамидалық пішіндерде көрсетуі.

Сызбалар «графикалық диаграмма»
Жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді сызбамен бейнелеуге болады. Сызбалар уақыт өткен сайынғы ағымдағы деректерді көрсетуі, жалпы шкаламен салыстырылуы мүмкін және осы себептен тең уақыт аралықтарындағы деректердегі өзгерістерді көрсету үшін пайдаланылады. Сызбада санат деректері көлденең осьдің бойына біркелкі етіп орналастырылады және барлық мән деректері тік осьдің бойына біркелкі үлестіріледі. Санат белгілері мәтін болған жағдайда және оларда айлар, тоқсандар немесе қаржы жылдары сияқты аралықтары бірдей мәндер көрсетілген жағдайда сызбаны пайдаланған жөн. Бұл әсіресе, бірнеше қатар болған жағдайда керек, бір қатар үшін санат диаграммасын қолданған жөн.

3 - топ Диаграмма (жасыл)
Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай - ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы кестелік процессорлар сүреңсіз статистикалық мәліметтерді бояулы диаграммалармен, графиктермен және графикалық объектілермен (суреттермен, схемалармен) түрлендіруге мүмкіндік береді. Диаграммалар мәліметтерді графикалық ұсыну үшін арналған. Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Диаграмма – сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік берді
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекті графиктік түрде берілуі.

IV Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
I “Мәтінмен жұмыс, мағынаны тану”(жеке жұмыс) 1 мин
II “Көршіңе әңгімеле”(жұптық жұмыс) 2 мин 13 мин
III “Ойлан, бірік, бөліс”(топтық жұмыс) 4 мин
Постер қорғау 6 мин.
«Еркін микрофон» әдісі бойынша топ аралық постер бағалау.
Ал оқушылар біз Астана қаласына да келіп жеттік, ехспо көрмесінің тарихи мәліметтерін диаграмма түрінде көрсетіп берейік.

V. Практикалық жұмыс: 5 мин
I топ - 2012 жылы 22 қарашада Францияның астанасы Париж қаласында ЕХРО халықаралық бюросы бас ассамблеясының 152 - ші сессиясы барысында, жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан 103 дауыспен, ал Бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Осы мәліметтер арқылы «Дөңгелек диаграмма» құрамыз.

II топ - Көрмені өткізуді қолға алған мемлекеттер тізімі. Соңғы үш жылдық. 2015 жылы Италияда Милан қаласында «Планетаны қоректендіру, өмір үшін энергия», 2017 жылы Қазақстанда Астанада «Болашақ энергиясы», 2020 жылы Біріккен Араб Эмиратында Дубайда «Ақылды біріктіре отырып, болашақты құрамыз». Осы берілген мәліметтер бойынша «Цилиндрлік диаграмма» құрамыз.

III топ - Бүкіләлемдік ЕХРО ға қатысқан соңғы үш жылдық мемлекеттердің экспорттық жағдайы шамамен Италия 60 - 65% ға, Қазақстан 44%, Біріккен Араб Эмираты 50% екен. «Графикалық диаграмма» құрамыз.
Әр топ өз тақырыбы бойынша диаграмма құрап береді.
Бекіту:“Мен саған - сен маған”
(Әр топ бір - біріне 2 сұрақтан қояды.)
“Құпиялы жүйелік блок”

ҮІІ. Сабақты қорыту
1. Excel программасын іске қосу үшін қандай жолдарда орындалады?
А) программалар – Іске қосу
Ә) Іске қосу – стандартты – Excel
Б) Іске қосу – программалар – Excel
В) Іске қосу – программалар – Office - Excel
2. Бағана мен қатарлар қиылысу нүктесі не деп аталады?
А) ұяшық
Ә) стандартты ұяшық
Б) қатарлар
В) бағаналар
3. Excel электрондық кестесі не үшін керек?
А) мәтіндерді енгізу
Ә) сандарды енгізу
Б) есептеулерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін
В) эксперимент жүргізу үшін
4. Диаграмма құру неше қадамнан тұрады?
А) 3 Ә) 4 Б) 5 В) 2
5. Диаграмма дегеніміз?
А) мәліметтердің графиктік түрде берілуі
Ә) сандарды енгізу
Б) есептеулерді жүргізу үшін
В) эксперимент жүргізу үшін
1. В
2. А
3. Б
4. Ә
5. А

Үй тапсырмасы:
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері жайлы оқу, «Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің санына диаграмма жасау»
Бағалау 3 мин

Рефлексия: Жұмыс картасы 5 мин
Оқушының аты - жөні
1. Менің көңіл - күйім
2. Сабақтан білгенім
3. Қиындық туғызған мәселе
4. Сабақтың қызықтырғаны
5. Өзіме тілегім
6. Өзіме қоятын бағам

Қызылорда қаласы
№112 орта мектеп информатика пән мұғалімі
Әмірбекова Жадыра Нұрлыбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Диаграммаларды құру

Диаграммаларды құру

Оқушылардың MS ЕХСЕL де диаграммаларды құруды және мүмкіндіктерін пайдалануды үйрету. Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан — жақты болуға, өз...
Диаграмма мөлшерін, типін өзгерту

Диаграмма мөлшерін, типін өзгерту

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға теориялық білім нәтижелерін тәжірибемен ұштастыру. Диаграммамен жұмыс жасай білуге, оны кез - келген уақытта...
Excel кестелік процессоры

Excel кестелік процессоры

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...
MS Excel-де диаграмма құру

MS Excel-де диаграмма құру

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

MS Excel - дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы түсінік беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×